Программа «история и культура великой степи»


ШЫҢҒЫС ХАН ҰРПАҒЫНЫҢ ЖАУГЕРШІЛІК ДӘУІРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата21.11.2023
өлшемі289,74 Kb.
#192542
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ШЫҢҒЫС ХАН ҰРПАҒЫНЫҢ ЖАУГЕРШІЛІК ДӘУІРІНДЕГІ 
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘСКЕРИ ӨНЕРІ
Қарулы күштердің әскери өнерінің негізін, әскери практика барысында әскер мен оның қол
-
басшыларының алға қойған стартегиялық мақсаттар мен тактикалық міндеттерді нәтижелі атқа
-
рып шығуындағы барлық табыстары мен мүмкіндіктерінің нақты көрінісі болып табылатын
стратегия мен қатар тактика құрайды. Біз үшін Шынғыс хан жаугершілігі заманындағы Ұлы дала 
көшпелілерінің тактикалық әдістерін зерттеудің жалпы спектрінде әскердің жазық (ашық) дала
-
да шайқас жүргізудегі тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін зерттеу өте маңызды. Нәтижесін
-
де көшпелілердің соғысу әдістерінің өзіне тән ерекшеліктері анықталады. Осы арқылы әскердің 
басқарушы құрамының жетістіктері мен жылдам-тактикалық ойлау ерекшеліктерін түйсінуге 
және дұрыс түсіндіруге болады.
Қолбасшылар әрбір шайқас алдында әскери қақтығыс болатын жерге (орналасуы, ландшаф
-
ты, тау-тасы, орман-тоғайы, су қоймалары, т. б.) басым көңіл аударып отырған, өйткені шай
-
қастың қалай аяқталатыны көбіне осыған да байланысты болған. «[Қара татарлардың] жауды 
қалай жайпап салуына келетін болсақ, [олар] біріншіден «биікке көтеріліп, алысты шолып» 
жер жағдайын барлап, жаудың жағдайын шолғындап алып, [жауға] шабудың оңтайлы сәтінде, 
тұтқиылдан шабуылдайды»
1

Моңғолдар шайқаста жергілікті жердің ерекшеліктерін шынында да тиімді пайдалана білді. 
Көшпенділер тактикалық шеберлігінің ең басты элементі, шайқас болатын жерді сәтті таңда
-
уында ғана емес, сонымен қатар қарсыластарына да сол жерді таңдатуында еді. Ортағасырлық 
белгілі жиһанкез Марко Полоның мәліметтерінде, моңғолдар өздерінің шешуші шайқастарын 
міндетті түрде жазықта жүргізетіндері айтылады
2
. «Абақа хан Барақ әскерімен шайқасар алдын
-
да «алдын-ала әмір Доғызды
 шайқас үшін қолайлы жер таңдауға тағайындайды. 
Доғыз моңғол
-
дар Қарасу деп атайтын өзен [ағып жатқан], тау баурайындағы 
кең алқапты
таңдады»
3
. Яғни, кең 
алқап шайқас үшін ең қолайлы жер болып саналады. 
Осылайша, Рашид әд-Дин және басқа да авторлардың келтірген мәліметтері, моңғолдардың 
шайқасу үшін кең алқапты таңдауға тырысуларын тағы бір дәлелдейді. Осы орайда, моңғол
-
дардың Орталық Еуропаға жасаған шапқыншылықтарының куәгері болған ортағасырлық автор 
Фома Сплитскидің, «әскери өнерде осыншама ысылған, төзімділігі не болмаса айла-шарғы
-
1
Золотая Орда в источниках. Кит. и монг. источники (Собрание сведений, относящихся к истории 
Золотой Орды (улусу Джучи) из китайских и монгольских источников) / Пер. с кит., состав., ввод. статья 
и коммент. Р. П. Храпачевского. М.: Наука, 2009. Т. III. С. 69.
2
Книга Марко Поло. Серия: Путешествия. Открытия. Приключения. Алма-Ата: Наука, 1990. 78–79, 
91, 130, 198, 215, 216-б.
3
Рашид ад-Дин. Сборник летописей / Пер. с перс. А. К. Арендса / Под ред. А. А. Ромаскевича, 
Е. Э. Бертельса и А. Ю. Якубовского. М.–Л.: Изд-во АН СССР, 1946. Т. III. С. 78.


