Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет64/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

53 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біздің жұмысымыз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында, чемоданымызды жинаймыз. Біз бірге жұмыс істедік, сондықтанда әрқайысымыздың жол сөмкемізді бірге жинақтаймыз. Жол сөмкедегі заттар ерекше болмақ. Біз қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз әрқайысымызға қарым- қатынас жасауға не көмектесті және не кедергі жасады соларды «саламыз». Чемоданды біз иесі жоқ кезде жинаймыз, ал жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып чемоданды береміз. Ол чемоданын ешқандай сұрақ қоймай алып кетуі тиіс.

Чемоданды жинау барысында біз бірқатар ережелерді сақтауымыз керек:

1. Чемоданға салынатын көмектесетін және кедергі жасайтын қасиеттердің саны бірдей болуы керек.

2. Әрбір қасиет чемоданға топтың келісімен салынады. Егерде біреуіміз келіспейтін болсақ, топ өзінің шешеімінің дұрыс екендігіне ол адамды көндіруге тырысуына болады, ал егер көндіре алмаса қасиет чемоданға салынбайды.

3. Чемоданға топтың жұмысы барысында көрініс алған қасиеттерді ғана салуға болады.

4. Чемоданға коррекциялауға жарайтын қасиетті ғана салуға болады.

5. Чемоданды жинауды әрқайысымыз кезекпен басқарамыз. Мәселен, Мұрат, сен бастайсың, ал ары қарай Лашын жалғастырады және ары қарай. Жоғарыда айтылған ережелерді ұмытпауларыңызды өтінемін».

Жаттықтырушы уақытша нысан ретінде чемоданды бірінші жинаған қатысушының талқылауының тәжірибесін ұсынуына болады. Қасиеттерді талқылауға чемоданды жинаушы топтың жетекшісінің ұсынысын тыңдағаннан кейін бастауға болады. Чемоданды жинастыру кезінде жаттықтырушы шеңбердің сыртында отырады.

Бұл процедураның қатысушылар арасында реніш тудырмайтын, келісімділікте өткізу үшін жиналған чемоданды жазба түрінде өткізуге рұқсат бермеу керек.

Топтың жұмысын жоспарлау барысында жаттықтырушы чемоданды осы түрде жинастыруға көп уақыт кететіндігін: орта есеппен әрбір топ мүшесіне 20 минуттан кететінін ескеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет