Психолог мамандарға арналған тренингтер


жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрайсың



бет3/9
Дата01.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#12913
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрайсың

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрайсың

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрайсың

1 сағаттың қадірін білгің келсе, бір бірін асыға күткен ғашықтардан сұрайсың

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып койған жолаушыдан сұрайсың

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатының алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрайсың

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрайсың.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа ! Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды. Өмірлеріңізге немқұрайлы қарамаңыздар


Тақырыбы: « Ата-аналармен іскерлік байланысты

дамыту» тренингі
Әр адамның өмірде бақытты

және бақытсыз болуы,

табысты және табыссыз болуы өз қолында.
Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі

көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесу.

Тренинг_ережесі'>Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу

Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.

I. Сәлемдесу. Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен

 дәстүрден тыс амандасу түрін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала, жанұя, отағасы, т.б.)

ІІ. Жүрекшемен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Жүрекшені бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

ІІІ. «Өзіңді теңей біл» Әркім өзін бір затқа немесе бір табиғат құбылысына теңейік. Мысалы: Мен бұлақпын. Мен адамдарды, жануарларды қоректендіремін. Мен өмірге керекпін.

ІҮ. « Күн шуағы » Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды,күнге күн шуақтарын жалғайды

1. Ең үлкен қорқыныш бұл –.

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін..

3. Мен ренжимін, егер.

4. Мен қуаныштымын, себебі..

5. Баланы үнемі қолдап отырса..

6. Мен үшін бақыт деген..

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық. (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ. (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

Ү. «Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс – қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік Өтінемін билейік Ал енді бір – бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір – біріңізге қарап жымиыңыздар Ал енді қабағымызды түйеміз

ҮІ.Стикерлер тарату. (Қорытындылау)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін жазу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар



Өмір деген -театр

Адам оның әртісі.

Өмір деген –бір кеме,

Алға жүзіп өрлеген.

Өмір деген - найзағай

Жарқ етіп тұрған жұлдыздай.

Былай тұрып қарасаң,

Бір ғанибет қой келгенің

Бұл өмірге келгенің...

Тренинг

Тақырыбы:«Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер. Алдын-алу жұмыстары мен жағымды көзқарасты қалыптастыру»

Мақсаты: ата-аналарға қалыпты психологиялық ахуал орта қалыптыру; бала тәрбиесінде ата аналарға жауапкершілікті арттыру; бала мен ата-ана арасындағы жанжалдың алдын-алуда өзінің іс-әрекеттерін қадағалау, дұрыстауға үйрену.

Керекті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті бояулар, флипчарт, стикерлер, түрлі-түсті инелер, баға жазылған стикерлер

Тренинг барысы:

  1. Психологиялық ахуал орнату. Сәлемдесу. Психолог өзін таныстырады.

Құрметті ата-аналар біз бір бірімізді бүні алғашқы рет көріп тұрғандықтан, алдымен танысып аламыз. Ол үшін әр адам «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап бере отырып, есімін айтады. Мысалы: «Мен тәрбиелі психолог Айманмын». Кейін барлығы айтып болған соң, бүгінгі тренингте өзін қалай атағанын қалар еді, соны стикерге жазып, кеудешесіне түйреп қояды.

  1. Тренингтің ережесімен және тақырыппен таныстыру.

Тренинг тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер. Алдын-алу жұмыстары мен жағымды көзқарасты қалыптастыру»

  • Бір - бірімізді сынамаймыз;

  • Ойымызды ашық айтамыз, эмоциямызды жасырмаймыз;

  • Барлық мәселені тек осы жерде және дәл қазір қарастырамыз, әркім өзіне керегін ғана алып кетеміз;

Айман: Отбасы. Бұл сөздің астарында көп мағына жатыр... Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйінің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,-десек артық емес. 

-- Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне  үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

  • Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын
      бір   шарт  -   жас   күнде   көрген   өнеге.
    Жүсіпбек   Аймауытов

---- Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  -  қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  -   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата -  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  Отбасы  -   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын. Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  -  балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.    

Слайд 1.«Іске сәт!»

  1. Әлеуметтік ортаны анықтау. Ортада тұрған ата аналарға психолог нұсқау береді, ары қарай жұмыс жасайтын ортаны анықтау барысы үшін.

Нұсқау:

  • Өзіңіздің өскен ортаңызды еске түсіріңіз.

  • Сіздер бір отбасында нешеу едіңіз?

  • Бір балалы отбасында тәрбиеленсеңіз оң жаққа;

  • Екі балалы отбасында тәрбиеленсеңіз сол жаққа;

  • Үш, төрт немесе одан да көп балалы отбасында тәрбиеленсеңіз ортада қалыңыз. Осылайша қазіргі отбасы бойынша орналасады.

  1. Топтарға тапсырма. Флипчартпен жұмыс.

  • Кикілжің деген не?

  • Кикілжің (жанжал) себептері қандай болуы мүмкін?

  • Ата-аналардың кикілжіңге түсу себептері қандай болуы мүмкін?

Флипчарттағы жұмысты қорғау. Әрбір қорғаудан кейін түсіндіре отырып, пікірлесу.

Сұрақтар:Кикілжің - ол ұрыс-керіс, жанжалдасу, өштесу, жеке тұлғаға бағытталған балағаттау сөздер, қорқыту т.б

Ең қорқыныштысы-ол кикілжіңнен кейінгі кезеңдегі адамның сезімі. Мысалы: қорқу, ренжу, кек сақтау, өш алу т.б.

2.



  • Баланың өтпелі кезеңіндегі жас ерекшеліктері;

  • Өзін сынау, өзін-өзі анықтауға деген құштарлық;

  • Ата аналардың жас шамасының тым үлкен болуы;

  • Өзін барлық жағынан беделді етіп көрсеткісі келетіні.

3.

  • Баланың ер жеткенін мойындамау;

  • Баланы өз еркімен жіберуге қорқу;

  • Баланың әрекетін өз заманымен салыстыру;

  • Ата-ананың жұмыстағы немесе қоғамдағы алатын беделдігінің үйде қайталануы.

  • Ата-ананың үмітін ақтамау.

4

Кикілжіңнің салдары қандай?

Физикалық зиян

Психологиялық зиян

Әлеуметтік зиян

Видеоролик көрсету


  1. Практикалық жұмыс. «Менің отбасым гүл ретінде»

Нұсқау: Өз отбасыларыңыз туралы ойланыңыз. Егер, оларды гүл десек, қандай гүл болар еді? Отбасына елтаңба салу және атын беру. Суретке салыңыз.

Ата аналар салынған суреті туралы баяндайды.



  1. Сергіту сәті: «Салат» ойыны. Ортада барлығы орындықта отырады бірі артық болады. Қалғандарына жұп-жұбымен банан, алма, мандарин т.б. бөліп тастайды. Артық қалған адам өзіне орын табып алуы қажет. Осылайша ойын жалғасады.

Видеоролик

Психолог жағдаятын сұрақтарды ата-аналарға таратады.

Ата-аналар сұрақтарға жауаптарын айтады

Ата-ана жауапты.

  • Баланың өміріне;

  • Баланы өзін және өзгені сыйлауға үйретуге;

  • Баланың өзіне деген жауапкершілікті тәрбиелеуге;

  • Баланың қызығушылығын білуге, қолдауға;

  • Баланың достарын егжей-тегжей тануға;

  • Өз баласына да, өзгенің баласына да қамқорлық көрсетуге;

  • Баланы естуге және тыңдауға.

Ата-аналар!

Есіңізде болсын, сіз де адамсыз.

Өзіңізге де демалыс беруді ұмытпаңыз.

Балаңыз сіздің көңіліңізден шығуын, тіл табысуын өз еркіне беріңіз.

Ең бастысы жақсы көріңіз. Жақсы көргеніңізді жасырмаңыз.

Барлық кезде әділетті шешім қабылдаңыз

Сіз бүгінгі тәрбиеңізге шаршамаңыз өйткені, ол сіздің қарттық өміріңіздің бақытты болуы. Екенін ұмытпаңыз.

Практикалық жұмыс. Отбасының махаббаты

Мақсаты: адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру.

Жаттығудың жүргізілуі: Сіздердің алдарыңызда ақ парақ қағаздар бар. Сіздер сол ақ парақ қағазға отбасы махаббатының суретін саласыздар. Қағазды төрт бөлікке бөлеміз. Мен сіздер сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптың орнына сурет саласыздар. Салған суреттеріңіздің боясыздар.



Рефлексия музыка ойнайды

Мен балаларыма не берер едім?

4


Мен анамнан не алдым?

3


Мен әкемнен не алдым?

2


Ата-әжелеріңіздің сіздерге берген махаббаты?

1




  1. Релаксация «Ойға шомылу» жаттығуы (Дайте слово подсознанию)

Нұсқау. Барлығымыз орындыққа еркін отырамыз. Терең демалып, жұмысқа дайындаламыз. Менің қойылған сұрағым бойынша өз жүрегіңізді тыңдап,жауаптарыңызды қағаз бетіне түсіріп яғни не суреттеп, не жазып отырыңыз.

  • Сіз таза ауада орманда қыдырып, демалып жүрмін деп ойлаңыз. Сіздің ойыңызша орман қандай? Күннің көзі бар ма? Белгілі Сізге бұл жер ұнай ма?

  • Сіз келе жатырсыз бір кезде шөптің арасынан кілтті кездестірдіңіз. Кілт қандай? Сіз кілтті алдыңыз ба, әлде алмадыңыз ба? Бұл кілт сізге қуаныш әкелді ме?

  • Сіз осылайша келе жатырсыз, алдыңызда забор яғни қоршауды көрдіңіз. Ол қоршау қандай биік пе, әлде аласа ма? Оның материалы қандай?

  • Енді сіз көрген осы қоршаудан өтуге тура келеді. Сіз өттіңіз бе? Қиындықтар кездесті ме?

  • Келе жатырсыз алдыңыздағы жолда үңгір бар. Ол үңгір қандай үлкен бе, әлде кішкентай ма? Бұл үңгірді қазған қандай аң екенін білдіңіз бе?

  • Осылайша жүре жүре өзеннің жағалауына келдіңіз. Судың түсі қандай? Таза, мөлдір ме? Судың астынан тастары көріне ме, жоқ па?

  • Осындай ұзақ жолдармен өте келе, сіз үйді көрдіңіз. Үйдің көлемі қандай екен?

  • Үйге жақындай келе есіктегі жазуды оқыдыңыз. Онда былай деп жазылыпты: «Бұл үй сіздікі»

  • Сіз есікті аштыңыз, үйге кірдіңіз. Жан жағыңызға қараңыз. Үй Вы открыли дверь и вошли в таза ма? Бұл үйде неше бөлме екен? Жалпы үй қандай екен?

  • Сіз сарайға келдіңіз. Сарай қандай? Бұл жерде не сақталған? Керекті зат бар ма екен?

  • Ослайша сіз үйден де шықтыңыз. Сонымен алдыңызда теңіз көрінді. Теңіз қандай?

  • Теңіз үстінде шағалалар шиқылдап ұшып жүр. Сіз олардың дауысын естідіңіз бе? Қазір қандай сезімдесіз?

  • Сіз корабльді көрдіңіз. Ол алсыта ма, әлде жақын жерде ме? Оның түрі қандай? Сіз оған мінесіз бе?

Интерпретация.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет