Психология



Pdf көрінісі
бет104/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   322
коммуникативті 
(ақпарат алмасу), 
интеракативті
(өзара ықпалды әрекетке келу) жэне 
перцептивті 
(адамның бі- 
рін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы бір-біріне байланысты ортақ- 
тасудың қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке 
араласқан адамдардып өзара қатынасын үйымдастырудың әдіс- 
терін құрайды.
Ортақтасу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. 
Бірақ эңгімеге арқау болып отырған ортақтасу қызметі іс- 
әрекеттің бір бөлігі ме, не бұл екеуі өз алдына дербестігі бар, 
теңдей қүбылыс па? — деген сұрақ туындайды. Бірлікті іс-эре- 
кет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде басқа 
адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни бай- 
ланысқа келіп, өзара түсінісумен ақпарат алысып, беріседі. Бұл 
жағдайда ортақтасу қызметі іс-эрекеттің бір бөлігі сипатында 
қарастырылады, бірақ адам мүнымен шектеліп қалмайды. Сөй- 
лесе отырып адам басқаларға өзінін ерекшеліктерін, даралық 
қасиеттерін танытады (қазақтың «аузын ашса, көмекейі көрінеді» 
деген қанатты сөзі осыдан). Өндірілген зат (қүрылған үй, 
отырғызылған ағаш, жазылған кітап, орындалған эн) — бұл, бір 
жағынан, іс-әрекет нысаны, ал екінші жағынан — адамның өзін- 
өзі қоғамдық түлға ретінде көрсетуінің қажетті құралы, себебі 
өнім басқалардың мүддесіне бағышталған. Осы зат арқылы 
адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да, 
өндіруші мен пайдаланушыға тендей ортақ тіл байланысын 
туындатады.
Сонымен, іс-әрекет — ортақтасудың бір бөлігі, ал сезім — іс- 
эрекеттің қүрама бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда 
тұтас бірлікті күрайды.


Ортақтасу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған 
қатынасқан адамдардың элеуметтік қызметгерімен, қоғамдық 
қатынаста тұтқан орынымен, қандай да қауымға мүшелігімен 
анықталады да өндіріс, өнім алмасу жэне оны пайдалануға 
байланысты жағдайларға, совдай-ақ қоғамда орныққан зандар, 
ережелер, талаптарға сай алеуметтік мекемелер тарапынан 
реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын ортақтасу үдерісіне 
қатыспайтын адамға тэн психикалық кұбылыстарды атау өте 
қиын. Іс-әрекетпен біртұтас байланысқан осы ортақтасу ар- 
қылы адам бүкіл қоғам жаратқан тәжірибені игереді. Тұлға 
дамуы түрғысынан ортақтасу барысында біріне-бірі қайшы екі 
диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, 
түпға қоғам өміріне араласады, адамзат топтаған тәжірибені 
игереді, ал екінші жағынан — адамның даралығы айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет