Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Лимфа түйіндерінің негізгі орналасу орындары мен қызметтерінің маңызына мысал келтіріңіз



бет7/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД
1 деңгейдегі ОФД, Үміт үзгім келмейді
238 Лимфа түйіндерінің негізгі орналасу орындары мен қызметтерінің маңызына мысал келтіріңіз
Лимфа түйіндері, nodi lymphatici, лимфа тамырлары бойында орналасып, олармен бірге лимфа жүйесін құрайды, лимфопоэз бен антиденелер түзуші ағзаларға жатады.
Әр лимфа түйіні дәнекер тінді қапшықпен жабылған, одан түйіннің іш жағына қарай өсінділер (трабекулалар) кетеді. Түйін бетінде түйін қақпасы жатады – сомалық түйінде бір қақпадан, ал вицералды түйіндерге 3 – 4 қақпадан бар. Қақпа арқылы түйінге артерия мен нервтер өтіп, вена, әкетуші лимфа тамырлары шығады. Қақпа аймағынада трабекулалар қосылып, лимфа түйіні бөліктерден тұрады.
Бездің екі қабаты бар : сыртқы – қыртысты, ішкі – милы. Қыртыс затында негізінен иммунокомпенетті жасушалар (В - лимфоциттер ) бар ұсақ түйіншектер несеме фолликулдар орналасады. Ми заты гуморалдық иммунитет жасауға қатысы бар В – лимфоциттердің жиналу аймағы жататын жұмсақ тәждерден тұрады. Қапшық трабекула мен паренхима арасында бос саңылаулар – лимфа қойнаулары болады. Қойнаулар арқылы түйінге келген лимфа ағады. Қойнау қабырғалары арқылы түйін паренхимасына бөгде затар өтіп жиналады және лимфа әсеріне ұшырайды.
Лимфа түйіндері өмір бойы өзгеріп отырады.Жастық шақтан қартаң шаққа дейін олардың мөлшері 1,5 -2 есе азаяды.Жас ұлғайған сайын сомалық түйіндерде қапшықтар мен трабекулалар жуандап , дәнекер тін көбейіп,паренхима май тінімен алмасады,олар босап, лимфа өте алмай қалады.Қатар жатқан екі түйін бірігіп,ірі бір түйінге айналады,бұл да лимфа түйінлерінің санының азаюына әкеледі.
Жасқа қарай түйіндердің пішіні өзгереді.Жас кезде дөңгелек , сопақ пішінді түйіндер көп болады,ал қарттарда олар созылып,ұлғаяды.
239. Жүрек қан тамырлардың және лимфа ауруларының түрлері,себептері мен олардың гигиенасын алып көрсетіңіз?
Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстан Республикасында жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің республика алғашқы орындарда тұр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериалдық қан қысымын білуі керек, норма көрсеткіштері 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі өлім жағдайларының шамамен 50% жүрек қан-тамыр аурулары себебінен, еңбекке жарамды жаста болады, сондықтан, жұмыс орны — жүрек қан-тамыр аурулары қауіп-қатерін төмендетудің ұйымдасқан маңызды үлгісі.
Ауру түрлері:
Атеросклероз – артерия қабырғасына май массасының жиналуы, холестериннің көбеюі, қанның қоюлануы.
Миокард инфарктісі – жүрек бұлшық етінің жансыздануы. Кенеттен болған физикалық, псикикалық жүктеме әсер етеді.
Жүрек аритмиясы – жүректің қозу импульсінің ритмі немесе жирылу қарқынының бұзылуы.(
Қан қысымның көтерілуі – жас ұлғайғанда артерия тамырларының қабырғасының серпімділігі төмендеп, қатайып қуысы тарылады. Қысымның көтерілуінен тамыр жарылып, миға қан кетуі мүмкін. Аяқ-қолы тартылып, сал- паралич орын алады. (200 мм сын. Бағанасы) 70-80 мм сын. Бағанасына төмендесе бас ауырып, жүрек айнып, құлақ шуылдайды.
Жүрек кемістігі – жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың дұрыс жұмыс істемеуінен қан іркіліп жүректе шу пайда болады.
Қан аздық – гемоглавиннің жетіспеушілігінен эритроциттердің азаюынан болатын ауру. (қан кету, оттег жетіспеушілігінен туындайды.)
Ақ қан ауруы – лекоциттердің көбейуінен эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды.
Себептері мен гигиенасы: Бүгінгі таңда жүрек-қан тамыры ауру­лары­ның алдын-алу үшін әрбір адам ең алдымен темекіден то­лық­тай бас тарту, тиімді тамақ­­тану ережелерін сақтау, май­лы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөл­шерін азай­ту, көкөніс пен жеміс-жи­дек­терді барынша мол пай­да­лану, алкогольді ішімдікті бел­гі­­лен­ген мөлшерде ғана пай­да­лану, дене белсенділігін артты­ру, семіз­діктен сақтану, қан­да­ғы холес­терин құрамын үнемі тек­се­ріп, бақылап отыру сияқты маңыз­ды нәрселерді есте сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет