Психология


Психологиядагы ортацтасу категориясы



Pdf көрінісі
бет103/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   322
7.1. Психологиядагы ортацтасу категориясы.
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты эрі көп деңгейлі 
аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда эңгіме еткенбіз. 
Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мэні мен кұрылымы 
жағынан танылатын құбылыс — бұл ортақтасу (общение). 
Ортақтасу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, 
тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нэтижелерін, әрекетке орай туын- 
даған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен 
сезімдерін жэне т. б. өзара бөліседі, алмасады. Ортақтасу бір- 
шама дербес кұбылыс ретінде қабылдануымен, субъект 
белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Ортақтасу 
қызметінің нэтижесі — өзгертілген, болмаса қайта жасалған 
дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам 
мен қауым арасында орныкқан байланыс қатынасы. Бұл ретте 
эңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті не оның 
ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне болған әсері туралы. 
Ортақтасу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына субъекттік 
мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет. Қазіргі кезде жал- 
пы психология мәселелерінің көптеген шешімі осы ортақтасу 
категориясын зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі пси- 
хологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі (мыс: түйсік- 
тің сезімге, сезімнің ойға, ойдың сөзге т. с. с), адам психикасын- 
дағы ашық сана аймағы мен астар сана байланысы, адам көңіл 
шарпуларының ерекшеліктері, түлға заңдылықтары ж. т. б. осы 
ортақтасудың негізінде жасалады
Ортақтасу деген не? 
Ортақтасу 
немесе тіл қатынасы — 
біркелікті іс-әрекет қажеттігінсн туындаған адамдар арасындағы 
байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімеле- 
сушілердің өзара ақпарат алмасуынан калыптасады. Бүл ақпа-


рат алмасу тіл катынасының коммуникативтік сипатын құ- 
райды. Ортақтасудың екінші тарапы — сөйлеушілердің өзара 
ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, 
сонымен катар бір-бірінің әрекетін, қылығын танып, оны өзге- 
ріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, соңғы, тарапы — тіл каты- 
насы сөйлесу арқылы адамдардың бірі-бірі кабылдап, өзде- 
рінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас ортақтасу үдерісінде үш бағытты бай- 
қаймыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет