Психология ғ. д., профессор Бердібаева С.Қ



бет1/2
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ

Психологиядағы жалпы басқару менеджменті және шаруашылықты жүзеге асыру арасындағы арақатынасы




Жауапты магистрант: Хожабаева Макпал Турмаханбетовна
Қабылдаған: психология ғ.д., профессор Бердібаева С.Қ.

Алматы, 2019ж.


Мазмұны


  1. Басқару менеджменті туралы түсінік



  1. Менеждмент пен экономиканың арқатынасы




  1. Шаруашылықты жүргізу аясындағы стартегиялық жоспар




  1. Тиімді менеджмент стратегиясы




  1. Тактикалық жоспарлау




  1. Рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау




  1. Фирма ішіндегі деректерді талдау




  1. Рынок туралы деректерді талдау




  1. Жарнаманы жоспарлау




  1. Тауар өткізудің ақырғы жоспары




  1. Пайданы жоспарлау



  1. Басқару менеджменті туралы түсінік

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

“Менеджмент” ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “Манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.



Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а)адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;


ә)билік және басқару өнері;
б)шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі

“Менеджмент негіздері” курсы бойынша студенттерге арналған американдық  оқулықта төмендегі анықтама берілген. “Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі”

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Беларусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф.М.Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі түсіндіреді.

Э.А. Уткин “Курс менеджмент” еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді:  Менеджмент –бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принуиптері мен қызметтерін ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент –бұл әрі өнер, әрі ғылым. Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай  сипаттаманы Вачугов Д.Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы “Основы менеджмента” деген кітапта береді.

Менеджмент саласындағы маман Веснин В.Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент (мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне) жетекшілік жасамау. Біздің ойымызша, бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәрінен тән ортақ нәрсе — менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 50-ден астам менеджмент анықтамасының интерпетанциясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен анықтама бермеген О.С. Виханский мен А.И. наумов дұрыс жасаған.

Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз. Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, менеджмент-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.

П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұығымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар бастығы іскерлік әлемге “Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде аламыз”. Олар былай деп жазды: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:



  1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петорсонмен Плоуменнің пікірінше оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

  2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызмекткерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

  3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

  4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда қызметкерлер тобының іс әрекетінің ұйымдастырып оларға басшылық ету қажет.

  5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

  6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджментті арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалармен ой пікірлер ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: Менеджменттегі мұндай өзгешіліктерін көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрсада, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы “негізге алынатын түсініктерге” сүйенеді.

Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның  алуан түрлігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізі) қолдану.

Көрнекті америка экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: “Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы”.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысы фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастырумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам  факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің “Еуропада бизнес қалай жасалады” кітабында былай деп жазды: “Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы”. Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы-бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады. Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртышылықтың қажет өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе –кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою (“алдына мақсат қойған менеджмент”) Ескі  стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешілігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адам мен  материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестіктеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Кәсіпорын –ең алдымен адамдар. Осындан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент –бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық катипалдрынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар: Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы. Екіншіден, менеджмент –бұл адамдарды басқару (әрекеті). Менеджментті зерттей отырып, оның атқаратын қызметтерін және әдістерін игеру қажет. Менеджмент  төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:



  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау

  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;

  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері- бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедуралар-ының жүйесі. Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын  қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады. Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, “бұтақты ағаш тәрізді шешімдер” тәсіл қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады. Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі; өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б. Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді: менеджменттің жоғары деңгей (топ management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды.

Жоғарғы деңгейді  әдетте “жалпы” менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған; менеджменттің орташа (midle management) деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған. Сондықтан да ол “функционалды” менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.

Менеджменттің төменгі деңгейіне (lover management) алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құралады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.


  1. Менеждмент пен экономиканың арқатынасы

Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады — мақсат, тиімділік, адам.

Бәсеке жағдайында тиімділік — фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы мынадай компоненттерден тұрады: стратегиялың менеджмент қызметшілерді басқару (қызметші немесе кадрлық менеджмент), технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару (қаржылық менеджмент), материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылың менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.


  • Стратегиялық менеджмент — басты стратегиялық шарттарды құру және жету. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджментке жатады.

  • Қызметшілерді басқару — маңызды менеджмент құраушысы. Ұйымньң барлық максаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

  • Технологиялық процестперді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

  • Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету реттеледі.

  • Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

  • Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

  • Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатьш алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.

  • Жаңартпашылық менеджменті дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарылату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады, ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.

  • Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Басқару — белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы.

Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттың ресурстармен басқаруды игереді.

Менеджмент дегеніміз — бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.

Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:



  • Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

  • Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру жөне еңбекке жағдай жасау;

  • Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

  • Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

  • Нақты мақсаттарды анықтау;

  • Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;

  • Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:

Нарықтық сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;

  • Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуында

  • Шаруашылық өздігінде, соңғы нәтижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;

  • Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;

  • Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.

Басқарудың иерархиялық деңгейі көтерілген сайын менеджер стратегиялық және перспективтік мәселелерді шешуге уақытты көбірек жұмсайды. Төменгі деңгейде, керісінше, менеджер уақытының негізгі бөлігін ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсайды.

Кесте 1

Менеджер уақытын мынадай мәселелерге шешуге жұмсайды


Басқару деңгейлері

Стратегиялық мәселелерге жұмсайтын уақыты

Практикалық мәселелерге жұмсайтын уақыты

Ағымдағы мәселелерге жұмсайтын уақыты

Жоғарғы

60%

25%

15%

Ортаңғы

25%

50%

25%

Төменгі

10%

257,,

65%
 

 

Тәжірибе жүзінде менеджерлер компанияларда жиірек кездеседі. Олардың атқаратын рөлінін ерекшелігі менеджерлердің арнайы дайындығы туралы мәселесін қозғады. Менеджердің профессионализм оның арнаулы білімдері және өндірісті коммерцияны әрі басқаруды ұйымдастыру саласында дағдыларының болуында, ол түрлі салаларда адамдармен жұмыс істеуді білуі қажет. Егер бұрын кітапхананы басқару үшін технология мен басқару техникасын біліп, адамдармен жұмыс істей білуді талап ететін болса, қазіргі таңда қоғамдық өндірістін дамуына байланысты менеджерлерге қойылатын талаптар кеңейтіледі. Зерттеулерге сәйкес қазіргі басшы өзінің саласында 15-20% ғана маман болғандығы жеткілікіті, алдымен ол ұйымдастырушы, психолог, социолог болуы тиіс. Қазіргі таңдағы кітапханалар социотехникалық жүйелерді білетін мамандарды талап етеді, ондай жүйелердін ортасында тұратын — адам.



Сонымен, нарық экономикасының заманында табысты басқару үшін жоғары деңгейде кәсіби басшы — менеджер көптеген қасиеттерге ие болуы тиіс.

Басқару қызметінің тиімділігін белгілейтін адамнын жеке қабілеттерінің даму денгейі. Басшының ұйымдастыру потенциалы қарым-қатынастар жүйесінде анықталады. Басшының лидер, ұйымдастырушы, маман және тәрбиеші ретіндегі әлеуметтік функииялары сан түрлі, бұл басқару қызметінің күрделілігіне әкеліп соқтырады. Басқаша айтқанда, басшының жеке қасиеттері — оның функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оның барлық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Еңбек ұжымының құлықтылық — психологиялық қиындықтарының қайнар көздері бағынушылардың ойлары мен сезімдері. Олардың жүріс-тұрысына әсер ету жолы — бұл басшының осы ұжымның ішкі проблемаларын білуге тырысуы. Бағынатын адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысына әсер ету тиімділігі ұжым басшысының психодиагностикалық қабілеті және дағдыларымен анықталады. Менеджердің психологиялық жетіктілігін белгілейтін мына жағдайлар:


  • өзін-өзі бағалай білу және жеке басын жетілдіру, сонымен қатар өзіне — өзі сенушілік білдіруде шек қою;

  • адамдармен араласудағы дағдылар;

  • психологиялық-педагогикалық дайындық, басшыныңтәрбиелік функцияны атқаруы;

  • ұжымныңөркендеуінің психологиялықзаңдылықтарын білу, себебі басшы кітапханадағы қатынастарды бағалап, оларды түйістіре білуі тиіс.

Басшы өзіне бағынатын адамдарға психологиялық әсер етудің механизмін менгеруі тиіс, бұл үшін ұжымдағы адамдардың қызметін жандандыру әдістерін білуі қажет. Басшы бағынатын адамдардың өздерін танытуға талпынатынын ескертуі тиіс. Психологиялық әсер ету процесінде мына үш негізгі механизмнің бірлігі болуы тиіс: сендіру, үйрету (иландыру) және еріксіз көндіру. Басшының әсер ету әрекеттерін екіге бөлуге болады: шабыттандыру және үстемдік (басым болу) әрекеттер. Әрбір басшы өзіне бағынатын адамдармен белгілі әлеуметтік — психологиялық дистанцияны ұстауға бағытталған қарым-қатынастарда болады. Басшы қызметінін негізі — бұл адамдармен жұмыс істеу. Менеджердің кәсіби жарамдылығының басты белгілері: іскерлік қатынастарды ұйымдастыру қабілеті, ұжымдағы психологиялық климатты реттеу. Басшының қызметін жүзеге асыру процесінде табысқа жетуінің басты көрсеткіші оның жеке басының моральдық-этикалық құндыдықтары, оларға жататындар: адалдық, басқаларды сыйлау, жеке жауапкершілік, ұяттылық, дәйектілік, еңбекте табандылық, ішімдікке және әдепсіз қылықтарға жол бермеу, өзінің қателерін мойындай білу және т.б. Бұл адамдарға тән сапалар тәрбиелеу және қоғамдық ортаның әсер етуі нәтижелерінде қалыптасады.


    1. Шаруашылықты жүргізу аясындағы стартегиялық жоспар

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.



Ұйым міндеті

Ұйым мақсаты

Сыртқы ортаны бағалау және талдау

Күшті және әлсіз жақтарды басқарушының тексертуі

Стратегияны бағалау



Стратегияны жүзеге асыру

Стратегияны таңдау

Стратегиялық баламаны таңдау

1-схема. Стратегиялық жоспарлау моделі


Схемада ең елеулі басқару функциялары келтірілген сол арқылы жоспарлар жүзеге асырылады

    1. Тиімді менеджмент стратегиясы

Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?».

Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. «Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз жәнеде олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз».

3. Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.



4. Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.

5. Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету.

Менеджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стратегиясы тиімділігінің басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен ақы төлеу әдісі белгілегеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машықтанған қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.



6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.

7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.

8. Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына жәрдемдесу, әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.

9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға қатысуы.

Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін, бірлесіп әрекет ету мен бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін, әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі бәсекелестікке жол берілмейді.




    1. Тактикалық жоспарлау

Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.

«Жоспарлау» ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады:



  • жалпы мақсатты ойластыру;

  • белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

  • оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

  • жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.

Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды блады. Мәселен, жоспралаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:



  • бар мүмкіндікті бағалау;

  • басты міндет немесе мақсат;

  • жоспарлы ұсыныстар;

  • баламалар (альтернативтер);

  • баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;

  • баламаларды таңдау;

  • қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;

  • жоспарды цифр түрінде көрсету.

Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.

Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиклық кейбір жағдайлары, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес.

Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіпейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбіесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.

Осыған орай, жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса жоспар жасағанд а өзгеріс енгізетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да, жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің көп болуы жоспардың көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткітерін ақтық басшының билігінде, оның орындалуын үйлестіру мен бақылау да соның игілігінде.

Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан түрлі саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспардан тұрады (2-схеманы қараңыз).

Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағыда атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады.

Жоспардың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Ода жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай – ақ сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау кезінде осал орындар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін, демек істің даму мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы тиіс.

Батыста соңғы жылдары әдетте осал орынға өткізу, қаржылар немесе жұмысшы күштері жатады.

Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (акив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бғыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жеклеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.


    1. Рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау

Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау негізгі роль атқарады.

Кез-келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжалдауға байланысты. Сол себепте де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша роль атқарып қоймай, басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте - өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат қажетін, ал қаржы саласында – ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжалдау ерекше қажет.

Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:



  • қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;

  • орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;

  • ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.

Болжалдаған кезе, тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай ақ орташа және ұзақ мерзімді бағалау ма болжалдауды ескеру керек. Соңғы екі уақыт мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қысқа мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі, кез келген артық материалдардың қолайлылығы, т.б.).

Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы байланыстарды үш түрлі тәсілмен анықтауға болады:

- рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметтің заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің болжамы) және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт аралығында (қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен пайда құнының болжамы;

- бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уақыт кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы құжаты (документ);

- рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемінің болжамы сол уақытта бюджет болады, егер оны компаниядағы жалпы қызметке жауаптылар қарап, бекітетін болса.

Жоспар жасаудың алғашқы қадамы бастапқы ақпарат жинау болып саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.



1-схема. Кәсіпорындарда жоспарлаудың құрылымдық схемасы





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет