Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.
Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.
Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.
Облыс халқы 1098,7 мың адамды немесе республика халқының 6,3% құрайды.
Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.
Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2014 жылдың 9 айында 655,3 млрд. теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,5% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп – 122,3 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 18,7%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 617,6 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 274,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.
Бағыттары
Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;
Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;