Өнегелі тәрбие-отбасынан
Өмір — теңіз,
тағдыр — кеме,
ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.
Сыныбы:7 -9
Мақсаты: -Әр балаға өз отбасынан қадірлеуді, сыйлауды, үлкенді үлгі тұтуды, кішіні мақтан етуді, отбасының бірлігін сақтап, ата-анасын мақтан тұтуды үйрету.
-балаға отбасы мүшелерін таныстыру,
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, алтын-күн?
Амансың ба, жер-ана?
Амансың ба,көк аспан?
Аман болсаң, қуанам!
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып,қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның біріншісі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәрбиелеп өсіру. Бала әрқашан ата-анадан жүрек-жылуын,мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды.Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі –өнеге көрсетуші ,және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Ендігі кезекте балаларға сұрақ беріледі.
1.Отбасы дегеніміз не?
2.Отбасы кімдер құрайды?
3.Отбасында адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?
4.Отбасында неше адам бар?
5. Өз отбасың туралы әңгімеле
2.Мақал-мәтелді жалғастырып айту ата-анаға
1.Балалы үй базар,
…………………………………………………..
2. Ана сөзін тыңдамаған қызданбез,
……………………………………………………………
3.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,
………………………………………………………………
4. Әке көрген оқ жанар,
……………………………………………………………..
5.Ата-ананың қадірін,
…………………………………………………………………
6.Атаңа не қылсаң,………………………………………
7.Қыз өссе,елдің көркі.
…………………………………………………………………………
3. Қимылды іс-әрекет: Балалар анаңызжұмысқа асығып қалай дайындалады? Қимылмен көрсету
4. Қимылды ойын: «Актер» ата-анаға
-көктем мезгілі сияқты қабағымызды түйеміз.
– ренжіген адам секілді.
-ызалы сиқыршы.
-күліңіздер
-көңілді адам
-қорқамыз
-ауыр жүкті көтерген адам секілді шаршаймыз.
-демаламыз
Келесі кезеңіміз «Отбасы мүшелері»деп аталады.
Отбасы мүшелерінің суреті үстел үстінде тұрады, бір-бірден келіп балалар тақтаға жапсырып,астындағы тор көзге аттарын жазады.
6. Ата-анаға «Отбасы» деп аталатын сөзжұмбақ беріледі.
1. Алтын ұяызды атаңыз? Отан
2.Әкеңіздің әкесін кім дейсіз?Ата
3.Ақ тілекті не дейміз? Бата
4.Ініге қамқор адам кім? Аға
5. Кіші қыз баланы қалай атайды? Сіңілі
6. Жақындарыңызды кім дейсіз? Туысқан
7. Сергіту сәті:
Бас бармағым атам-үйдің данасы,
Балан үйрек әжем-ошақ анасы,
Ортан терек әкем –отау панасы,
Шылдыр шүмек шешем-шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек мен-бәрінің базары.
8. Ана-аналарымызға сұрақ беріледі,өз бетінше таңдап жауап бересіздер.
1.Балаңыз сіздің күлімдеп, тұрғаныңызды сезіну керек, ол үшін сіз балаңызды таңертең оятқанда жайлы, баппен оятасыз ба?
2.Балаңызға мектепке барар алдында сенімділікпен, сәттілік тілейсіз бе?
3.Балаңыз бірдене айтқысы келді, қарсы болып тыңдамаған күніңіз болды ма?
4.Балаңыздың досын білесіз бе?
5.Балаңыздың өзіңізді қуантатындай іс-әрекетін айтыңызшы?
6.Баршы ,қолым бос емес! Сияқтышектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз?
7.Жаным менің!Қуанышым !
«Сенің қолыңнан бәрі келеді» деп балаңызға бауыр етіңізді елжіретіп айтқан күніңіз болды ма?
Рахмет,сіздерге ата-аналар.
-Ал, кәнекей,балалар біз сонымен қандай тақырыпты қамтыдық еске түсірейікші.
-отбасы
-Отбасы мүшелерін кімдер құрайды?
-ата,әже,әке,ана,аға,апа,іні.
-Бәріміз қандай отбасымыз?
-бақытты отбасымыз
-Біз қай елде тұрамыз
-Тәуелсіз Қазақстанда
Бүгінгі апталығымызда отбасының қадір-қасиеті туралы түсіндік.
Отбасы-кіші отанымыз.Осы отада тату-тәтті,өмір сүрейік, және бауырларымызбен бақытты өмір кешіңіздер деп бүгінгі тәрбиелі сабағымызды аяқтаймыз.Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар
Мен кіммін?
Мен өмірге не үшін келдім?
Өмірдің мәні неде?
Адам үшін ең құдіретті не?
Адам бақытты болу үшін не керек?
Әр адамның жүрегінде махаббат бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |