коммуникативті (ақпарат алмасу),
интеракативті (өзара ықпалды әрекетке келу) жэне
перцептивті (адамның бі-
рін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы бір-біріне байланысты ортақ-
тасудың қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке
араласқан адамдардып өзара қатынасын ұйымдастырудың әдіс-
терін құрайды.
Ортақтасу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз.
Бірақ эңгімеге арқау болып отырған ортақтасу қызметі іс-
әрекеттің бір бөлігі ме, не бұл екеуі өз алдына дербестігі бар,
теңдей құбылыс па? — деген сұрақ туындайды. Бірлікті іс-әре-
кет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде басқа
адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни бай-
ланысқа келіп, өзара түсінісумен ақпарат алысып, беріседі. Бұл
жағдайда ортақтасу қызметі іс-эрекеттің бір бөлігі сипатында
қарастырылады, бірақ адам мұнымен шектеліп қалмайды. Сөй-
лесе отырып адам басқаларға өзінін ерекшеліктерін, даралық
қасиеттерін танытады (қазақтың «аузын ашса, көмекейі көрінеді»
деген қанатты сөзі осыдан). Өндірілген зат (құрылған үй,
отырғызылған ағаш, жазылған кітап, орындалған эн) — бүл, бір
жағынан, іс-әрекет нысаны, ал екінші жағынан — адамның өзін-
өзі қоғамдық тұлға ретінде көрсетуінің қажетті құралы, себебі
өнім басқалардың мүддесіне бағышталған. Осы зат арқылы
адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да,
өндіруші мен пайдаланушыға тендей ортақ тіл байланысын
туындатады.
Сонымен, іс-әрекет — ортақтасудың бір бөлігі, ал сезім — іс-
эрекеттің құрама бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда
тұтас бірлікті қүрайды.
1. Психологиядагы ортацтасу категориясы. 2. Ортацтасу —
ацпарат сиімасу цүралы. Сөйлеу. 3. Сөз (сөйлеу) цызметтері. 4. Сөйлеудің түрлері