106
А. Қ. Көшкімбаев
сымен дұшпанын жеңе білетін, әсіресе жазық далалардағы шайқаста дәл осылардай мықты ха
-
лық жер бетінде жоқ шығар» дегені көңіл аудартады
4
. Сондықтан, моңғол қолбасшылары, Қиыр 
Шығыс тағы болсын, сондай-ақ Еуропадағы орын алған ірі соғыс жорықтарында болсын қарсы
-
лас әскерінің негізгі күшін шешуші дала шайқастарында жойып салып отыруды жөн көрген
5

Көшпелілерді зерттеуші А. И. Першицтің көзқарасы бойынша көшпелі халықтардың әскери так
-
тикасы негізінен ашық алаңдағы шайқастарға негізделген
6

Келтірілген осы деректерді, моңғол қолбасшыларының, соғыс іс-қимылдарын кең алқапты 
(о шеті мен бұ шеті анық көрінетін) тегіс жер бедерінде жүргізуге ұмтылған деген пайым (тіпті 
қорытынды) жасауға жеткілікті деуге болады. Ашық алаң, шайқасқа түскен әскери бірліктің кең 
қимылдауы мен терең маневрлер жасауы мақсатында өз күштерінің еркін қимылдауы және ор
-
нын өзгерте алуына мүмкіндік беру есебімен таңдалатын, өйткені, көшпенділер әскерінің негізгі 
бөлігі «жұмыс ландшафтын» (осылай деуге болатын болса) толық алып жататын (құрайтын) ат
-
ты-ұтқыр бөлімдерден тұрған.
Мұндай ыңғайлы кеңістіктің жетіспеуі көшпелілер әскерінің тар жерге сығылысып 
(бір-біріне кедергі жасап), әскер қолбасшыларына соғыс барысындағы болып жатқан қимыл
-
дарды уақытылы әрі жылдам бағдарлап, тез шешім қабылдауларына кедергі келтіретін. Мұ
-
ның айқын бір дәлелі ретінде алтынордалық әскер беклербегі Мамайдың 1380 жылдың 8 қыр-
күйегінде өткен Куликов шайқасындағы тактикалық сәтсіздігін келтіруге болады. Бұл соғыс-
та батпақты-сулы жермен қорғанған орыс әскерінің қанаттарын ордалықтар бұза алмай-ақ 
қойған еді. Осыған орай, Куликов түбіндегі шайқасты зерттеген М. Г. Сафаргалиев, Дмитрий 
Донскойдың әскері барлауды ұйымдастыруда да, тактикада да артықшылыққа ие болған деген 
шешімге келеді. Татар атты әскері қолданатын қанаттарды соққылау тактикасынан хабардар 
орыс қолбасшылығы бірнеше соққы беру тобы мен шешуші соққы үшін тактикалық қосымша 
күш даярлап қойған еді
7
. Жазық алқапта қарсылас тараптың контрманевр жасауын да біліп 
алуға мүмкін болатын, сондай-ақ оларға өз қанаттарын кенеттен қоршап алуына, жауынгерлік 
сабының ең әлсіз жеріне күтпеген жерден соққы беруінің алдын-алуына, тылдан болатын ша
-
буылды тойтарып тастауға, ұрыс барысының қолайсыздығын тез әрі тиімді оқшаулауға тиімді 
болатын, т. с. с. 
Шайқастың сәтті жүргізілуі мен аяқталуы үшін қажетті келесі бір маңызды шарт – ұрыс 
алаңында әскерді есеппен әрі оңтайлы орналастыру. Дереккөздерде: «олардың [қара татарлар
-
дың] әскери тәртібі жазық даладағы ұрысқа оңтайланған» делінеді
8
. Көшпелілердің әскери 
құрылымдарының жазықта орналасу тәртібінің негізіне қолды бір-бірімен тығыз байланысты
-
ратын үш топқа (өте сирек жағдайда екіге) бөліну принципін қатаң сақтап отырған, яғни: же
-
текші қанаттық топтардың рөлін атқарған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет