“психология бойынша практикум” ПӘні бойынша


Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар



бет4/27
Дата07.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#93364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.
Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – империзмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, империзмнің алғашқы жаршысы болды.
Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.
Джон Локк (1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді. Гартли Д. (1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды.
Гоббстың айтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады.
Джон Миль (1773 - 1838). Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады.
Ламетри (1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді.
Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жасаған. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған.
Герник кеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген.
Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтано болды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні – акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер.
Вюрцбург мектебінің негізін салушы – О. Кюльпе. Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі – интросрекция. Бұл мектеп – ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес. Ол мектеп психологияға эксперимент арқылы тапсырма түсінігін енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет