Психология



Pdf көрінісі
бет50/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   322
3.8. Сана жэне астарсана
Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім-біліктерді, 
қатынас-толғаныстарды эрдайым сезе бермейді. Содан, 
аста­
рсана
(подсознательное) бейсана (бессознательное) эр адамның 
психикалық болмысының ажырамас құрам бөлігі. Ежелден-ақ 
ғалымдар (Платон) астарсананы қылық-эрекет, сырқат, нэсіл- 
дік, көңіл-күй табиғаты, өнер, адам ара қатынастарын қарас- 
тыру мен топтауда ескерілуі қажет жағдаят екенін мойында- 
ған. Бейсананың көп жағдайларды түсіндіруге қажет екенін 
білгенмен, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын танып білу-


дің жолын ешкім ұсына алмады. Ғылымдағы бейсанаға орай бұл 
қалып 3. Фрейд еңбектері арқасында өзгере бастады.
Бейсана мэселесінің осы заманғы ғылыми түсінігі негізгі екі 
бағытқа бөлінеді; 
психоанализ теориясы
(3. Фрейд) жэне 
астарлы 
психикалық щсңаулар
(установки) 
теориясы.
Психо­
анализ бойынша сана мен бейсана психикалық әрекеттің бір- 
біріне тікелей қарсы, өзара сиыспайтын элементтері. Ал нұсқау- 
лар теориясы, керісінше, психиканың тұтастык идеясын 
дәріптеумен, тұлға (личность) қасиеттерінің бірліктігі туралы 
түсінікті арқау етеді.
Бейсана табиғаты жөніндегі бүгінгі ғылыми пайымдаулар 
келесідей:
Ашық сана (ясное сознание) аймағында сыртқы қоршаған 
орта мен ағзаның ішкі әлемінен бір уақытта келігі түсетін 
әсерлердің кішкене бір көлемі ғана өз бейнесін табады. Осы 
айқын санада білінген әсерлерді ғана адам өз әрекет-қылығын 
басқару үшін 
пайдаланады (Р.М. Грановская). Ал қалған 
ақпараттар да ағза тарапынан кейбір әрекеттерді реттеу үшін 
қолданылады, бірақ оны адамның өзі эрдайым сезе-біле бер- 
мейді, яғни мәліметтер астарсанаға өткен. Бүгінгі ғылыми 
түсінікте сана мен бейсана үйлесімді бірлестік жағдайында 
қызмет жасайтыны қолдау табуда. Әрекет-қылық бағдарын 
таңдауға немесе жаңа шешім қабылдауға кедергі болатын 
жағдайлар туындағанда астардағы білім-біліктер мен іс тәсілдері 
айқын сана шеңберіне шығьп, мәселе шешуге араласады. 
Қойылған мэселе өз жауабын табумен олар қайта астарға өтеді 
де, айқын сана келесі мәселелерді күту үшін босайды. Өмірдің 
эр мезетінде барша эрекет-қылықтың аз бөлігі ғана саналы 
реттелуіне қарамастан, сана өз кезегінде астар жүретін үде- 
рістерге де ықпалын тигізіп отырады. Бейсана айқын сананың 
тікелей қатысынсыз өтіп жатқан эрекеттерді реттеу-басқаруға 
қажет болған барша шарттарды біріктіреді.
Бейсана аймағына, зерттеушілердің пайымына жүгінсек, 
жэне басқа да құбылыстар жатады: ұйқы кезіндегі психикалық 
эрекет (түс, лунатик); тікелей байқалмаған тітіркендіргіштерге 
жауап әрекет (түшкіру, калты-рау); дағдыға айналған қозға-


лыс-әректер (домбыра тарту, гимнаст әрекеті); саналы мақсаты 
болмаған кейбір әрекеттік ықпалдар (сәлемдесу эдеті, жақсылық 
және жамандық іске кірісе кету) жэне т. б. бейсананы психи- 
каның төменгі сатысы ретінде тану дұрыстыққа келмейді, себебі 
бұл адамға ғана тэн ерекше психикалық құбылыс болумен, ол 
адам санасының қоғамдық шарттарына орай себепті пайда 
болып, онымен үзілмес байланыста тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет