Программа «история и культура великой степи»



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата21.11.2023
өлшемі289,74 Kb.
#192542
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
117
Шыңғыс хан ұрпағының жаугершілік дәуіріндегі Ұлы даланың әскери өнері
лармен орап тастаған жиіркенішті қап-қара иекті басқа ұқсайтын әлдене бар. Татарлар шегінген
-
де, әлгі байрақшы алға ентелей ұмтылды да ағаштың ұшар басында тұрған бас секілді әлденені 
мүмкіндігінше қатты сілкілей бастады. Бір кезде одан пайда болған сасық иісі мұрынды жаратын 
бу, түтін және тұман сол сәтте-ақ поляк әскерінің арасына жайылып кетті, ол иіс майдан дала
-
сында айқасып жүрген поляктардың есін шығарып, естері кіресілі-шығасылы күйде зорға жан
-
дары қалып соғысқа жарамай қалды»
62
.
Соғыс жағдайындағы алтынордалықтар қолданатын тактикалық әдістерінің кейбір тұстары 
осындай. Біздің ойымызша, ұрыстың алғашқы кезеңінде олар (өздері үшін қауіпсіз деп саналған) 
қашықтықтан садақ тартып, жебе ату арқылы қарсыласқа мейлінше көп шығын келтіруді міндет
-
теген. Бұл этаптағы негізгі тактикалық міндет: олардың жауынгерлері мен аттарының көзін жой
-
ып немесе жарақаттау, сол арқылы олардың жауынгерлік саптарын бұзу. Бұдан кейін шабуылға 
ауыр атты әскерді қоя берген, олар алғашқы соққының соғыс қаруларын – найза мен сүңгілерін 
бағыттай отыра қарсыласын таран жасап, олардың қалған бөлігін жайратуға кіріседі, одан кей
-
ін қоян-қолтық ұрыс басталып шоқпар, гүрзі қылыш пен семсерлерді қолданды 
(6-суретті қа
-
раңыз).
Осылайша, көшпенді түркі-моңғол шайқасының тактикалық жоспары былайша қайта қа
-
лыпқа келтіріледі: бірінші кезең – қашықтықты атты-садақты шайқас, екінші кезең – қоян-қол
-
тық шайқас, ал сонғы үшінші кезең – шегінгендерді қуу және дұшпанды толық күйрету. Қа
-
ру-жарақ кешенін қолданудың кезеңдік сипаты мынадай: 1) қолдан ату құралдары, 2) шаншитын 
(жарып-кескілейтін қарулармен қоса) ағаш сапты қарулар, 3) жақын ұрыстың құралдары – жа
-
рып-кескілейтін, ұрып жығатын. Мұндай қарулардың шайқас кезіндегі көмегі орасан зор болды. 
Сонымен қатар, бұл белгілі бір нақты тактикалық соғыс жағдайында байланысты бірден күрт 
өзгеретін шайқастың одан да қиын комбинацияларын жоққа шығармайды. 
62 
Dlugos J. 
Historia Polonicae // http://www.vostlit.info/Texts/rus5/ Dlugos/fragm1241.phtml?id=462


МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................................................................................5
М. Қ. Әбусейітова. 
Жаһандық тарих контексіндегі Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті ...........................7
Ә. Дербісәлі. 
Сайхундария саңлағы – Хұсам әд-Дин ас-Сығанақи (1240–1317) ..........................................24
Н. Базылхан. 
Қазақ мемлекеттілігінің билік рәміздері мен ресми құжаттарының тарихи
бастаулары (тарихи-деректанулық талдау) .......................................................................................................43
Ж. Ошан. 
Көне түркі халықтарының мемлекеттілігін, этногенезі мен этномәдениетін
сипаттайтын ежелгі мәдени жәдігерлер ............................................................................................................50
К. Торланбаева. 
Орталық Азия тарихындағы түркі кезеңі .............................................................................62
Б. Д. Дүйсенов.
Ескі қыпшақ тіліндегі лингвистикалық ескерткіштер – Ұлы дала мемлекеттілігі
қалыптасуының негізгі механизмдерінің бірі ..................................................................................................89
А. Қ. Көшкімбаев.
Шыңғыс хан ұрпағының жаугершілік дәуіріндегі Ұлы даланың әскери өнері ..........105
А. Ш. Нұрманова
. Эпиграфикалық ескерткіштер – тарихи дерек көзі ........................................................118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет