109
Шыңғыс хан ұрпағының жаугершілік дәуіріндегі Ұлы даланың әскери өнері
Осындай соғыстарды көзімен көрген ортағасырлық Иоанн де Плано Карпини моңғолдардың
әскери өнерін сипаттай келе, былай бөліп-жарады: «мынаны ұғуымыз керек, олар басқа жолы
қалмаған кезде ғана қоян-қолтық ұрысқа амалсыз кіріседі, әуелі адамдар мен жылқыларды жебе
-
мен жаралап өлтіреді де, содан кейін ғана ұрысты бастайды»
19
. Ц. де Бридиа бұл сөзді толықтыра
түседі: «Дұшпандарымен қоян-қолтық ұрысқа кірісер сәтте олардың көпшілігі қорамсақ пен же
-
бемен көптеп қаруланады, дұшпанның жебесі оларға жеткенше, олар ертерек өздерінің садағын
атып үлгереді, сондай-ақ олар садақтарын көздеп ата алмайды. Ал моңғолдардың жебесі [дұшпа
-
нына] сансыз қатармен атқылаған сәтте ол жебе секілді емес, толассыз төгілген жауын [секілді]
құйылатын. Мұның себебі [атылған] жебенің тым көп [нөпірмен] төгілуінен»
20
. Расында, көшпелі
халықтар ұрыс кезінде қашықтықтан жүргізілетін атты-садақты шайқас түрін ұстанатын, анығын
айтқанда ыңғай көретін, сөйте тұра олар дұшпанынан біршама алшақ тұратын еді.
1241 жылғы Тисадағы ұрыста, моңғолдар өзеннен өтіп «қалың жебені жауға жаудырды (тұ
-
манды жауында жауатын тығыз бұршақтың дүрсіліндей)», сол арқылы мажарлардың әбігерін
алды, көбісін жер жастандырып, қалған көпшілік бөлігін ауыр жарақаттады. Мұндай жойқын
ұрысты көрмеген мажарлар қатты әбігерге түсіп, тым-тырақай ретсіз соққыларды қайтарып, өліп
жатты. Біреулері көзге түспей зытып беруге талпынды, ал қу монғолдар болса оларды өз шеп
-
терінен өткізуге кедергі жасамады. Корольдің бауыры Коломан және Бела король ғана жасыры
-
нып үлгерді, ал қалғандарын татарлар қоршауға алып, бірін қалдырмай аяусыз қырып салды»
21
.
Монғолдардың мажар әскерін толықтай күйретуі мен қырып салғанынан көретініміз, олар, так
-
тикалық үстемділікке қолдан ату қаруларының шайқастағы анық басымдылығы арқасында жет
-
ті. Бұл әдіс оларға қарсыластың күшін бірден орын толмастай етіп жоюға жағдай жасап қана қой
-
май олардың рухын да қашыратын еді. Моңғолдардың жаппай ұшқан жебесінен «аңырап қалған»
мажар жауынгерлері алдын-ала дайындалған тұзаққа қарай ағыла түсіп, толықтай қырылған.
Жалпы Орталық Азия көшпенділерінің қару-жарағы туралы, оның ішінде қашықтан соғы
-
суға пайдаланатын қарудың басымдылығын айтқанда, бұл салада, монғол дәуірінде болған
сапалы жаңашылдықтарды айта кеткен жөн. Ю. С. Худяковтың пікірінше, б. з. екі мыңыншы
жылдарының басында, Орталық Азияда қолмен ату қаруларын жасауда түбегейлі өзгерістер
орын алған, яғни бұл өңірдің барлық түкпірінде үшқат құрылымды жебе ұштарын жалпақ екі
-
жақты ұш ығыстыра бастайды. Жалпақ ұшты жебелердің артықшылығы – ол қорамсаққа көп
мөлшерде сиып, ыңғайлы орналасатын еді, ал ең бастысы, көздеген жеріне тез жетуде олар
неғұрлым жылдам ұшатын. Бұл атты әскердің ұрысын қарқындатып жебенің атылуын жиілете
түсті. Өзгерістер сонымен қатар садақтың техникалық сапасы мен атты-садақты шайқастың
ұтқырлығын өсіруге де қатысты болды, сондықтан да бұл жаңашылдықтарды, «күйрете соққы
беру маңызы бойынша жаңа дәуірдегі мылтық атудан автоматты қаруға ауысқандағы нәтиже
-
мен салыстыруға болады»
22
. Түрлі типті жебе қорлары (сауыт бұзар, алысқа ұшатын және т. б.)
19
Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Рубрука / Пер. А. И. Малеина. М.: Государственное
издательство географической литературы, 1957. С. 53.
20
Hystoria Tartarorum fratri C. de Bridia. «История тартар» брата Ц. де Бридиа // Христианский мир
и «Великая Монгольская империя». Материалы францисканской миссии 1245 года / Крит. текст, пер.
с лат. «Истории Тартар» брата Ц. де Бридиа С. В. Аксенова и А. Г. Юрченко. Экспоз., исслед. и указ.
А. Г. Юрченко. СПб.: Евразия, 2002. С. 97, 124.
21
Достарыңызбен бөлісу: