3.6. Еңбек жэне сана
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып
қана қоймастан, оны дайындау уқыбына ие. Қару дайындау-
дың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жібер-
ді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажет-
тіктен (қорек, жем қабылдау) ғана анықталмайды: бұл тур-
ғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән-мағынасы
кейінгі аң аулауға керектігінен туындайды, яғни бұл іс орында-
лып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың
бола-шақта қолданылуын
болжай алуга да
байланысты. Қару
дайындаудың қажетті шарты бола тура, сол білік (болжастыру)
сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады.
Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық
курылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар
қылығы өз қажеттігін қанағаттандырудан эрі асқан емес. Ал
қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы күрделі сипатқа ие
болды: тікелей қажеттік қанағаттандыруға бағытталған әрекет
ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер
бөлініп шықты.
3.7. Тіл жэне адам санасы
Адамның күрделі қүрылған саналы әрекетінің қалыптасуына
себепші болған екінші шарт — бұл тілдің туындауы еді.
Тіл
деп
қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын жэне
нысандарға қатынастарын бейнелейтін белгілер (символ, код)
жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі
құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды,
білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді.
Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар
айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір
Алланың ісі деп таниды. Екіншілер — тілді тіршілік дүние
эволюциясының нэтижесі деп қарастырады. Ал енді ғылыми
шындық түрғысынан алатын болсақ, тілдің шығу негізін адам-
ның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл алғашқыда адамдардың еңбек үдерісінде қарым-қатынас
жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық
іс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, ең-
бекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру кажет-
тілігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация,
ишаралар жэне қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мыңда-
ған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп,
дербестігіне жетті.
Тіл — заттарды, олардың қозғалысы, сапасы жэне қаты-
настарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші қүрал
ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркен-
деуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де, еңбекпен қатар,
сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі болды.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мэнді болтан үш
өзгеріс енгізді:
— қоршаған орта заттары мен оқиталарын жеке сөздер мен
сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар
салып, есте қалдырута мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын
дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бе-
кіту мен адамның ішкі жан-дүние бейнелерін түзуге жэрдемдесті;
— тілдегі сөздер белгілі заттарды атап кана қоймастан,
олардың мэнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы
затты тиісті категорияларға (мэндес топтарға) жатқызуға көмек
берді. Осыдан, тілге байланысты дерексіздену мен қорытын-
дылау үдерісі қамтамасыз етіпіп, сөз енді тек тілдесу кұралы
ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана (рацио-
наль) элеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;
— тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпа-
ратты жеткізудің бірден-бір кұралы. Ғасырлар өтуімен қоғам-
дық-тарихи тэжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпактан
ұрпакка жеткізумен тіл адамға сол тэжірибені игеріп, жеке
басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсіл-
дерін үйреніп алуына жол ашты. Осыдан тілдің пайда болуымен
адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалық дамудың
түбегейлі жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды,
шынайы құралы болды.
Тіл-адамның саналы іс-әрекетінің барша саласына қатысып,
оның психикалық үдерістерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді.
Сондықтан да, тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің
арқауы деп қараса да артық болмас.
Сонымен, сана — өзімен қатар еңбек барысында пайда болған
тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша
психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше
формасы. Бүкіл психикалық эрекеттердің бір-біріне ықпалды
эсерінің дамуы адамның қоршаған дүниені іштей бейнелеуін
қамтамасыз етіп, оның дерексіз (абстракт) нобайын түзді.
Жоғарыда айтқанымыздай, жануарлар психикасы олардың
сыртқы жағдайларға икемдесу әрекеттерінің барысында дамып
барады, ал адамдардың дамуы мен өмірді қайта жаңғыртуы
табиғатты қайта түрлендіру (өзгерту) үдерісінде іске асады. Пси-
хологияны қызықтыратын жеке сана қоғамдық санамен біртұ-
тас байланыста қалыптасып, өрістеп барады. Әрбір тұлға
бейнелеудің саналық (идеалдық) формасын қоғам өміріне
нақты араласуымен игереді: адам ретінде ол өмірден тыс,
қоғамдық қатынастарынсыз жасай алмайды. Осы жасау фор-
масына өтпей, ол адам қоғам мүшесі, азамат, тұлға деңгейіне
көтеріле алмайды.
Қорыта айтсақ, сана — психиканы біріктіруші ен, жоғары
өмір эрекетіттің формасы, адамның еңбек эрекетіне орай
басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғам-
дық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нэтижесі. Сана —
бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады (А.В. Пет
ровский):
1) сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық
бірлігі, оның кұрылымына барша танымдық үдерістер енеді:
түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) санада субъект пен объект айырмашылықтары бекиді.
Органикалық элем тарихында тек адам өзін басқалардан бө-
лектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ақ тіршілік
иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын
өзіне бұруға қабілетті.
3) мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам
табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін
өзгерту ісін зандық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып,
іс-әрекетінің сипаты мен тэсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік
күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптас-
тыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-
эрекеттің орындалу жолын айқындау ж. т. б,
4) сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады.
Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең
алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін
сезімдер жүйесін қамтиды (К. Маркс).
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің
қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты — тіл, сөз. Тіл
— бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы
бекіткен ерекше болмыстық жүйе. Нақты адам тарапынан
қабылданған тіл — сол адамның нақты санасының көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |