1-суретте ата мен немере диалогі бейнеленген.
–Олар не туралы əңгімелесіп жатыр деп ойлайсың?
–Отан, туған жер туралы отбасыңда кімдер əңгіме қозғайды?
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап»əдісінқолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейінмұғаліминтерактивтітақтаарқылысабақтыңтақырыбымен,мақсатыменжəнебағалаукритерийлеріментаныстырады.