Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз


Екі өлшемді жиымдар, матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдерді көрсетіңіз



бет39/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Программалау тілдері

Екі өлшемді жиымдар, матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдерді көрсетіңіз.

Кезкелген элементін беру үшін екі индекс талап етілетін жиым екі өлшемді жиым деп аталатынын еске саламыз. Әдетте, жиымды қатарлары мен бағандары бар кесте түрінде береді. Сонда қатар нөмірі-жиымның бірінші индексін, баған нөмірі-жиымның екінші индексін көрсетеді. Екі өлшемді жиым былай сипатталады:

var жиым аты: array[1..қатар саны, 1..баған саны] of типі

Мұнда, Бейсиктегі сияқты қатар мен баған индекстері бір-бірінен үтірмен ажыратылады.

Программада екі өлшемді жиымды көбінесе қатарлары мен бағандары бірдей кесте түрінде шығарады. Паскальда бұл үшін қосымша келесі қатарға көшуді жүзеге асыру керек болады. Бұдан басқа сандардың ұзындықтары да әртүрлі болып жатады. Мыс, бір сан –екі таңбалы, ал екінші сан-үш таңбалы. Нақты сандар әр түрлі бөлшек бөлігімен(цифрлар санына қарай) шығарылады. Мұндай жағдайда бірдей баған алу үшін шығару операторында сан мен оның бөлшек бөлігін жазуға бөлінген позиция санын көрсету ұсын-ылады. Ол былай орындалады: шығаруға арналған айнымалыдан соң қос нүкте арқылы шығарылатын позицияның жалпы санын көрсететін санды, егер ол нақты сан болса, онда тағы бір қос нүкте арқылы ондық үтірден кейінгі мәнді цифрдың саны көрсетіледі. Санды шығару кезінде сан берілген мәнді цифрға дейін дөңгелек-тенеді.Егер а айнымалысы нақты сан және ол 12.356 мәнге ие болса, онда write(a:6:2) операторының орындалуы нәтижесінде 12.36 санын аламыз(сан алдында қосымша бос орын болады).

Математикада екі өлшемді жиымды матрица(кесте) деп атау қабыл-данған. Матрицаның көбірек айтылатыны шаршылық матрица, онда қатар мен баған саны бірдей.

Мысал. Жиым элементі олардың индекстерінің көбейтіндісі-екі

                   өлшемді жиым түрінде болатын көбейту кестесін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет