110
А. Қ. Көшкімбаев
тығыз (қою) толассыз атуда және қарсыласты ылғи психологиялық үрейде ұстау үшін жеткілікті
болғанға ұқсайды.
Садақшылар жаппай жебе атып болған соң жақыннан ұрысу қаруын қолданатын болған. Мы
-
салы, «Тоқта сарбаздарының жебелері таусыла бастаған соң әскерлер бір-бірімен бетпе-бет ке
-
леді. Енді олар семсерлесіп, өлім шашты да әскер қатары сирей түсті» және «шабылған бастар
ұшып, сынған сүйектер сықырлай бастады»
23
. 1387 жылы Тоқтамыс ханның жер қайысқан әскері
Темірдің жасағы ат тұяғын іліктірген қазіргі Әзірбайжан жеріне бет түзеді. Алтынордалық жа
-
уынгерлер ең алдымен «оларға лап беріп, жебесін жауындай жаудырды да, шайқасты бастады»
немесе Шамидің жазуынша ең әуелі «жебені нөсердей жаудырды»
24
. Қондырша өзенінің маңын
-
дағы шайқаста Темірдің сұлдұс қосынының қатарын бұзу үшін Тоқтамыс жасақтары оларға «же
-
беден жауын жаудырды», одан кейін семсер мен найзаны іске қосып қарсылас әскерінің біраз
бөлігін қырып салды, бірақ қалайда олардың арасынан, яғни тактикалық шебінің өне бойынан
үлкен
қиындықпен өтті
25
.
М. И. Иванин XIX ғасырдағы қару-жарақ туралы дереккөздер мен ақпараттарға сүйене оты
-
рып, моңғол әскері күзет үшін пайдаланған (маңдайшеп) жеңіл қаруланған жасақтардан құралға
-
нын, олардың, қарсыласының аты мен жауынгерлеріне жебе ату арқылы соғысты бастауға ты
-
рысатын, бұл өз кезегінде қарсыластың сабын едәуір бұзатынын анықтаған. Осыдан кейін ғана
ауыр атты әскер негізгі соққы беру үшін ұрысқа кірісетін
26
.
Моңғол әскери өнеріне тұтас тарау арнаған Г. В. Вернадский өз еңбегінде, жеңіл атты әскер,
әскердің жетекші түрі болғанын, ал ауыр атты әскер оларды толықтырушы ретінде пайдаланылға
-
нын пайымдайды. Садақпен қаруланған моңғол жеңіл атты әскері ұрысқа алдымен кірісетін, олар
жауды үздіксіз соққылап, жиі-жиі шегіне ұрыс сала отыру арқылы қарсыласты шаршатуға тиіс
болатын. Оған қоса ұтқыр атты әскердің іс-қимылын қолбасшылар жалауша арқылы басқарып
тұратын, ал түн қараңғылығында әскерді басқару үшін арнайы жарық құрылғыларын қолдана
-
тын еді. Қарсы тарап әлсіреп рухы құлады-ау деген сәтте орталыққа немесе қанатына ауыр атты
әскер соққы беретін. Бұл шабуылдың жойқын болу керектігі сондай, кез келген қарсылықты бұ
-
зып-жарып
өте шығуы керек еді
27
.
А. Г. Юрченко моңғол тактикасын арнайы талдап, мынандай қорытындыға келген: олардың дала
майданындағы соғысы екі кезеңнен тұрған: біріншісі, садақ пен жебенің көмегімен қашықтықтан
ұрыс жүргізу; екіншісі, ағаш сапты және жүзі бар
қарулардың көмегімен шайқасу
28
.
23
История Казахстана в арабских источниках. Извлечения из сочинений ХII–ХVI веков / Отв.
ред. А. К. Муминов / Сост., перевод с араб. яз., введ., коммент. А. К. Муминова; составление указат.
У. А. Утепбергеновой. Алматы:
Дайк-Пресс, 2006. Т. III. С. 99.
24
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II): Сборник материалов, относящихся
к истории Золотой Орды. Извлечения из персидских сочинений, собранные В. Г. Тизенгаузеном и
обработанные А. А. Ромаскевичем и С. Л. Волиным / Отв. ред. М. Х. Абусеитова. Перераб. и доп. Подгот.
к нов. изд., введ., пер., комм., состав. указ. М. Х. Абусеитовой и Ж. М. Тулибаевой. Алматы: Дайк-Пресс,
2006. Т. IV. С. 298, 216.
25
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 230, 323.
26
Достарыңызбен бөлісу: