Психология



Pdf көрінісі
бет71/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   322
экстериоризация 
деп қарастыру мүм- 
кін, себебі адам өзінің нақты әрекетінде алдын ала санада 
жоспарланған ойды іске асырады. Сыртқы эрекет ішкі жоспар 
қадағалауында болады. Адам орындап жатқан әрекетін ойында 
бейне не ой түрінде қабылданған жоспармен салыстырып 
барады. Міне осыдан жантану ғылымы іс-әрекеттің сырттай 
көрінісін зерттей отырып, оның ішкі мазмұнын ашады, дэлірек 
айтсақ, психиканың (сананың) іс-әрекетгегі нақты мэнін 
түсіндіреді.
5.2. Іс-эрекет құрылымы мен түрлері
Іс-әрекет қүрылымы жөніндегі мэселе психология теорияс- 
ының дамуы мен көптеген практикалық міндет-тердің тиімді 
шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-эрекет қүрылымы жөнін- 
дегі алгашқы теориялық пайымдаулар эрекет элементтерімен 
байланыстырылды. Бүл қарапайым элементтер ретінде эрекеттің 
ең жай түрлері: 
алу, қою, көтеру 
— қабылданған (Ф. Тейлер, 
Д. Джильберт). Әр-қандай іс-әрекет осы элементтердің бір ізді 
тізбегі.


Инженерлік психологияның дамуымен іс-эрекеггі тұрақтал- 
ған алгоритмдер сипатындагы кұбылыс деп тану кең өріс алды. 
Осыған орай элементтер жөніндегі түсінік те жэне олардың 
әрекет, орындау эдістерімен байланысы туралы көзқарас та бас- 
қаша болды. Әлбетте, эрекетті алгоритмдік құрылым сияқты 
тану іс-эрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал бірақ 
осы эрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни 
субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемді 
де деңгейлі, ұдайы даму — өзгерістегі кұбылыс. Ал осы құбы- 
лысты эрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық 
бағыттар, эдетте, жеке элементерге бөліп, оларды өзара бай- 
ланыссыз зерттеуде. Мысалы, бір тұжырым бойынша іс-әрекет 
— бірізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе, 
екіншісі — іс-эрекеттің сеп-түрткілік қырына үлкен мэн береді, 
ал үшінші бірі -іс-әрекетті реттеп барушы тетікдерді талдауға 
көп назар аударады. Іс-әрекетті онымен қоса жүретін физио- 
логиялық үдерістермен де байланыстыра талдау тұжырымы да 
жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бэрінің де өзін- 
дік маңыздылығы орасан, эрбірі өте құнды нәтижеге жеткізіп, 
бірін-бірі толықтырып барады. Бірақ олардың әрқайсысы өз 
алдына әмбебап сипатқа ие емес.
Сонымен, іс-эрекет — адамның қоршаған дүниемен өзара 
ықпалды байланысының жүйесі. Осы жүйеде психикалык бейне 
пайда болып, объектив күйіне енеді, ол іс-эрекеггің саналы қа- 
былданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың бо- 
луынан эрқандай белсенділікті іс-эрекет деп санауға болады. Ал 
іс-эрекеттің бүкіл басқа тараптарының бэрі — сеп-түрткі, іс-әре- 
кетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау 
бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де 
толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-эре­
кет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті 
белгісі.
Тұлғаның әрекеті еңбек іс-эрекетінің қандай да бір көрінісі 
ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағыттал- 
ған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін 
құрайды. Ал еңбектік іс-эрекет әрдайым белгілі өнімге арнала-


тындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам 
әрекетінің саналы эрі мақсатты болуы — адамның басқа 
жануарлар дүниесінен ажырау белгісі. Бірақ мақсат қаншама 
маңызды болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мэнін таныта 
алмайды. Іс-әрекетке бағдарланған мақсат өзінің біршама 
қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетем дегенше адам 
бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін элденеше жеке міндеттерді 
орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекет- 
тер 
амалдар 
деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген іс-әрекет 
орындалу барысының эр мезетіне орай іске асып отыратын осы 
амалдардан құралады. Адам іс-эрекеті әрқилы жэне эр деңгейдегі 
әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы қарапайым бір 
міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің 
(деятельность) эрбір элементі — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет