Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз


Цикл операторлары, соңғы шартты цикл (do .. while) операторына мысал көрсетіңіз



бет41/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Программалау тілдері

Цикл операторлары, соңғы шартты цикл (do .. while) операторына мысал көрсетіңіз.

Цикл дегеніміз алгоритмнің бір немесе бірнеше қадамдарының берілгендердің әр түрлі мәндері үшін қайталанып отыратын бөлігі.

Циклге күнделікті өмірден мысалдар келтірейік.

Кейбір жағдайларда нәтижеге жету барысында белгілі бір әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін. Шегені қағу үшін балғамен бірнеше рет ұру керек. Бір сынып бөлмесінен келесі сынып бөлмесіне бару үшін бірнеше қадам жасау керек.

Циклдің үш түрі бар: параметрлі (арифметикалық) цикл, шарты алдын-ала берілген цикл, шарты соңынан берілген цикл.



Ең бірінші параметрлі циклге тоқталайық. Егер орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі болса, онда параметрлі цикл қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында мұғалім сендерге стадионды айнала үш айналым жасап жүгіруді тапсырды делік. Бұл тапсырманы орындау үшін сендер бір айналымды үш рет қайталауларың керек. Басқа мысал: математикадан үйге берілген тапсырмада бес есеп шығару керек болсын. Яғни, мұнда «есепті шығару» әрекетін бес рет орындау керек.

Мысалы, сіз сорпа ішуге дайындалдыңыз. Тарелкадағы сорпаны толығымен ішіп тауысу үшін қасықпен неше рет көсіп алу керек екені бізге алдын ала белгісіз. Сондықтан сіз тарелка босағанша қасықпен сорпаны ала бересіз. Ал егер тарелка бастапқыда бос болса, сіз тарелкадан қасықпен сорпа алар ма едіңіз? Әрине жоқ, ол мүмкін емес. Осыдан, циклдің бұл түріне мынадай тұжырым жасауға болады: ол нөл рет орындалады. Бұл циклді шарты алдын ала берілген цикл деп атайды.
Енді циклдің үшінші түрі – шарты соңынан берілетін циклге тоқталайық. Циклдің бұл түрінде қайталану саны белгісіз, бірақ алдыңғы циклден айырмашылығы, онда әрекет орындалмас бұрын алдын ала шарт тексерілетін болса, ал мұнда әрекет орындалғаннан кейін шарт тексеріледі де, әрекет қайталауға беріледі. Шарты соңынан берілетін циклдің орындалуын айқындау үшін, өлшемдері көздерінен үлкен болатын жұмсақ шарлар салынған електі көз алдарыңа елестетіңдерші. 








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет