Психология



Pdf көрінісі
бет44/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   322
өсімдік дүниесі
деп атал- 
ған өмір кезеңінің сипатына айналады.


Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік 
эволюциясының келесі кезеңі — 
жәндік-жануарлар дуниесі
— 
айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегі жалпы, ең қарапайым 
тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы 
формасы — 
сезу
(чувствительность) екені жөнінде ғылымдық 
болжам бар (А.Н. Леонтьев). Бұл болжам бойынша, ең 
қарапайымдарынан бастап эрбір тірі ағзаға тэн құбылыс — 
жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге 
жауап беріп қоймастан, биологиялық мәнсіз не бейтарап әсер- 
лерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, 
жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қара- 
пайымдары да, қоршаған ортада белсенді түрде бағыт-бағдар 
іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, 
төңіректегі барша өзгерістерді байқастырады.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигналдар) тиісті 
мүшеге түсуімен бейтарап тітіркендіргіштерді де қабылдай 
алатын сезу қасиеті өмір (тіршілік) формасына түпкілікті 
өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қоршаған ортада 
бағдарлау қабілетіне ие болып, оңда болып жатқан эртүрлі 
өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, өсімдікгерге тән 
емес, эрекет-қылықтың (поведение) жеке-дара өзгермелі фор- 
маларын қалыптастыра бастады.
Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі эрекет- қылықтың 
қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл үдерісті экс­
перимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жетті: бір 
жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылда- 
майды. Сондықтан да олар бір жағы жарык, екіншісі — қараңғы, 
суы теңдей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал 
егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол 
бүрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына 
ұзақ уақыт жарық түсіріп, жылы жағын қаранғыласа, жануарлар 
әрекеті өзгере бастайды, яғни енді бір жасушалылар темпе- 
ратураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарық- 
ты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын 
жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді жэне пайда болған 
өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.


Жоғарыда баяндалған тітіркену, сезу үдерістері тек бір жа- 
сушалылар өмірін қамтамасыз ете алады, ал олардың көп 
жасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болатын тіршілікке 
бұлар жеткіліксіз.
Көп жасушалылар дэрежесіне өту — тіршілік жағдайын кур- 
дел ендіріп жіберді: қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңцаудың 
белсенділік мәні артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жыл- 
дам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Бұл көп- 
жасушалылардың дене құрылымының күрделенуіне, тітіркенуді 
сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына
булшық ету қысқарту-тарту жасушаларының түзілуі мен 
тор­
лы
— 
тармақты
(диффуздық) сипатқа ие жүйке жүйесінің да- 
муына әкелді.
Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актиния жэне теңіз 
жүлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне тэн 
күбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша 
жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуында ұнамды із қалдыр- 
ғанымен, диффуздық жүйке жүйесінің кемшілігі де бар: қозу 
торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап теңдей тара- 
лады. Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өндеп жэне 
бейнелеп танитын жетекші мүшенің болмағанынан бүл деңгейдегі 
тіршілік иесінін эрекет-қылығы шектеулі болатыны табиғи құ- 
былыс. Мұндай кемшілік бұдан эрі эволюциялық даму ба- 
рысында, әсіресі құрылыктағы тіршілік формасына өтумен, 
диффуздыққа қаратанда бір шама күрделірек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет