111
Шыңғыс хан ұрпағының жаугершілік дәуіріндегі Ұлы даланың әскери өнері
Оның үстіне М. В. Горелик жан-жақты атап өткендей, алыс қашықтықтағы ұрыс екі нұсқада
жүзеге асатын: біріншіден, өтірік шегінген болып, соңыра контршабуылға асатын шабуылдау
тәсілі, сол үшін олар қатар шеп түзеп немесе «жойқын күш» болып тұратын; екіншіден, «айна
-
ла соғысу» («хоровод» немесе «карусель») өте ұтымды тактикалық сап құрудан, яғни мейлін
-
ше жақын қашықтықтан және ыңғайлы тұстан – бір бүйірден алға және әсіресе – бір бүйірден
артқа жаппай толассыз садақ атуға мүмкіндік беретін тәсілден тұратын. Бұл жағдайда моңғолдар
ұшы үлкен арнайы жебелерді қолданатын. Сондықтан, моңғолдардың да негізгі тактикалық ұрыс
тәсілі – көшпелілерде кең тараған айнала жүріп соғысу еді
29
.
Екі жақ әскерінің бетпе-бет шайқасы барысында олардың сабы мен жауынгерлік тәртібінің
үйісіп (араласып) кететіні соншалық, қолбасшылар өз сарбаздарының іс-қимылын мүлде бақы
-
лай алмай қалатын жағдайға душар болатын
(қуғын туралы 3, 4 суреттерді қараңыз).
Шайқас
әбден қызған сәтте әскердің «басқарушы және бағынушы бөлігі мидай араласып кететін», – дей
-
ді ан-Насави
30
.
Өтеміс-қажының айтуынша, Құлағу әскерінің жауынгерлік тәртібінің араласып кетуі, олар
-
дың ұрыс даласынан қашуына себеп болды
31
. Тоқтамыс пен Құтлық-Бұға оғланның арасындағы
шайқаста «екі жақ әскерінің бір-бірімен тым
араласып
кетіп, мұндай жойқын соғыстан қатты қо
-
рыққан Тоқтамыс алды-артына қарамай қашып, Самарқанның (өзіне) жеткенше тоқтаған жоқ»
32
.
Қондырша өзенінің маңында өткен 1391 жылғы шайқаста «екі жақ та қоян-қолтық ұрысқа кірісіп,
бір-бірімен араласып кетті де, соғыс өртін лапылдата жақты»
33
. Темір ұрпағы Ұлықбектің әскері
-
не қарағанда жасағының саны аздығына қарамаған Барақ хан «ержүректікпен ұрысқа кірісіп
күш-қуатын көрсетті. Ұлықбек мырзаның оң және сол қанаты
араласып
кетті де, қарсылас жақ
олардың орталығын шабуылдауға көшті, нәтижесінде орталық қанаттың да сабы бұзылып»
34
,
олардың жеңілуіне негізгі себеп болды. Сөйтіп, соғысып жатқан тараптың (немесе белгілі бір
әскердің) жауынгерлік шебінің араласуы (бұзылуы) жалпы әскердің шашырауына және осыған
орай оны басшылық тарапынан шұғыл басқаруға мүмкін болмай қалатынын осы мысалдардан
көре аламыз.
Қиян-кескі ұрысты «бейнелі» суреттеген куәгерлердің сөзі шығыс дереккөздерінде де мо
-
лынан сақталған. «Олар мидай араласып кетті. Бір-бірін кескілеп соғып жатты, көкте қыран мен
қаршыға қалқып жүрді, айналаны шаң көміп, қуырылған еттің исі мүңкіді, бұл кәпірлердің бар
-
лығы тозақ отына шыжғырылған күн еді... Акуш ал-Афрам, аз-Зардакаш пен Балабан ад-Димаш
-
ки де ұрыста жүрген болатын, олардың көзсіз ерлігі, батылдығы авторлардың сөзіне, батырлар
жайында айтылатын жантүршігерлік әңгіменің өзегіне айналды. Соғыс өрті тұтанып, семсерлер
көкке көтеріліп, қан судай ақты»
35
. Ибн Арабшах былай дейді: «Дұшпан мен дұшпан кезікті,
29
Достарыңызбен бөлісу: