Ерік дегеніміз - адамның өз мінез – құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулер жүргізіп дәлелдеген ғалымдар: И.М.Сеченов И.П.Павлов
И.М.Сеченов: « Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек....». « Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
И.П.Павлов «... еріктік қозғалыстың механизімі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағытталатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принциптерінің заңына орайлас түіндірді.
Еріктің сапалары: Еріктің күшіне Адамгершіліксиымды ерік қимылының сапаларына Еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына
Темперамент :Темперамент түсінігі
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. Темпераменттің келесідей екі сипаты белгілі:Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді; Эмоциялық, ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.
Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'‘. Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
1)Эмоциясы күштi темпераменттер.
2)Эмоциясы әлсiз темпераменттер. Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне дедi.
Мінез және қабілет - өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі. элементтер - бітістер, қасиеттер, сапалар және т.б. Мінез бітістері – бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар ара- сында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа орай Н.Д.Левитов барша мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді. Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі. Мінез күш-қуаты – адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.