2311. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну патологиялық тыныс және асфиксия туралы мағлұмат беріңіз.
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі үрдістердің жиынтығын айтады. Өкпеде негізінен 3 үрдіс өтеді:
1.атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасуы.
2.олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмірқышқыл газының кері бағытта өтуі.
3.өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы.
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері болып алқыну, немесе ентігу, патологиялық тыныстар пайда болуы есептеледі.
Алқыну – адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын тыныс алу қозғалыстарының тереңдгігі мен жиілігінің, демді ішке тарту мен сыртқа шығару ұзақтығының өзгерістерімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады. Асфиксия, яғни, тұншығу кезінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі жедел дамып, қанға О2 түсуі тоқталады да қаннан СО2 шығарылмайды.Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен, қабынулық ісінумен бітелгенде, тыныс алу жолдары мен өкпе ұяшықтарында сұйық жиналғанда, кеуденің екі жағында пневмоторокс дамығанда болады. Тұншығу,-қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.
Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты, мысалы, жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б. пайда болады.
2312 Балалардың тынысалу жүйесінің мазмұны мен морфологиялық қызметі
Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді.Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3
Достарыңызбен бөлісу: |