Программалар пєні бойынша 050111 «Информатика»


Лекция 5. Тақырыбы: Adobe Photoshop графикалық редакторы



бет5/11
Дата14.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13983
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция 5.

Тақырыбы: Adobe Photoshop графикалық редакторы

1. Adobe Photoshop терезе элементтері

2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар

3. Сурет салуға арналған аспаптар

4. Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар
1. Adobe Photoshop терезе элементтері.

Растрлық графикалық редакторлар ішінде кең қолданылатыны Adobe компаниясының Photoshop программасы.

Программаның негізгі басқару элементтері мәзірлер қатары мен инструменттер тақтасында шоғырланған. Бұдан басқа айрықша диалогтық терезелер – аспапты палитралар қолданылады.

Photoshop бейне құрудан гөрі өңдеуге арналғандықтан, программада бейне жұмыс сақталған файлды жіктеуден (Файл→Открыть) немесе бейнені импорттаудан басталады.

Импорт деп- сканер, цифрлы фото камера, т. б. -дан алынған бейнені айтады. Импорт жасау үшін Файл→Импортировать командасы қолданылады.

Графикалық бейнелерге қолданылатын көптеген амалдар үшін бейненің негізгі параметрлерін білу қажет. Оларды Изображения→Размер изображе-ния командасы арқылы ашылатын диалогтық терезеден білуге болады. Бұл терезеде мынадай параметрлер беріледі:Ширина (ені), Высота (биіктігі), Размер печатного отписка( ).

Бейненің экрандық размері Разрешения (шешілу) параметрінің физикалық размерімен байланысты. Осы параметрлердің барлығынан файл размері тәуелді.

Аспаптар тақтасы. Бейнемен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Негізгі аспаптар 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының аспаптар панелінің ерекшілігі альтернативті аспаптардың бар болуы. Мұндай аспаптардың белгісінде кішкене ұшбұрыш суреті бар болады.
2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар

Белгілердің бірінші тобын объект пен жұмыс істейтін аспаптар құрайды.

Область, Лассо аспаптарымен бейне кез – келген аймағын ерекшелеуге болады.

Перемещенее (жылжыту) аспабы ерекшеленген аймақтарды жылжытып, көшіреді.

Волшебная палочка (ғажайып таяқша) аспабы бірдей түсті аймақтарды ерекшелейді. Лассо мен ғажайып таяқшаны обтравка амалын яғни күрделі контурларды дәл жүргізу үшін қолданылады.
3. Сурет салуға арналған аспаптар тобы

Мұнда бізге таныс Аэрограф, Кисть, Карандаш, Ластик аспаптары бар.

Штамп аспабы арқылы суреттің (ескі фотографиялардың) нұқсанды элементтерін құртылмаған жерлердің қандай –да бір бөлігін көшіріп қою арқылы дұрыстауға болады.

Палец аспабы (саусақ) мен жаңа жағылған красканы жылжытуға болады.

Альтернативті таңдауға болатын Размытие/Резкость аспабы жекелеген бөліктердің түс өткірлігін басқарады.

Осветитель/Затемнитель/Бубка аспабы жергілікті түстің қанықтығы мен ашықтығын басқаруда пайдаланылады.


4. Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар

Үшінші топ аспаптары жаңа объекттер (соның ішінде тексттер) құруға да арналған.

Перо және оның альтернативті аспаптары қисықсызықты контурлар құруға және оны редакторлауға арналады.

Текст аспабы текст жазуға қолданылады. (шрифт, размерін, стилін, түсін таңдауға болады. )

Заливка/Градиент аспаптары ерекшеленген аймақтарды болу үшін. Бір түрлі түспен, не бір-біріне ауысатын бірнеше түспен бояуға болады.

Бейненің ішінен керек түсті дәл таңдау үшін Пипетка аспабы қолданылады.

Соңғы топтың аспаптары суреттің көрінісіне қатысты.

Масштаб аспабы сурет бөліктерін үлкейтіп (кішірейтіп) көруге мүмкіндік береді.

Рука (қол) аспабы суреттің көрінбей тұрған бөлігін жылжытып, көру үшін қолданылады.


Лекция 6.

Тақырыбы: Жылжымалы палитралар

1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары

2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары
1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары

Adobe Photoshop-ң басқа бір аспаптар құралы ретінде жылжымалы палитраларды айтуға болады. Олар программаның өзінің және бейненің негізгі элементтері параметрлерін баптау үшін қолданылады. Жылжымалы деп аталу себебі оларды экранның кез-келген нүктесіне ауыстырып қоюға болады.

Палитраларды орнату не алып тастау Window мәзірінде сәйкес командаларға белгі қою арқылы орындалады. Барлық палитраларды бір мезгілде шығарып , экранды толтырудың қажеті жоқ, сондықтан керек емес палитралардың Close (Закрыть) кнопкасына шертіп жауып тастауға болады.

Үнсіз келісім бойынша палитралар 4 топқа біріктірілген:

– Navigator/Info (Навигатор/Инфо);

– Сolor /Swatches /Styles ( Цвет /Каталоги/Стили ) ;

– Layers/Channels /Paths /Historty/ Actions / Tools/ Presets

(Слой /Каналы/Контуры/Протокол/Действия /Предустановки ) ;

– Сharacter /Paragraph (Символ /Абзац )

Навигатор - әртүрлі бейне прагменттерін қарауды басқаруға, масштабты пернелер арқылы өзгертуге мумкіндік береді.

Инфо - көрсеткіштің ағымдағы координатасы туралы , ерекшелеу көлемі, нүктенің түстік параметрлері туралы мәлімет береді.

Цвет - түс моделіне сәйкес негізгі және фондық түстің үлгілері мен мәндері берілген. Оларды қалауымызша өзгертуге болады.

Каталоги - қолдануға болатын барлық түстердің жиынтығы. Шерту арқылы керекті түсті түстер қатарына қосуға болады.

Стили - қабатты әсемдеудің стилдер түрі орналасқан. Олардан бөлек жаңа стиль жасауға да болады.



2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары

Слой - бұл палитрада жоғарғы деңгейден фондық деңгейге дейінгі барлық қабаттар көрсетілген . Қабаттардың ретін ауыстыруға болады .

Контуры - барлық құрылған контурлар және негізгі түспен толтыру пернелері т. б. бар.

Каналдар - канал құру , редакторлар және көрсету үшін.

Протокол - әрбір орындалған операцияны тіркеп отырады. Оның көмегімен бірнеше қадам артқа қайтаруға болады.

Действия - қайталанып отыратын амалдар үшін макрокоманда құруға мүмкіндік береді.

Предустановки - аспаптар параметрлерін сақтап қояды. Оларды кейінгі жұмыстарда қайта жасап жүрмей дайын күйде пайдалана беруге болады.

Символ - ендірілген текст символдарының параметрлері жиынын басқаруға мүмкіндік береді.

Абзац - Текст абзацтарының реттелу әдісі және отступтарын беруге мүмкіндік береді.

Кисти - Сурет салу аспаптарының кистін құру және баптауға болады.

Каталоги - қолдануға болатын барлық түстердің жиынтығы. Шерту арқылы керекті түсті түстер қатарына қосуға болады.

Стили - қабатты әсемдеудің стилдер түрі орналасқан. Олардан бөлек жаңа стиль жасауға да болады.




Лекция 7.

Тақырыбы: Ерекшелеу аспаптары мен әдістері



1. Ерекшелеу аспаптары.

2. Color Range командасы

3. Жылдам маска режимі және параметрлері

4. Жылдам масканы құру


1. Ерекшелеу аспаптары.

Нүктелік бейнелердің өзіне тән ерекшелігінің бірі әрбір пикселдің түс параметрлері көрші пикселдерге тәуелді болмайды, керекті бейне пикселдері аймағын ерекшелеп алып жұмыс істеуге болады. Ерекшеленген аймақ штрих сызықтармен белгіленеді. Adobe Photoshop праграмасында бейне бөлігін ерекшелеу үшін :

­­­- Область (Marquee) аспаптар тобы;

- Лассо (Lasso) аспаптар тобы;

- Волшебная палочка (Magic Wand) аспаптар тобы;

- Выделение (Selection) мәзірі командалары;

- Быстрая маска (Quick Mask) арнайы режимі пайдаланылады.

Область аспаптар тобында төрт аспап бар. Бұл аспаптар аймақтарды геометриялық формада ерекшелеуге мүмкіндік береді: төртбұрыш,эллипс, горизонталь вертикаль қатар (ені 1 пиксел)

Лассо аспаптар тобында 3 аспап бар:

1.Лассо –аймақты еркін формада ерекшелейді.

2. Polygon Lasso (Полигональное лассо)- аспабы сияқты, айырмашылығы тышқанның әрбір шертуі түзу кесінді береді. Ерекшелеуді аяқтау үшін тышқанды екі рет шертеді.

3. MagneticLasso.(Магнитное лассо)-көрші жатқан пикселдердің түс айырмашылығы басшылыққа ала отырып жартылай автоматты түрде ерекшелеу. Бұл аспаптың қасиеттер панелінде түс сезімталдығы деңгейін (контрастылық 1-100% аралығында), түс қабылдау енін өзгертуге болады.

Волшебная палочка (Magic Wand) аспабы бірдей түсті не өте үқсас түсті ерекшелеуде өте ыңғайлы. Бұл аспап толық автоматты түрде қатар пикселдердің түс ұқсастығы бойынша ерекшелейді Аспапты екі рет шертіп контексті параметрлер панелін шақыруға болады. Мұндағы Допуск (Tolerance) қамтылатын түс дипазонын анықтайды. 0 мәні берілсе тек бірдей түстер ғана, ал мәні жоғарылаған сайын ұқсастығына қарай ерекшеленетін аймақтың түстер саны да арта береді. 255 мәні берілсе ерекшеленген аймаққа бейненің барлық түстері дерлік еніп кетеді.

Совмещенние данные (Use ALL Layers) қатарына белгі қойылса белсенді қабаттың ғана емес басқа қабаттардың да пикселдерін ерекшелеу аймағын қамтуға болады.


2. Color Range командасы

Цветовой диапазон (Color Range) командасы Волшебная палочка аспабына ұқсас, бірақ одан әрі күрделендірілген. Бұл команда выделение мәзірінде орналасқан. Командаға шерткен соң экранда Цветовой диапазон сұқбат терезесі пайда болады. Выделить тізімі мынадай командаларға ие:

- По оброзцам - Пипетка аспабымен қалаған түсті таңдау.

- Красное, Желтые, Зеленое, Голубые, Синие - сәйкес түс дипазонындағы барлық пикселдерді ерекшелеу.

- Света, средние тона, тени – сәйкес тон диапазонындағы барлық пикселдерді ерекшелеу.

- CMYK(out of gamut)-калиграфиялық краскалар көмегімен дәл беріле алмайтын (печатталмайтын ) барлық түстерді ерекшелейді.

Просмотр (Selection Pre Viеw) тізіміне әрбір жағдайға сәйкес ерекшеленген аймақтың бейнелену вариантын таңдауға болады:

- Не задан - ерекшеленген аймақты көрсетпейді.

- Градации серого- жұмыс аумағындағы бейнені ақ –қара фото сурет түрінде көрсетеді.

-Черная подложка (Вlack Matte) –бейнені қара фон үстінде көрсетеді. Мұнда ашық түстер айқын көрінеді

- Белая падложка (White Matte ) бейнені ақ фон үстінде көрсетеді. Мұнда қара түстер айқын көрінеді.

3. Жылдам маска режимі

Әдетте маска бейненің белгілі бір бөлігімен жеке жұмыс істеу үшін қолданылады. Егер кез-келген ерекшелеу аспабының қызметі анық, айқын ерекшелеу шекарасын білдіретін контур сызу болса , “Быстрая маска” режимі керісінше шекарасы анық емес , бейненіайқын емес бұлдыр ерекшеленген аймақты Алу үшін қолданылады. Мұндай аймақты алу үшін кез-келген сурет салуға арналған аспаптардан пайдалануға болады: Кисть, Аэрограф , Градиент.

1) Жылдам маска режимінде маска қойылған және маска қойылмаған аймақтар түсі бойынша ажыратылады. Егер Параметры быстрой маски сұхбат терезесінде Маскируемые области (Masked Areos)варианты белгіленген болса онда ерекшеленген аймақ ақ түспен (не мөлдір аймақпен ), ал қалған бөлігі қара түспен беріледі. (каналы терезесінде ) Бұл жағдайда қара түспен сурет салу ерекшеленген аймақты азайтады , яғни қара түс жағылған жерлер ерекшеленбеген аймаққа айналады . Керісінше ақ түспен сурет салу ерекшеленген аймақты көбейтеді.

Егер параметры быстрой маски сұқбат терезелерінде Выделенные области (Selected Areos)врианты белгіленсе, онда ерекшеленген аймақ қара , қалған бөлігі ақ түспен берледі.

2) 2-жағдайдада сұр түс түрлерімен сурет салу жартылай мөлдір аймақ түзеді.
4.Жылдам масканы құру.

Ерекшелеу аспаптарының бірімен аймақты жобалап ерекшелеп альп , не ерекшелеп алмай-ақ та “Быстрая маска “ режиміне өтуге болады.

“Быстая маска “ режиміне өту аспаптар палитрсының төменінде орналасқан сәйкес атаулы батырманы шерту арқылы жүзеге асады.

Жұмыс аумағында маскаланған облыс(50% мөлдір емес ) қызыл түспен үнсіз келісім бойынша бейнеленеді.

Жылдам маска режиміне өткенде каналы палитрасына “Быстрая маска “ (Quick Mask) уақытша каналы пайда болады. Жылдам маска режимінде түске қатысты аспаптардан басқа барлығымен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Масканы редакторлау үшін ыңғайлы болған кез-келген аспапты пайдаланып, бейненің фрагменттерін маскаға қосу не алып тастауға болады.

Стандартты режиміне ауысу аспаптар палитрасының төменгі жағында орналасқан Стандартный режим батырмасын басумен жүзеге асады.

Стандартты режимге ауысқан соң жылдам масканың маскаланбаған аймағы ерекшеленген аймаққа айналады.



  1. Жылдам маска палитрін өзгерту үшін аспаптар панеліндеге “Быстрая маска “ батырмасына 2 рет шерту қажет ,Экранда Параметры “Быстрой маски” сұхбат терезесі пайда болады .

  2. Осы терезенің Цвіт(Color) бөлімінде жылдам маска түсін өзгертуге болады. (Егер үнсіз келісім бойынша қойылатын қызыл түс ұнамаса )

Бұл үшін түсті квадратты шерту керек .

Бұл бөлімде таңдалған түстің мөлдірлігінде баптауға болады.Мөлдірлік деңгейі процент пен беріледі , жоғары мән-мұндай масканың астынан бейне жақсы көрінбейді.



Лекция 8.

Тақырыбы: Сурет салуға арналған аспаптар

1. Сурет салу аспаптары және олардың жалпы қасиеттері

2. Кисть палитрасы

3. Ластик тобының аспаптары және қасиеттері


1. Сурет салу аспаптары және олардың жалпы қасиеттері

Сурет сызу аспаптары пиксел түсін өзгерту және ойлаған бейнені салу үшін қолданылады. Бұл үшін фондық және негізгі түсті айыра білу, кисть(Brush) тобынан аспаптар өлшемін таңдай білу, сурет сызу және редакторлау аспаптарының параметрлерін баптай білу керек.

Сурет сызу аспаптарының қасиеттері (палитралар) панелі кез келген сурет салу аспабының басқару пульті болып табылады. Әрбір аспаптың өзіне тән параметрлері болуы мен бірге ортақ параметрлері де бар:

– Мутность, процентпен беріледі (Opacity) - карандаш, кисть, штамп, градиент аспаптарына тиісті. Параметр проценті жоғары болған сайын түс мөлдірлігі төмендейді.

– Нажим (Pressure) - Аэрограф, Палец, Резкость, Размытие, Губка аспаптарына тиісті. Параметр проценті төмендеген сайын аспап әсерінің “күші” кеми береді.

– Экспозиция (Explosive)-Осветлитель және Затемнитель аспаптарына тиісті, проценті бойынша экспозиция “уақытын” яғни аспап әрекетін анықтайды.

Карандаш, Кисть, Аэрограф, Ластик аспаптары үшін қасиеттер панелінде ортақ параметрлер Переменная кисть (Brush Dynamics) батырмасы арқылы ашылады. Мұнда ашылған аспаптар үшін түсті Цвет қатарынан, мөлдірлік деңгейін Мутность қатарынан, өлшемді Размер қатарынан таңдауға болады.
2. Кисть палитрасы. Түстен кейінгі сурет салудың маңызды шарты аспаптың өлшемі мен формасы. Adobe Photoshop программасында кез келген сурет салу аспаптары үшін өлшемі мен форма қылқалам (кисть) терминімен беріледі. Қылқаламды таңдау және анықтау үшін қасиеттер панеліндегі кисть палитрасы қолданылады. Үнсіз келісім бойынша қылқаламның (дөңгелек)стандартты формалары (диаметірі 1 ден 300-ге дейінгі өлшемде) көрсетіледі. Ал тізімнің ішінде әр түрлі өлшемдегі, әр түрлі формадағыларды таңдауға болады.

Мысалы: Жапырақ формасы таңдалса, кисть аспабымен жапырақшалар салуға болады. (шөп, жұлдыз, ирек сызық т. б формалары бар) Осы палитрада батырмасын басумен ашылатын командалар мәзірі бар. Мұндағы командалар жаңа қылқалам формасын түзуге, параметрін өзгертуге, палитрадан алып тастауға мүмкіндік береді. Осы палитра мәзірінде палитра көрінісін анықтайтын командалар да бар: Только текст - қылқалам атауларының тізімін ғана көрсетеді, Маленький Эксиз (Большой эскиз) қылқалам тізімін кіші(үлкен) суреттер түрінде көрсетеді т. с. с. Палитра мәзірінде палитрада көрсетілмеген әртүрлі қылқалам топтамалары да бар:

NaturalBrushes, Special Eftect Brushes т. б.

Мысалы: Special Eftect Brushes тобында болатын көбелек, гүл формалары да бар.


3. Ластик тобының аспаптары және қасиеттері. Енді сурет салу аспаптарының кейбіріне толығырақ тоқталайық.

Ластик тобының аспаптары:

- Ластик не стиратель

- Стиратель фона

- Волшебный ластик.

Ластик- егер жұмыс негізгі бейнемен жүргізілсе барлық пикселдер түсін фондық түске өзгертеді, егер қабаттағы бейнеге пайдаланса, барлық пиксельдерді мөлдір етеді (астыңғы қабат бейнесі көрінеді). Қасиеттер панелінде режим (моdе) тізімінен ластиктің келесі 3формасын таңдауға болады: Кисть, Карандаш, Блок.

Одан әрі Мутность параметрін (процентпен) баптауға болады. Ол красканың жағылу деңгейін анықтайды.

Бұл туралы 1-тақырыпшада айтылды.

Стиратель фона- белгілі бір шекараны бойлап пиксельді жоюға ыңғайлы (шекараның арғы бетіне тиіспей). Қасиеттер панелінде Пределы (limits) тізімі беріледі:

- Прерывистый (Discontinuous)- белгіленіп алынған түсті аспап курсоры жүрген жерлерде өшіру.

- Непрерывно(Contiguous)- белгіленіп алынған түс кездесетін және көршілес аймақтарды да өшіру

- Вычисление краев(Find Edges)- белгіленіп алынған түс кездесетін көрші аймақтарды өшіру, айырмашылығы шеттері айқын келісіп алынады.

Допуск қатары жойылатын түстердің ұқсастық дәрежесін айқындайды. Мәні азайған сайын жойылатын түс диапазоны де кеми береді.

Защитить цвет переднего фона қатарына белгі қою - негізгі түс ретінде берілген түстің өшірілмеуін қамтамасыз етеді.

Дискретизация(Sampling) ашылатын тізімінде келесі варианттар келтіріледі.

- Непрерывно- курсор жүрген жерлерде кездескен барлық түстерді жою.

- Одиночная - тышқанмен шертілген жердегі түс кездесетін барлық аймақтарды жою.

- Образчик фона- таңдалған фондық түс кездесетін аймақтарды жою

Волшебный ластик- волшебная палочка аспабы сияқты жұмыс істейді, яғни қатар орналасқан пикселдердің түс ұқсастығына қарай егер жұмыс фондық қабатта жүргізілсе фондық түспен алмастырады, егер жұмыс фондық қабаттан өзге қабаттарда жүргізілсе мөлдір аймаққа алмастырады. Бұл аспаптың да қасиеттер панелінде түс дапазонын анықтайтын Допуск параметрі бар.

Қасиеттер панелінде Использовать все слои қатарына белгі қойылса белсенді қабаттағы ғана емес көрініп тұрған барлық қабаттың пикселдерін жоюға мүмкіндік береді.

Смежный қатарына белгі қою-көрші пикселдерді ғана жоюға мүмкіндік береді, егер белгі қойылмаса анықталған түс диапозонына сәйкес түстердің барлығы жойылады.

Мутность жолағы аспаптың өшіру деңгейін анықтайды. Ең жоғарғы мән 100%-толық өшіруіне басқа түспен алмастыру дегенді білдіреді.


Лекция 9.

Тақырыбы: Толтырушы аспаптар





  1. Ведро аспабы.

  2. Градиент тобының аспаптары.


1. Ведро аспабы. Градиент аспабымен бір топта орналасқан. Бұл аспап аймақты негізгі түспен толтыру үшін қолданылады. (ақ-қара түсті штрихтелен бейнелерге қолданылмайды).

Аспапты баптау үшін қасиеттер панелін аспапқа 2рет шерту арқылы шақыруға болады. Панелде келтірілген қасиеттермен танысалық:

- Сглаживание қатарына белгі қою - толтыру аймағы мен суреттің басқа аймағы шектескен тұстарын жұмсартуға мүмкіндік береді.

- Заливка тізімінде 2 вариант көрсетілген:

1. Передний план - негізгі түспен бояу

2. Шаблон таңдалса, түс шаблоны вариантарын таңдауға мүмкіндік беретін тізім ашылады.

Толтыру үлгісін өзіміз дайындауға да болады. Мұны декоративті толтыру деп атайды. Алдымен үлгі ретінде алынуы тиіс бейне бөлігі Прямоугольная область аспабы арқылы ерекшеленіп алынады.(Перо параметірі 0-к мәнге қойылуы керек). Бұдан соң Редактирование мәзірі ашылып, определить образец командасы орындалады. Экранға шыққан сұхбат терезесіне үлгі атауын ендіріп ОК шерту керек.
2. Градиент тобының аспаптары. Градиент құру үшін, яғни аймақты бір түспен басқа бір түске алмасу түрінде толтыру үшін қолданылады. Бұл аспапқа 2рет шертіп қасиеттер панелін шақыра аламыз. Шынында да бұл аспап бірнеше аспаптардан тұрады. Олардың батырмалары қасиеттер панелінде орналасқан:

- Линейный градиент

- Радиальный градиент

- Угловой градиент

- Отраженный градиент

- Ромбовидный градиент

Градиентті қолдану үшін сәйкес аймақты ерекшелеп алу қажет. Егер ерекшеленіп алынбаса барлық бейнеге толық қолданылады және оны толық ауыстыруы мүмкін. Градиент аспабы шертілген соң ерекшеленген аймаққа тышқан арқылы сызық тартылып жүргізіледі. Сызық ұзындығы ерекшеленген аймаққа қатысты кіші де ұзында болуы мүмкін.

Градиентті толтыруларды құру. Adobe Photoshop программасында құрылған градиенттерді сақтап, кейін оларды қолдануға мүмкіндік беретін градиенттер редакторы бар. Бұл редактор терезесін экранға шығару үшін Градиент аспабын шертіп, одан соң қасиеттер панеліндегі градиент үлгісіне шерту қажет. Градиенттер редакторы жаңа градиенттің бастапқы және соңғы түстерін анықтауға, алдын құрылған градиенттің түстерін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл редактордың басты қасиеті-ол күрделі градиенттер –үш не одан көп түстер арасындағы өзара өтулерді құруға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет