/*Бас бағдарлама*/.
С++ тілінде қосымша тағы бір – бір жолды түсініктеме түрі бар: // (екі слеш) белгісінен кейін орнатылған барлық символдар түсініктеме ретінде қабылданады, мысалы,
//Бас бағдарлама.
Бағдарламалаушылардың көбісі С++ тілінің (//) түсініктемесін қолданады, ал С тілінің түсініктемесі (/* */) бағдарламаның үлкен бөліктерін уақытша өшіру үшін қолданады. Бірақ түсініктемелер бағдарлама шарттаңбасының аудармасы болмау керек, ал түсінікті жерді түсіндіретін түсініктемелердің пайдасы жоқ. Түсініктемелер операторларды емес, олар не үшін бұл жерде қолданылатынын түсіндірулері керек.
Бүтін және нақты мәндерді көрсететін сандар ондық есептеу жүйеде жазылады. Кез-келген санның алдында «+» немесе «-» болуы мүмкін. Нақты санды оның бүтін бөлігі бөлшек бөлігінен нүктемен бөледі. Ондық нүктесі бар нақты санның нүктесінің алдында немесе одан кейін ең кемінде бір цифр болуы керек.
Препроцессор директивасы – С-бағдарламаның бастапқы мәтінінде жазылған, препроцессормен орындалатын нұсқау.
1.2 С++ тіліндегі бағдарламаның құрамы
С++ тілінде жазылған бағдарлама әдетте бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Белгілі есепті шешуге негізделген, мәліметтермен әрекеттесіп, нәтижені қайтаратын бағдарламаның өз бетінше жұмыс істейтін бөлігі.
С++ тіліндегі бағдарламаның құрамы 1.1 - суретте келтірілген.
С++ тілінде кез-келген бағдарлама басты файлды (*.h) қосатын #include директивасынан басталады. Басты файл компиляторға функцияның синтаксисі туралы хабар беретін функциялардың прототиптерінен тұрады, мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |