Бақылау әдісінің түрлері: Бақылау объектісіне байланысты: тұтас бақылау және селективті бақылау;
Бақыланатын объектінің орналасуына қарай: сыртқы объективті дүниені бақылау және ішкі субъективті дүниені бақылау, немесе өзін-өзі бақылау-интроспекция;
Зерттеу мақсатына сәйкес: еркін бақылау (басқарылмайтын, мақсатсыз бақылау) және мақсатты бақылау;
Сипаттау, баяндау бірлігіне қарай: жүйеленген және жүйеленбеген бақылау. Жүйелік бақылау белгілі-бір жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылаушы жүріс-тұрыстың тіркелетін ерекшеліктерін көрсетеді және сыртқы ортаның шарттарын жіктейді. Индивидтің немесе топтың белгілі шарттардағы жүріс-тұрыс көрінісі. Жүйеленбеген емес бақылау зерттеу үстінде жүргізіледі. Ол этнопсихология, даму және әлеуметтік психологияда қолданылады.
Бақылаушының позициясына қарай: сырттай бақылау және қосарланған бақылау. Сырттан бақылаудың өзі ашық және жабық болып бөлінеді;
Бақылауды ұйымдастыру тәсіліне байланысты: лабораториялық бақылау, еркін жағдайдағы бақылау (полевое наблюдение), арнайы қалыптастырған жағдайдағы бақылау (спровоцированное наблюдение);