Психология


-бөлім. ТҮЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЙМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет114/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   322
2-бөлім. ТҮЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЙМАҒЫ
— ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
1. ЗЕЙІН 
психологиясы
1. Зейін жөнінде түсінік. 2. Зейін түрлері. 3. Зейіннің
физиологияльщ негізі. 4. Зейіннің негізгі цасиеттері.
1.1 Зейін жөнінде түсінік
Психикалық іс-эрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі 
болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан 
әрекеті мен сол әрекет объективіне тоқтата білуі қажет. Әдемі 
сурет салуға бекінген баланы көз адыңызға келтіріңіз. Сурет 
затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластыра- 
мын деп, жас суретшінің жұмыска шомғаны сонша, тіпті ата- 
аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. 
Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, 
назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бэріне 
алаңдамастан, өз керегімен шүғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде эрқандай заттар 
туралы ойлап, эртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының 
дэлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің эрбір бөлі- 
гінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да 
мэнді тараптарына бағытталады.
Ой-сананың 
бағытталуы 
деп ең алдымен психикалық 
әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объективті күні бұрын 
ниетті іріктеуін, не оған мэн бермеуін айтамыз. Бағытталу тү- 
сінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз 
сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін 
қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңцауды 
түрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық үдерісте 
шэкірттер зейінін анау не мынау зат не іске бағыттау онша 
қиындық тудырмайды, эңгіме төркіні-сол зейін бағытын қажетті 
уақыт аралығында сақтап түру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет