ганглиозды
жүйке
жүйесінің қалыптасуымен шегерілді.
Құрылықтағы тіршілікке өту өмір жағдайларының едәуір
күрделенуін туындатты.
3.2. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-ңылыгы
Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі
ганглиоздық
(белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуы-
мен байланысты. Мұңдай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыз-
дарда, соның ішіңде жэндіктерде, күшті дамыды. Ганглиоздық
жүйкенің туындауы жэне оның көмегімен күрделі әрекет-
қылыктардың қалыптасуы — тіршілік эволюциясындағы өте ма-
ңызды ілгерілеу болды.
Енді карапайым омыртқасыздардың (құрт) өздерінде-ақ, өт-
кен кезеңмен салыстырғанда, жүйке жүйесінің түбегейлі басқа
кұрылым қағидатын
байкауға болады. Химиялық жэне сезімдік (тактилдік) қа-
былдағыш (рецепторлар) жүйке талшықтары жэндіктің бас жа-
ғында топтасқан, олар арқылы жэндік химиялық, жылу, жарық
өзгерістерін жэне сыртқы ортадағы дымқылды қабылдайды.
Бұл сигналдар бас жүйке нүктесінде (ганглий) өңделіп, осыған
байланысты әрекет-қылық «бағдарламасы» дененің әр бөлі-
гінде жайласқан жүйке тізбектері бойынша жайылады. Бұл ара-
да торлы (диффуздық) жүйке жүйесінен мүлде басқаша жаңа
принцип іске қосылып, жүйке жүйесі бір орталыққа бағынышты
болды. Осыдан қүрттың бас үшы енді жетекші мэні атқарып,
оның басқа мүше бөліктеріндегі ганглийлер (жүйке талшықта-
рын біріктірген нүктелер) салыстырмалы, біршама дербестігін
сақтайды. Мұның дәлелі: егер құртты екіге бөліп тастасақ,
оның бас бөлігі өзінің бір тэртіпті қозгалысынан жаңылмай,
топырақты үңгумен болады, ал қалған бөлігінің әрекетінде
ешбір мэн болмайды (әншейін қыбыр).
Жэндік-құрт деңгейіндегі жүйке құрылымының күрделенуі
бұрынғылармен салыстырғанда жетіліңкіреген, бірақ өте
қарапайым әрекет-қылықтардың жаңа түрлерін пайда етті,
сонымен бірге, бұрыннан қалыптасқан дағдыларды сақтап тұру
мүмкіндігіне ие болды, яғни жануарда ес (жад) қасиетінің бел-
гілері нышан берді.
Әрекет-қылықтың бұдан кейінгі дамуы (эволюциясы) тыс-
тан келетін эртүрлі бәлшектенген ақпаратты қабылдауға ар-
налған арнайы тэн тетіктерінің (аппарат) пайда болуымен жэне
жануарға қоршаған ортаның тұрақты, біргелкі, бірақ өте күрделі
жағдайларына икемделуге жәрдем беретін құрамды багдар-
ламалардың өрістеуімен байланысты. Бүл әсіресе буынаяқты-
ларда нақты көрінеді. Мысалы, жәндіктердің көру қабылдағ-
ышы (фоторецептор) мыңдаған дербес көз ұялары (фасет)
сипатты. Ал омырткалылардың фоторецепторы зат бейнесін тұ-
тастыққа келтіреді, ал сол бейненің дэлдігін көз қарашығымен
(хрусталик) реттей алады.
Күрделі фоторецептормен бірге жәндіктер мұртшалар ұшы-
мен тактилдік-химиялық эсерлерді, ауыз қуысы жэне аяк-
шаларымен дэмді, аяқ не қанат қабыршақтарымен тербеліс-
терді, тағы басқа да адам сезе бермейтін күбылыстарды қабыл-
дау қабілетіне ие болды. Жәндіктердің қабьыдау аппаратта-
рының көбі әлі күнге дейін адам үшін жүмбақ.
Жәндіктер әрекет-қылығының көбі тумадан беріліп, нэсілдік
жолмен ұрпақтан-үрпаққа өтіп түрады, яғни
инстинкттік
әрекет-қылық формасына түседі. Мұндай тума қасиет бағ-
дарламасы мындаған әулиет өмірінде жүйеленіп, дене қүрьшысы
қүсап, бірден бірге ауысып барады. Жәндіктердің тума әрекет-
қылықтарына мысал мыңсан. Кейде олар өте күрделі де қа-
жетті, осыдан кей зерттеушілер бүл әрекеттерді саналы қыз-
меттің көрінісі деп те есептеуде. Мысалы, маса өз жұмыртқа-
ларын су бетіне салады, себебі құрғақ жерде олар жоқ болады.
Ара болса, жүмыртқаларын аш болып қалмасы үшін көбелек
құртының денесіне салады. Бүл үшін ол алдымен құрттың
көкірек ганглийін зақымдап, оны әрекеттен айырады, т. т.
Осындай деректерден көп ғалымдар инстинктті ғылыми негіз-
сіз саналы әрекетпен баламаластыруға үрынды.
Бірақ кейінгі көп зерттеулердің, эксперименттік ізденістер-
дің нэтижесінде жануарлардың тума қасиеттерінің санамен
ешқандай да байланысы жоқтығы дәлелденді. Инстинкттік қы-
лық белгілі, түрақты жағдайларға байланысты әрекетке қосы-
латыны анықталды. Өмір жағдайлары мен оның қалыптасқан
шарттары өзгеріске түсумен тума эрекетгер өз қолданымын
таба алмай, «саналылығынан» айырылады. Мысалы, араның
бір түрі әкелген қорегін ұя алдына қоя салып, үя ішін тексеріп
көруге кіреді де, қайта шыға, қорегін үя ішіне сүйрей және-
леді. Ал арнайы эксперимент барысында әкелінген қорек
араның қойған орынынан басқа жерге сәл аударып қойылған
еді, енді орнында жоқ қоректі іздеудің орнына, ара қайта
үіпып жаңадан қорек әкеліп, баяғы әрекетін қайталай бастады.
Міне осылай мэні жоқ ұя ішін «тексеру» — етке сіңген тума
әрекет шексіз орындала береді. Жэндікте әрекетіндегі тума
«инстинкттік» бағдардың механикалық жаттанды екені, даму
барысындағы шартты өмір жағдайларына орай туындап, сырт
көзге «саналы» болатыны осы мысалдан көрініп түр.
Жәндіктердің бірдейіне өзгеріп тұратын қоршаған орта
жағдайларында өмір жалғасын сақтауының себебі бар. Әдетте,
олар шектен тыс сандағы тұқым салады. Дүниеге келген ұрпак-
тың азғана саны ғана жасау қабілетін алады, ал осының өзі-ақ
жануар түрін сақтауга жеткілікті. Сонымен, жануардың инс
тинкты әрекет бағдарламасы санқилы шексіз тітіркендіргіштерді
кабылдауға дайын емес, сондықтан олардың қоршаған орта
эсерлерінің бэріне жауап беру (бейнелеу) мүмкіндігі шектелген.
Инстинкггік денгейдегі болмысты бейнелеу — жеке эсер қа-
сиеттерін немесе қасиет топтарын сезу қарапайым түйсіктік
формата ие. Ғылымда психика дамуының бұл кезеңін көптеген
жануарлар түріне тэн карапайым сезімдік (сенсорлық) психика
кезеңі деп атау қабылданған (А.Н. Леонтьев)
Достарыңызбен бөлісу: |