2310 Тыныс алу ауруларын атаңыз, әрқайсысының пайда болу себептері мен олардан емделу жолдарын сипаттап жазыңыз.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.
Өкпенің қабынуы аурудың кең тараған түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе қабынады. Өкпе қабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мұндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.
Туберкулез ауруы
Туберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1—2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37—37,5 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, төсек орнынан да жұғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни иммунитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бұзылмайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.
Тыныс демікпесі-ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т.б. иісі және көңіл-күйдің өзгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда — өкпенің шырышты қабықшасы ісініп, наукас булығып, сырылдап дем алады, беті көгеріп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді. Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып, күре алу жаттығуларымен шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру қажет.
Алдын алу шаралары
Барлық ағзаны нығайту, оның қорғаныс қасиеттерін күшейту.
Дене белсенділігі, шынықтыру процедуралары, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту - мұның бәрі кез келген ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Бұл жалпы ұсынымдар бронх, өкпе және басқа да тыныс алу органдарының ауруларын болдырмау бойынша нұсқаулықтар болып табылады.
Таза ауада серуендеу, үй-жайларды дер кезінде желдету, шыныққан иммундық жүйе - бұл бронхит пен өкпенің қабынуын болдырмаудың бір жолы.
Ата-аналар балаларды шынықтыруға, суық тиюді дер кезінде емдеуге және баланы медициналық тексеруге апаруға, дәрігерлер берген ұсынымдарды орындауға; ойындар кезінде көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге тиіс. Ересектерге жылыту маусымында көмірде аз күл мен күкірт бар жоғары сапалы отынды қолданған жөн. Күлді шығарғанда оны ылғалдап, маска киген жөн.
3
3
1
Сыртқы тыныс алу мен ішкі тыныс алу физиологиялық процесстердің түсіндіріңіз, сипаттаңыз.
3
3
2
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы ақпарат беріңіз, мысал келтіріңіз.
3
3
3
Балаларда алғышқы тыныс алу механизмінің ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
3
3
4
Өкпе тіндері, формасы мен көлемдері туралы мағлұмат жинақтаңыз.
3
3
5
Экспирация және инспирация процесстерін айқындаңыз.
3
3
6
Тыныс алу үрдісі мен механизмі. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктерін атаңыз.
3
3
7
Ішектің сіңіру жəне моторлық қызметтері. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу боынша мысалдар келтіріңіз.
3
3
8
Ішектің сіңіру жəне моторлық қызметтері. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу жолдарына анықтама беріңіз. Түсіндіріңіз.
3
3
9
Өкпенің қапшығы-плевра. Құрылысы, түрлері мен физиологиялық ерекшеліктері, аурулары туралы талдап жазыңыз.
3
3
10
Ас қорыту бездері, орналасу орындары, олардың ферменттері мен физиологиясы, аурулары мен гигиенасы туралы талдап жазыңыз.
3
3
11
Тағамның компоненттері. Олардың тәуліктік қажеттілігі мен жетіспеушіліктен туындайтын ауруларға талдау жааңыз.
3
3
12
Зат алмасу жүйесіндегі өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстарын талдаңыз.
3
3
13
Тікелей және тікелей емес сіңетін тағам компоненттерінің ағзадағы биохимиялық үрдістері, әрқайсысының ағзаның дамуына үлесін талдап жазыңыз.
3
3
14
Бүйректегі зәрдің бөліну процессін деңгейімен талдаңыз. Энурез бен қартаю кезіндегі зәр шығару жүйесінде болатын өзгерістерді сипаттаңыз
3
3
15
Онтогенез, аталық және аналық ағзаларының дамуы, жыныстық жетілу, көбею және сүттену процестері туралы түсінік беріңіз.
3
3
16
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара реніштің туындау себептеріне талдау жасаңыз.