Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз



бет40/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Программалау тілдері

Program mys9_1;

var i,j:integer; a:array[1..9, 1..9] of integer;

begin

       for i:=1 to 9 do

           begin writeln;

                for j:=1 to 9 do

                     begin a[i,j]:=i*j;

                           write(‘a[‘,i,’,’,j,’]=’,a[i,j],’’);

                     end

           end



end.


  1. Цикл операторлары, for цикл операторы, программаның орындалу тəртібін өзгерту операторларын көрсетіңіз.

Цикл дегеніміз алгоритмнің бір немесе бірнеше қадамдарының берілгендердің әр түрлі мәндері үшін қайталанып отыратын бөлігі.

Циклге күнделікті өмірден мысалдар келтірейік.

Кейбір жағдайларда нәтижеге жету барысында белгілі бір әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін. Шегені қағу үшін балғамен бірнеше рет ұру керек. Бір сынып бөлмесінен келесі сынып бөлмесіне бару үшін бірнеше қадам жасау керек.

Циклдің үш түрі бар: параметрлі (арифметикалық) цикл, шарты алдын-ала берілген цикл, шарты соңынан берілген цикл.

Ең бірінші параметрлі циклге тоқталайық. Егер орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі болса, онда параметрлі цикл қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында мұғалім сендерге стадионды айнала үш айналым жасап жүгіруді тапсырды делік. Бұл тапсырманы орындау үшін сендер бір айналымды үш рет қайталауларың керек. Басқа мысал: математикадан үйге берілген тапсырмада бес есеп шығару керек болсын. Яғни, мұнда «есепті шығару» әрекетін бес рет орындау керек.

Мысалы, сіз сорпа ішуге дайындалдыңыз. Тарелкадағы сорпаны толығымен ішіп тауысу үшін қасықпен неше рет көсіп алу керек екені бізге алдын ала белгісіз. Сондықтан сіз тарелка босағанша қасықпен сорпаны ала бересіз. Ал егер тарелка бастапқыда бос болса, сіз тарелкадан қасықпен сорпа алар ма едіңіз? Әрине жоқ, ол мүмкін емес. Осыдан, циклдің бұл түріне мынадай тұжырым жасауға болады: ол нөл рет орындалады. Бұл циклді шарты алдын ала берілген цикл деп атайды.
Енді циклдің үшінші түрі – шарты соңынан берілетін циклге тоқталайық. Циклдің бұл түрінде қайталану саны белгісіз, бірақ алдыңғы циклден айырмашылығы, онда әрекет орындалмас бұрын алдын ала шарт тексерілетін болса, ал мұнда әрекет орындалғаннан кейін шарт тексеріледі де, әрекет қайталауға беріледі. Шарты соңынан берілетін циклдің орындалуын айқындау үшін, өлшемдері көздерінен үлкен болатын жұмсақ шарлар салынған електі көз алдарыңа елестетіңдерші. 

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторыныңекітүрі бар:

FOR <айнымалы>:= to do <оператор>;

FOR <айнымалы>:=downto do <оператор>;

Мұндағы, S1 және  S2 – циклпараметрініңалғашқыжәнесоңғымәндерінанықтайтынөрнектер;  for…do – циклтақырыбынанықтайтынтүйіндісөздер; <оператор>  — циклтұлғасы.

FOR – ҮШІН,  TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУдегенмағынаныберетінтүйіндісөздер.

Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады. Мысал:1- ден 100- гедейінгісандардыңқосындысын табу керек. 
PROGRAM ESEP1;
VAR I, S: INTEGER;
BEGIN

S:=0;
FOR I:=1 TO 100 DO


S:=S+I;
WRITELN (‘S = ‘ , S);
END. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет