Психология



Pdf көрінісі
бет47/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   322
3.4. Жануарлардьщ интеллекттік қылың-әрекеті
Эволюциялық сатының шыңында түрған омыртқалыларда — 
әсіресе приматтарда (маймыл) — 
«интеллектуалды
(интеллект- 
ақыл) 
ңылың-эрекет»
деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың 
жаңа формасы туындады. Бұл психикалық күбылыстың ерек- 
шелігі — мұнда жағдайға байланысты қажетті бағыт-бағдар таң- 
дау сынама-байқау 
қозғалыстарымен қабаттасып келмей, 
олардан алдында жүргізіле бастайды. Осыдан жануардың бүдан 
былайғы эрекетін күні бұрын болжастыратын жаңа айрықша 
(қарапайым қозғалысты өз ішіне қамтыған) күрделі психикалық 
эрекет-қылық формасы бөлініп шықты. Сонымен, эволюциялық 
дамудың ең жоғары кезеңдерінде құрылымды әрекеттің кур- 
дел і түрлері қалыптаса бастайды: а) кезіккен міндеттердің ше- 
шілу жолын тауып беруші, бағытталған зерттестіру эрекеті; 
б) мақсатқа жету үшін қажет икемді, ауыспалы қылық бағдар- 
ламасынтүзу, яғни орындалған істі бастапқы ниетпен салыстыру.
Бұл күрделі әрекет құрылымына тэн сипат — өзін өзі рет- 
теп, басқара алуы, яғни, егер бастаған эрекет қажетті мақсатқа 
жетсе, онда ол тоқтатылады, ал діттелген іс орындалмайтын 
болса, жануар миына тиісті сигналдар беріліп, мәселені шешу- 
дің жолын іздестіру қайта басталады.
Жануарлардың бұл қылық формасынан 
екі маңызды 
құбылысты байқауға болады: а) экстраполяциялық рефлекс (құ- 
былыстың бір бөлігі бойынша жасалған қорытындыны сол 
құбылыстың екінші бөлегіне ауыстыра білуі жэне б) естің 
күрделі түрлерінің дамуы. Осыдан кейбір жануарлар өз қылық- 
әрекетінде заттың тікелей қабылдануымен шектеліп қоймастан, 
сол заттың қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзге- 
рісті алдын-ала тануға қабілетті. Алдын-ала білу әрекет-қы- 
лығының айрықша формасына ие жоғары интеллектуал түрле- 
рінің туындауына негіз болды.
Интеллекттік әрекет-қылықтың пайда болуына жағдай жа- 
сайтын жэне бір шарт — бұл қабылдау үдерісінің күрделене бе- 
руі мен ес беріктігінің ұлғайуы. Мысалы, бір көрген затын 
тышқан — 10-20 сек. дейін, ит — 10 мин. дейін, маймыл — 16-48 
сағ. дейін есінде сақтау мүмкіндігіне ие екендігі дәлелденіп 
отыр (В. Келлер).


Интеллектуалды әрекеттің негізі, қазіргі заман зерттеулері 
бойынша, эрқилы заттар арасындағы күрделі қатынастарды 
танып, бейнелей алуда. Жануар (жоғары дамыған) табиғат насы- 
ндарының өзара байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағ- 
дайдың нэтижесін алдын-ала білуге қабілетті (И.П. Павлов).
Сонымен, сүтқоректілерге тэн интеллектуалды қылық-әрекет 
адам кейіптес маймылдарда ерекше дамуға жетісіп, психика 
өрістеуінің ең жоғары шегін белгіледі. Бұдан эрі тек адамға тэн, 
жаңа типтегі, тіпті басқаша психика әлемінің — 
адам санасы-
ның
даму тарихы басталады. Адам санасының бастауларын 
жануар психикасының ұзақ та күрделі даму үдерісінде байқай- 
мыз. Егер осы даму жолына тұтастай назар салатын болсақ, 
оның негізгі кезеңдері мен басқарылу заңдылықтарын айқын 
болжау мүмкін. Жануарлар психикасының дамуы олардың 
биологиялық эволюциясымен бірге жүріп, осы үдерістің жалпы 
заңдарына бағынады. Психикалық кемелденудің эрбір жаңа 
басқышы — жануарлар тіршілігінің соны тысқы шарттарына 
орай пайда болып, олардың дене құрылымының күрделенуінде 
жаңа қадам іспетті.
Біршама күрделі ортаға бейімделуден жануарлардың өте 
қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезімдік мүшелерінің 
жіктелуі басталды. Осы негізде ортаның айырым қасиеттерін 
бейнелеу қабілеті — 
қарапайым сенсорлық психика
— пайда 
болды. Ол өз кезегімен жануарлардың қүрылық тіршілігіне енуі, 
осыдан бас миы қабығының дамуы өмір субъектіне заттарды 
тұтастай бейнелеуге мүмкіндік берген 
перцептивтік
(нақты 
қабылдау) психикамен ауысты. Ақырында, қабылдау жэне 
қозғалыс мүшелерінің жетіле түсуіне, мидың одан эрі күрде- 
ленуіне ықпал еткен тіршілік шарттарының қиындауы жа- 
нуарларда заттардың объектив арақатынастарын заттасқан әрекет 
тобы түрінде сезіп, қабылдау мүмкіндіктерінің туындауына 
себепші болды. Сонымен, психика дамуы жануардың қоршаған 
ортаға бейімделу қажеттілігімен анықталады да, психикалық 
бейнелеу — осы бейімделу барысында қалыптасқан тиісті тэн 
мүшелерінің қызметі. Жоғарыда сипатталған барша психикалық 
құбылыстардан өзгеше, басқаларға ұқсамас, өзіне тэн белгілеріне


ие бейнелеу формасы бұл — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет