40
Екінші әңгімені тыңда: Менің інім бар. Мен мектептен қайтқанда ол
мені
аңдып тұрып, мұздай су құйып жібереді де қашады. Мен жылап
қаламын. Осы да көңілді ме?
Балалармен әңгіме. Қай әңгіме ұнады. Не себепті?
Қорытынды: (әзілің жарасса атаңмен ойна) деген нақыл сөз бар.
1.
Зейінді дамыту. Нұсқау: Қай фигура артық?
2.
Естің мағыналығын дамыту. Нұсқау:
мәтінді толық тыңдап
болған соң, әрбір сөйлемнің суретін салып көріңіз.
Мәтін: Көктем келді! Күн шығып шөптер бой көтерді. Барлығы мәз
майрам көңілді.
3.
Ойлауды дамыту. (салыстыру, жинақтау) Нұсқау: Тірі және өлі
табиғатты екі топқа жікте.
Сөздер: балық, мүйіз, бұғы, жүн, қасқыр.
4.
Қиялды дамыту. Нұсқау:
өз атыңды сурет бейнесінде,
геометриялық фигура ретінде сал.
Қарым - қатынас тренингі: Балалар, күлімсіреу адамгершілік пен
ізгіліктің, жылылық пен келісімділіктің белгісі.
Қазір шынайы
күлімсіреп жылы сөз айтайық.
Толқын, сен менің ең жақсы құрбымсың. Мен сені қатты
сыйлаймын.
(өзара бір бірімен сыпайы болып жылы сөзге алғыс айтуларына
назар аудару)
10 – сабақ.
Жеке тұлғаның ой өрісін,
логикасын, зеректігін
қорытындылап анықтауға бағытталған сабақ. Сабақтың өту формалары
ойындар, викториналар жарыс түрінде жүргізуге болады.
Егер жарыс
түрінде өткізгіңіз келсе, соңында достықтың жеңетінін айтыңыз.
Әзіл жұмбақтар: бір қолыңызда неше саусақ бар, екіншісінде ше?
Тауық бір аяғымен 2кг болады, екі аяғымен ше? Үстелде үш алма
тұрады. Оны екі әкесі, екі баласы қалай тең бөліп алады? (атасы, әкесі,
баласы). Үстелде екі алма жатыр. Біреуін тең ортасынан бөлдім.
Үстелде неше алма қалды?
41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Жақыпов С.М., Бизақова Ф. «Білім беру жүйесінде
қолданылатын
психокоррекциялық жаттығулар» оқу құралынан алынған
материалдар.
2.
Идилова Т.С. «Логика» Мектеп алды дайындық бағдарламасы
бойынша 5-6 жастағы балаларды оқытуға арналған - Алматы кітап
баспасы 2009ж.
3.
А.А.Шабанова, «Математика. Коррекционно-развивающие занятия с
учащимися подготовительной группы и 1-2 классов начальной
школы»
4.
Веселые уроки №1 «Развиваем память, мышление, внимание,
мелкую моторику». Изд. «Фламинго», 2010
5.
Веселые уроки №2 «Развиваем память, мышление, внимание,
мелкую моторику». Изд. «Фламинго», 2010
6.
Трофимова С.В. «Балаларға арналған тестілер» баланы мектепке
дайындау диагностикасы.