Программалар ортақ тақырып: «Өзім туралы»



бет7/83
Дата02.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#183263
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
2 сынып ҚМЖ
pdf 20220922 015906 0000, !12-ОШ БЖБ Информатика 8-сын қаз, 10 сынып жмб, 3 сынып ҚМЖ жаңа. (2), 2019 бұйрық аттестация
сабақ. Тармақталу алгоритмі



Бөлімі

II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып:
«Менің отбасым жəне достарым»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тармақталу алгоритмі

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Сызықтық алгоритм туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Оқулықта берілген мысалдардың іс-əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Тармақталған алгоритмді жүзеге асырады.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Бұлт үстіндегі саяхат» əдісі.
Шарты: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып жəне




таңғаларлық оқиға болуы мүмкін... (30 сек). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне əкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада сейіле бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды
ахуал орнатады.

Топтастыру

Оқушылар үшке дейін санау арқылы үш топқа бірігеді.
1-топ. «Алғырлар» тобы 2- топ. «Білімділер» тобы
3- топ. «Дарабоздар» тобы

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • «Сызықтық алгоритм» дегеніміз не? Есіңе түсір.

  • Үш достың жолдан дұрыс өтуі неге байланысты?

  • (1-сурет) Олардың іс- əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттауға бола ма?

  • Достардың бағдаршаммен жолдан өту алгоритмін сөзбен сипаттап бер.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» əдісі бойынша бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, оқушылармен диалог жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша айтады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбын, мақсатын жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет