Программалар пєні бойынша 050111 «Информатика»


Лекция 2. Тақырыбы: CorelDraw редакторының басқару элементтері



бет4/11
Дата14.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13983
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция 2.

Тақырыбы: CorelDraw редакторының басқару элементтері

1. Аспаптар панелі

2. Қасиеттер панелі

3. Мәзірлер қатары


1. Аспаптар панелі

Объекттерді құру және редакторлау құралдарының негізгісі аспаптар панелінде орналасқан(Toolbar). Бірқатар аспаптардың альтернатив варианттары бар, олардың белгілерінде ашылатын батырма(қара үшбұрыш) бейнеленген. Аспаптың альтернативті таңдау панелін ашып, оны тышқанмен жылжыта отырып жеке палитра ретіндежұмыс аймағына орналастыруға болады.

CorelDraw 11 версиясындағы аспаптарды қарастырамыз:


  • Pick (выбор) аспабы объектерді таңдау көлемін өзгерту, айналдыруға мүмкіндік береді;

  • Shape (формы) аспабы объект формаларын тірек нүктелерді таңдау және олардың қасиеттерін редактордау жолымен өзгертеді;

  • Knife (нож) аспабы жабық контурды шекаралары кесу сызығына сәйкес келетін жекелеген объекттерге бөледі,

  • Eraser (ластик) – объекттің ластик жүргізілген жерлері өшіріледі; соның ішінде контур сегменттері, жабық контурдың ішкі аумағы;

  • Smudge brush (смещение) – қылқалам түсірген дақ траекториясына сәйкес контур формасын өзгертуге(бұзуға-исказить) мүмкіндік береді;

  • Roughen brush (загрубить) – қылқалам әрекет еткен аймақтағы контур траекториясына кездейсоқ бұрмалаулар енгізеді.

  • Free transform (свободное преобразование) – тышқанмен тарту арқылы масштабтауға, объектті айналдыруға мүмкіндік береді;

  • Freehand (свободная рука) – сегменттері автоматты түрде құрылатын қалаған контур салу;

  • Bezier (кривая Безье) – тышқан көмегімен тірек нүктелерді қою және олардың қасиеттерін анықтау жолымен Безье қисығын салады;

  • Artistic Media (көркем сурет салу құралдары) – бірнеше құралдарды өз ішіне алады: Brush (кисть), Sprayer (распылитель), Calligraphic(каллиграфическое перо), Pressure (перо с нажимом). Бұл құралдардың бірін таңдау қасиеттер панелі арқылы орындалады.

  • Pen (перо) – Безье қисықтарын салады. Алдын қарастырған Bezier аспабынан айырмашылығы кезектегі сегмент интерактивті режимде бейнеленеді. Бұл күрделі контурлар құруды жеңілдетеді.


2. Қасиеттер панелі

Кез-келген аспапты таңдаған соң қасиеттер панелі оның қасиеттерін көрсетіп, объекттің не аспап параметрлерін басқаруға мүмкіндік беретін элементтерді ұсынады. Осы себептен таңдалған аспап не объектке сәйкес қасиеттер панеліндегі басқару элементтерінің құрамы өзгері отырады.

Егер ешқандай объект таңдалмаған болса, онда қасиеттер панелінде бет параметрлерін басқару элементтері тұрады:


  • Тип/Формат бумаги(Paper Type/Size) ашылатын тізім пайдаланушының не стандартты бет форматын таңдау үшін;

  • Высота и ширина бумаги (Width and Height) есептеуіштері: бет ені мен биіктігін беру үшін,

  • Книжная (Portrait) және альбомная (Landscape) бет ориентациясын өзгерту үшін;

  • Единицы измерения (Drawing Units) ашылатын тізім өлшембірлігін таңдау үшін;

  • Перемещение клавишами курсора (Nudge Offset) есептеуіші түйіндердің стандартты жылжу шамасын беру үшін;

  • Расстояние до копии(Duplicate Distance) есептеуіші объект дупликатының (көшірмесінің) х,у осьтері бойлап жылжу шамасын беру үшін;

  • Привязка к сетке (Snap to Grid), Привязка к направляющим (Snap to Guidelines), Привязка к объектам (Snap to Object) батырмалары сәйкесінше тірек нүктелер бойынша, бағыттаушы сызытар бойынша, таңдалған объект бойынша реттелу режимдерін іске қосу үшін;

  • Отображать объекты при перемещении батырмасы объектті жылжыту не трансформация жасау барысында толық көрсету режимін іске қосу үшін;

  • Параметры (Options) батырммасы программа параметрлерін батауға мүмкіндік беретін сұхбат терезесін ашу.


3. Мәзірлер қатары

CorelDraw құралдарының кейбірі тек мәзірлер қатарында ғана орналасқан.



  • Растровые изображение (Bitmaps) мәзірінде орналасқан растрлық объекттерді өңдеу құралдары;

  • Эффекты (Effects) мәзірінің құрамына кіретін Изменить (Adjust), Трансформация (Transform), Корректировать (Correction), Добавить перспективу (Add Perspective), Контейнер (Power Clip), Перекат (Rollover) құралдары;

  • Вид мәзіріндегі көріну параметрлерін басқару құралдары;

  • Упорядочить (Arrange) мәзіріндегі Разбить объекты аспабы;

  • Сервис мәзіріндегі сценарий жазу құралдары (Visual Basic).

Алайда, пайдаланушы өз қалауынша аспаптар панелінің, мәзірлер құрамын және басқа интерфейс элементтерінің конфигурациясын өзгерте алады.

Лекция 3.


Тақырыбы: CorelDraw редакторында графика салу
1. Объекттерді құру және модификациялау

2. Графикаға тиісті амалдар

3. Көшіру, дубль жасау және клондау
1. Объекттерді құру және модификациялау

CorelDraw-та типтік объекттерді салу әдістері басқа векторлық редакторлардан аз айырмашылық етеді. Біз негізінен объекттердің қасиеттерін басқару мүмкіндіктері және оларды стандартты құралдармен модификациялау әдістерін қарастырамыз. Программа аппаптарымен құрылған барлық объекттер бірқатар атрибуттарға, және жалпы модификациялау мүмкіндіктеріне ие. Выбор аспабы арқылы ерекшеленіп алынған кезкелген объект үшін қасиетер панелінде мыналар пайда болады:



  • оның координата (х,у) параметрлері көрсетілген жолақ;

  • горизонталь және вертикаль бойынша өлшемдері берілген жолақ;

  • масштабты белгілеуге арналған жолақ;

  • пропорционалды масштабтауға рұқсат беру (бермеу) батырмасы;

  • бұрылу бұрышын беруге арналған жолақ;

  • вертикалі және горизонталі бойынша кері бейнесін алу аспаптарының батырмалары;

Ал, басқа да басқару элементтерінің құрамы жеке объектке тәуелді.

2.Графикага тиісті амалдар.

Сызық қасиетте.Свободное рисования, Перо, Комбинированная линия, кривая по трем точкам аспаптары көмегімен құрылатын сызықтар үшін құрудан алдын қасиеттер панелінде сызық басы мен аяғының формасы, типі, жуандығы, жұмсақтық дәрежесі беріле алады.



Контур. Барлық сызықтар контур болып табылады (ашық және жабық).Кривал Безье және Поро аспаптары мен қисық сызық (сегменттің бастапқы не соңғы нүктесінде тышқанды басылған күйі жылжыту арқылы) немесе түзу(бастапқы және соңғы нүктелеріне бір-бір шерту арқылы) салынады. Салып болған соң Выбор аспабы арқылы обьекті ерекшелеу оның қасиеттерін редакторлауға мүмкіндік береді.

Ашық контурлар үшін Автомотическая замыкания кривой арнайы аспабы бар.Ол контурдың басы мен аяғын қосып жабық контурға сызықтық айналдырады.



Түйіндер. Егер обьект Shape Форма аспабы көмегімен тазалынса онда обьекттің түйін нүктелерін модификациялауға мүмкіндік туады; Түйін нүктелерінің бірін таңдап алып, керекті орынға жылжытады, не осы нүктені басқару жанамасын жылжытып (кішірейтіп, ұзартып, бағытын өзгертіп) әсер етеді. Орындалатын амалдар қасиеттер панелінде көрсетілген.

  • түйін нүктелерді қосу не жою: Добавить узел, Удалить узел;

  • екі нүктені біріктіру: Объединить два узла;

  • қисықты түзуге айналдыру және керісінше Преобразовать кривую, Преобразовать в прямую;

  • Берілген нүктеде сызықты бөлу: Разъединить кривую;

  • Берілген нүктеде қисық формасын өзгерту: Острый узел, Сглаженный узел, Симметрический узел;

  • Сызық бағытын өзгерту: Изменить направление;

  • Ерекшелеп алынған шеткі нүктелерді біріктіру арқылы қисықты жабық контурға айналдыру: Замкнуть кривую;

  • Сегменттер комбинациясы түрінде құрылған объекттен жеке қисықты ажыратып алу: Извлечь фрагмент;

  • Қисықты автоматты түрде жабық контурға айналдыру: Автоматическое замыкание кривой;

  • Сегменттерді қисайту, айналдыру, масштабтау, түйіндерді реттеу жолымен қисықты түрлендіру: Масштабирование и растяжение узлов, Поворот и наклон узлов, Выравнивание узлов;

  • «Эластикалық» түрлендіру режимін іске қосу: Гибкий режим (Elastic Mode);

Безье қисығы. Кривые Безье аспабы арқылы салынған сызықтар үшін модификациялау әдістері жоғарыдағыдай.



Түзу сегментті

бастапқы сызық



1-ші қадам: Форма аспабы көмегімен түйіндерді ерекшелеу

2-ші қадам: Симметрический узел батырмасын қолдану

3-ші қадам: қисыққа Автоматическое замыкание кривой

батырмасын қолдану













3. Көшіру, дубль жасау және клондау

Бірдей типті объекттерді құру барысында көшіру, дубль жасау, клондау амалдарын қолдану ыңғайлы. Көшіру Windows програмаларының барлығында бар стандартты амалға жатады: көшіру – Редактирование->Копировать, қою – Редактирование->Вставить. Қойылған объекттің қасиеттері бастапқы объектке байланысты болмайды, тәуелсіз объект ретінде қарастырылады.



Дубль жасау амалы Редактирование->Дублировать командасы арқылы орындалады. Дубликат орны(бастапқы объектке қатысты) қасиеттер панеліндегі Смещение дубликаты есептеуіштері арқылы беріледі. Дубликаттың қасиеттерін өзгертіп(мысалы координаталарын, бұрылу бұрышын, көлемін) дубль жасау командасын қайта берсек, келесі дубликаттың қасиеттері де сәйкес өзгеріске ұшырайды.

Мұндай әдісті бір-біріне қатысты масштабтау, бұрылу бұрышы, жылжу орны сияқты қасиеттері тұрақты қадаммен өзгеретін объекттер тобын құру үшін қолдану ыңғайлы.



Клондау амалы Редактирование->Клонировать комадасы арқылы орындлады. Дубль жасаудан айырмашылығы екеу: 1-шіден, клон толтыру және контур қасиеттеріне қатысты бастапқы объектпен байланысты болады: бастапқы объекттің осы қасиеттері өзгерсе, ол клонда да өзгереді. 2-шіден, клондау амалы бір сатылы, яғни клоннан тағы да клон құруға болмайды.


Лекция 4.


Тақырыбы: Топтармен амалдар. PowerClip
1. Топтастыру, комбинирлеу

2. Немесе, және, алу амалдары

3. PowerClip объекттері
1. Топтастыру, комбинирлеу

Объекттер топтарына жүргізілетін амалдарға топтастыру (Компоновать->Группировать), комбинирлеу (Компоновать->Комбинировать), сонымен бірге логикалық қиылысу амалы (және), біріктіру(немесе), алу амалдары жатады. Логикалық амалдарды Компоновать->Преобразование командасы арқылы таңдауға болады.

Топтастыру. Объекттерді топтастыру шін алдымен оларды выбор аспабы арқылы ерекшелеп алу қажет. Топтастырылған объекттердің қасиеті өзгермейді.

Комбинирлеу. Топтастырудан айырмашылығы амал нәтижесінде соңғы ерекшеленген объекттің қасиетін сақтайтын қорытынды объект пайда болады. Егер объекттер қиылыса орналасқан болса Компоновать->Разъединить кері амалды орындайды. Бұл жағдайда комбинирлеу кезіндегі қасиеттер сақталады.


2. Немесе, және, алу амалдары

Немесе амалы. Объединить (Weld) командасы арқылы орындалады (Компонавать->Пребразование->Объединить). Ерекшелініп алынған объекттер соңғы ерекшеленген объект қасиетін қабылдайды, және жалпы бір контур құрылады. Егер объекттер қиылыса орналаспаған болса жалпы бәріне ортақ контур құрылмайды. Объекттер қиылыспаған жағдайда кері амал – Компоновать->Разъединить командасы орындала алады. Бірақ объекттердің бастапқы қасиеті орнына келмейді.

Алу амалы. Компоновать->Пребразование-.Исключение командасы арқылы орындалады. Ерекшеленген аймақтар қиылысуы шарт, өйткені қиылысу аймағы соңғы ерекшеленген объекттен алынып тасталынады, Бірінші ерекшелініп алынған объекттің қасиеттері өзгермей қалады. Кері амал орындалмайды. Тек Правка->Отменить арқылы қайтаруға болады.

Алу амалының дербес жағдайлары Вычесть из верхнего объекта нижней және Вычесть из нижнего объекта верхний командалары арқылы орындалады.



1. Бастапқы объекттер 2. Біріктіру 3. Алу


4. Объект қиылысуы 5. Жоғарғы объекттен 6. Төменгі объекттен

және төменгісін алу жоғарғыны алу




Және амалы. Компоновать->Пребразование->Пересечение командасы арқылы орындалады. Ерекшеленген аймақтар қиылысуы шарт, өйткені қорытынды объект ретінде қиылысу аймағы ғана қалады. Бастапқы объекттер жоғалып кетеді. Қорытынды объект соңғы ерекшеленген объекттің қасиетін иелейді. Кері амал орындалмайды.
3. PowerClip объекттері

CorelDraw программасында PowerClip(обрезка) деп аталатын ерекше объекттер классы бар. Мұндай объекттер объект-контейнер болып табылады. Объект-контейнерлердің ішіне басқа объекттер ендіріле алады. Кез-келген объект контейнерге басқа объект-контейнерді ішіндегі объекттерімен салуға болады. Контейнерден шығарып алуға, басқа контейнерге өткізуге болады. Егер ендірілген объекттен көлемі үлкен болса, онда ендірілген объект контейнер фоны ретінде бейнеленеді.

Егер ендірілген объекттің көлемі контейнерден үлкен болса, онда контейнер рамкасына сиған бөлігі ғана көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет