Психолог мамандарға арналған тренингтер



бет6/9
Дата01.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#12913
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Отбасы және мектеп 

(ата-аналармен тренинг)

«Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс»деп ұлы орыс педагогі В.Г.Белинский айтқандай,бұл отырысымыздың тақырыбы  «Отбасы және мектеп»деп аталады.Ендеше,бүгінгі  дөңгелек столымызға  қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар!


«Отбасы және мектеп».Осы  сөздің өзіне   назар аударсақ, «Отбасы»сөзі деген бірінші жазылған,өйткені бала отбасында өмірге келіп,ең алғашқы тәрбиені отбасында бастайды.
1. «Баланың киімі көк,тамағы тоқ,
Басқасында шаруам жоқ»деген ойды қалай түсінеміз.Пікірлеріңізді ортаға салсақ.
- Сіздердің ұстанымдарыңыз бар екен.Ал  мына мәселе жайлы не айтасыз?Көптеген ата-аналар: «Баланың көйлегін көк,тамағын тоқ қылсам болды,оқыту мен тәрбиелеу мектептің міндеті»деп есептейді.Сонымен қатар мектептегі өткізіліп жатқан іс-шараларға,жиналыстарға қатыспайды,тіпті мектептің есігін ашпайды.
2. - Жақсы ойларыңызды түсіндік.
«Киім,тамақ,бәрі менен
Тәрбие , білім мектептен»,-
Деп айтқан ата-ана
Мақұрым қалар бәрінен.Осы  ойды сіздер қалай жалғастырасыздар.
3. – Жақсы айтып өттіңіздер.Енді ортаға мектебіміздің бастауыш классс мұғалімі Күләш апайды шақырайық.Ол кісінің ұстанымы:
«Ұстаз болса ізгілі,
Ата-ана болса үлгілі
Шәкірт болар
Заманының дүлділі».Ал сіз айтылып жатқан ойларға не дейсіз?
- Дұрыс айтасыз,бала тәрбиесі үлкен іс,сондықтан мектеп ата-аналармен бірігіп,жұмысты жандандырып жасауымыз керек.
4. «Қарт ананың мұңы»(қартайған анасын қарттар үйіне тапсырған әке туралы)
Ата-аналарға сұрақ:
- Әкенің осы әрекеті адамгершілікке жата ма?
- Балаға әсері қандай?
5. «Телефон» деген көрініс көрсетіледі.Анасы мен баласы қатысады.Телефон шырылдайды.
Анасы:Мені жоқ дей салшы,-дейді.
Ата-анаға сұрақ:
Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?
6. Болсын балам тәрбиелі,білімді
Күндей күлген болсын жарқын өмірі дей келе,сіздерде өз ойларыңызды қортындылаңыздар.
Қатысушыларға жеке сөз беріліп ой түйінделеді.
1.Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.
Қайшы-қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіпіс атқарайық.
Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы.Сондықтан да саналы,білімді,тәрбиелі шәкірт тәрбиелейік.

Қортынды:


- Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «кеш қалмаңыз!»







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет