236.Тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз Қантамырлар (лат. Blood vessel) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қантамырлар:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар — күретамырларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар — Көктамырларға
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Күретамырлар мен Көктамырлар қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен көктамырлардың жақтаулары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.
237 Эмбрионалда қан тамырлар жүйесінің даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Эмбриондык қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Бүл процесс жүретін жерде мезенхиманың клеткалары топтанып пішінін өзгертіп жүмырланып қан аралшықтарына, қан тамырының тамыр қанының бастамасына айналады. Қан аралшықтарында клеткалар арасына үлпалық сүйық жиналады. Аралшықтардың шетіңде орналаскан клеткалардың бір бөлігі тамырдың келешек қабырғасының бастамасын қүрайды, басқа бөлігі алғашқы қан клеткаларына — гемоцитобластыларға айналады. Аралшықтардың саны тез өседі, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы тамырлар жүйесін күрайды. Гемоцитобластлар ша-ла жіктелген клеткалар, сондықтан олар даму процесі кезінде қанның кез келген клеткасына айнала алады. Эмбриондык қан жасалу кезівде канның пішінді элементтерінің дамуы сарыуыз қапшығы кабырғасының тамырларьшда жүретін эритроциттердің түзілуінен басталады.