Графикалық режимде жұмыс істеу жолдарын көрсетіңіз.
Қазіргі ДК-де, негізінен, растрлық дисплейлер қолданылады. Олардағы бейненің ең кіші элементі болып нүкте – pixel (ағылш., picture element) табылады. Дисплейдің мүмкіндігі – бұл көлденең және тік орналасқан пикселдер саны. Дисплейде бейнеленетін сурет орталық процессор жадысының бейнежады (видеопамять) деп аталатын арнайы облысында кодталып сақталады. Мәліметтер периодты түрде осы облыстан оқылып, бейнесигналдарға түрлендіріледі де экранда бейнеленеді. Сурет кодтарын бейнесигналдарға түрлендіруді арнайы электрондық схема – бейнеадаптар (видеоадаптер) жүзеге асырады. C++ тілінде бейнежадының дербес бөліктеріне енуге, түстерді басқаруға, әр түрлі формада графикалық бейнелер тұрғызуға, текстік хабарламалар шығаруға, курсорды басқаруға мүмкіндік беретін көптеген функциялардын тұратын графикалық кітапхана бар. Бұл функциялардың нақты бейнеадаптерлермен жұмысқа баптау қажетті графикалық драйверді қосу арқылы қол жеткізіледі. Драйвер – бұл ДК-дің құрылғыларын басқаруға арналған арнайы программа. Адаптерлердің барлық түрлері үшін графикалық драйверлер Borland International фирмасымен құрастырылған. Олар BGI (Borland Graphics Interface) кеңеймесімен жеке файлдарда орналасқан.
Графикалық драйверді қосу үшін арнайы initgraph()функциясы қолданылады. Көптеген графикалық функциялар ағымдағы позиция көрсеткіші деген ұғымды қолданады. Ол таңдалған пикселді білдіреді және екі бүтін сан арқылы сипатталады:экранның горизонталь және вертикаль координаттары. Нумерация солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі (нольден бастап).
Графикамен жұмыс жаса барысында мына әрекеттер тізбегі арқылы графиктік режимді орнату жолдары жазылады: