112
А. Қ. Көшкімбаев
семсер шауып түсіруі үшін мойындар алға созылды, найза кірш етіп қадалуы үшін кеуделер алға
ұмсынды; адамдардың жүзіне қан қатып, шаң қонды»
36
. Шайқастың созылуы (уақыты) әртүрлі
еді:
бірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге созылатын.
Моңғолдардың қарсыластары XIII ғасырда-ақ олардың соғыс жүргізудегі тактикалық әдіс-
теріне қарсы тұра алатын балама тактиканы ойлап табудың жолдарын қарастырған. Моңғол са
-
дақшыларына қарсы тұра алу үшін, – деп ұсыныс айтады Ц. де Бридиа, – «әскердің алдыңғы
шебінде кемінде үш [қатар] болып орналасқан баллистшілер тартарлардың жауынгерлік сабына
жетпей тұрып оқ атулары керек, [яғни] бұл әдісті олардың өз жауынгерлік саптары әбігерге тусуі
немесе қашуы үшін дұрыстап және уақытылы жасау керек
37
. Егер татарлар жалт бұрылып, шегі
-
не бастаса, алдыңғы шептегі баллистші садақшылар және тосқауылда тұрғандар оларды қууы, ал
негізгі әскер олардың артынан біршама жылжып отыруға тиіс. Алдыңғы шепте олардың соңынан
[қуып беретін] баллистшілер қалмаса, онда алдыңғы қатарға атына сауыт жапқан [атты] әскер
шығады. Өте мықты қалқанымен қорғанған олар татар садақшыларына аяқ асты шабуылдап,
татарларды есеңгіретіп жіберуге тырысуы қажет»
38
.
Ц. де Бридианың мұндай ескертпелерінен мынандай қорытынды шығаруға болады: бірінші
-
ден, қорғанушылар, баллистшілердің үздіксіз жаудырған оғынан татарлардың жақындап кетпе
-
уінің алдын-алып, олардың өз жауынгерлік саптарын бұзуларына итермелеу керек. Екіншіден,
қашқан қарсыласты қуған кезде лап беретін татар атқыштарына қарсы қалқандармен жабдықта
-
лып, сауыт құрсанған атты әскерді қойғаны дұрыс, яғни шабуылға түскен жауынгерлердің қарсы
-
лас тарапынан күшті
атқылауға ұшырауына жол бермей, өз шығынын мейлінше азайтуы лазым.
Ұрыста моңғол жауынгерлері мықты тәртіп пен ережені сақтаған, бұл тәртіп қатардағы әскер
құрамының ұдайы жаттығуы барысында бойға мықтап сіңірілген еді. В. Миткевич, ұтқыр казак
тактикасын талдай келе, «монғол атты әскерінің соғыстағы жетістіктеріне, әрбір жауынгердің
икемді қимылын аса жоғары деңгейге жеткізе алуы және ату қаруын қолдану мен әртүрлі ма
-
неврлер жасай алуға деген дайындықтары негізі болған» деп айтқаны дұрыс сияқты
39
. Моңғол
атты әскері өз жауынгерлік тәртіптерін жаттығулар мен дайындықтар барысында ылғи шыңдап
отырған. Моңғол әскерін шаруалармен салыстырған Жувейнидің, «біріге жұмыла отырып олар
-
дың кішісі мен егдесі де, ақсүйегі мен қарасы да шайқаста қылышпен шауады, садақпен атады
және найзамен түйрейді, сондай-ақ олардан талап етілетін кез-келген істі атқаруға қабілетті»
40
деуі бекер емес. Моңғол әскерінің жеке жауынгерлік жоғары дайындығы мен әскербасылардың
тиянақты тактикалық дағдылары, қолбасшыларға әскери өнердегі күрделі тактикалық элемент
-
терді қолданып, атқаруға мүмкіндік берген.
Сәтсіз ұрыс бола қалса жауынгерлер
ұсақ топтарға бөлініп, жан-жаққа шашырауды жөн
көретін. Сарыбұға ибн Таклан басқарған алтынордалық әскер барлық қосымша күші таусылған
сәтте шегіну туралы бұйрық алды, әскер «ен жерлер мен кеңістікке шашырап кетті». Сол уақытта,
«әскер қолбасшысы Сарыбұға қоршауда қалып қойды, көмек дер кезінде жетпегенде ол жемтік
36
История Казахстана в арабских источниках (СМИЗО. Т. I). С. 337.
37
Татарлардың баллистерден қорқатынын Плано Карпини баяндайды (Путешествие в восточные стра-
ны Плано Карпини и Рубрука / Пер. А. И. Малеина. М.: Государственное издательство географической
литературы, 1957. C. 62). Сонымен қатар, мықты қорғандар мен бекіністерді алуда монғолдар арнайы
қоршау техникаларын
жиі қолданғанын білеміз
Достарыңызбен бөлісу: