Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



бет198/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Психология институты

Жігітбекова Бақыт Дастанқызы
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ

Алматы, 2007

КІРІСПЕ
Президентiмiз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына “ҚАЗАҚСТАН-2030” жолдауында “Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпағының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулықтары мықты өкiлдерi болады. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн еркiн меңгерген болады. Олар бейбiт, абат, жылдам өркендеу үстiндегi, күллi әлемге әйгiлi, әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады” деген едi.

Адамгершілік – қоғамдық сананың ең көне формаларының бiрi. Өйткенi, ол – адамның қоғамдық және жеке өмiрiнiң барлық саласында оның мiнез-құлқын, өзiне жүктелген әлеуметтiк мiндеттердi атқаруға деген көзқарасын реттейтiн ұстанымдардың, талаптардың, нормалардың, ережелердiң жиынтығы. Кәсiптiк топ моралiнiң синонимі ретiнде қызмет мазмұны мен функцияларына қатысты “этика” терминi жиi қолданылады. Ал, этикаға қоғамдық топ, не мамандықты ұжымының моралi, олардың мiнез-құлық, жүрiс-тұрыс нормалары мен әдептiлiгiн анықтайтын тәртiп ережелерiнiң жиынтығы жатады. Мораль этика ұстанымдары мен ережелерiн орындау қоғамдық парыздылыққа негiзделген.

Жаңа ғасырдағы қазақ мектебi жастардың интеллектуалдық дамуын, психологиялық, физиологиялық және жас шамасын ескере отырып бiлiм алуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, қазiргi ұстаз – бiлiм берушi, өмiрге бағыт берушi, ұйымдастырушы, тең дәрежеде пiкiрлесушi, оқушының жан-дүниесiн түсiнушi, әрi сыпайы тәрбиелеушi, әрi бiлiмдi мұғалiм, әрi мейiрiмдi ана, әрi қамқор әке және сырлас жетекшi. Өйткенi, мына қарама-қайшылығы, қиындығы мол қоғамдық ортадан орын табу үшiн, қазiр бiлiммен бiрге оқушыға ақыл, өнеге, қажырлы қайрат пен саналы әрекет керек.

Сана белгiлi бiр дәрежеге жеткенде өзiндiк санаға айналады. Өзiндiк сана өзiн-өзi сезiнiп, ұғыну арқылы жететiн сананың ең жоғарғы сатысы. Сана-сезiм дегенiмiз – адамның өзi жайлы ойлай алатын, сезе бiлетiн, әрекеттенетiн субъект ретiнде түсiне бастауы. Сана адам миына байланысты пайда болады, сананың мәнiде бiлiм жатыр. Ал оны тудыратын танымдық iзденiс. Әр нәрсенi бiлуге, ұғынуға талпыныс, iзденiс соңында сананы тудырады. Сана – материядан басқа тiптi өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана бiр жағынан жинақталған бiлiм, ал екiншi жағынан таным үрдісi. Сондықтан, ұстаздың мәңгiлiк бiлiмдену үрдісiнде болуын, оны кәсiби парызы санауының маңызы да осында.

Адамның нақты адамгершiлiк қабiлетiнiң реакциясынан, өзiндiк моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтiрмей әсер етуге жетелейтiн жоғары деңгейдегi адамгершiлiк мәдениетi қалыптасады. Педагогтың кәсiби қызметiнде нақты адамгершiлiк реакциясын тудыратын қабiлет – педагогтың этикасы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет