Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет68/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Ойлаудың формасы бойынша бҧзылуы
Ойлау жылдамдауы
оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бҧл 
кезде алаңдаушылық, зейін бҧзылыстарына байланысты пікір беткей, 
аяқталмаған, ҥстірт талданады, рифм ҧйқастыруға бейімділік болады. 


~ 117 ~ 
Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі - fuga idearum 
деп аталады. Бҧндай жағдай сӛздік қозумен кӛрінеді, бҧл айқын кӛрініс 
бергенде сӛз «сӛздік қиқымдарға» айналады. Сӛз байланыссыздығын еске 
тҥсіреді, бірақ бҧл екі феномен екі тҥрлі. Идеялар секіруі кезінде ойлар 
арасындағы байланыс бҧзылмайды, бірақ ассоциациялар қҧйынына тҥскен 
науқас сӛздерін айтып ҥлгермейді. Сӛзі ой соңынан ілесе алмайды. Мҧндай 
жағдайда науқас сӛйлемді аяқтамай, келесісіне кӛшеді, бірнеше сӛз айтып, 
сӛздер немесе сӛйлемдерді жібере отырып, келесі ойын жеткізуге асығады. 
Бҧл жағдайда қоршаған ортаға аса қызығушылық және зейіннің аса 
тҧрақсыздығы ойлау қызметіне тҥрткі болатын кӛптеген әсершіл пікірлер 
тудырады. 
Ойлау жылдамдығымен науқастың стенографиялық жазбасында: 
«Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды. Сіздің 
кҥтушіңіз бҥгін жҧмысқа келді, оның ішкі киімі кӛйлегінің астынан кӛрініп тҧр. Жҧмадан 
соң сенбі... Ертең сенбі, Сіз мені ертең шығарасыз ба. Сіздің галстугыңыз дҧрыс болмай 
тҧр, мен сізге жӛндеп жіберейін, ойламаңыз, мен сізге жағымпазданып тҧр деп. Бҥкіл 
әлемге қаншама рет жағымпаздықтың қажетсіз, зиянды екені айтылды. Мен сізге 
ғашықпын, бҧнда тҧрған не бар? Махаббат ҧят емес, ҥлкен кҥнә. Мен сізге ӛлең тҥрінде 
хат жаздым, оқып берейін бе?» және т.с.с. 
Ой жылдамдауы маниакальды-депрессивті психоз, шизофрения, 
экзогенді психоз шеңберіндегі маниакальды жағдайда бақыланады. 
Ойлау баяулауы
- ойлау қарқынының тӛмендеуі, тежелуі. Науқас 
ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, 
жоғалуына шағынданады. Сӛзі баяу, кедейленген, сҧрақтарға жауаптары 
біртекті, біраз ҥзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, 
шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет