Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет79/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

Психологиялық жаттығулар
Жинақтың аталмыш бөліміне енген барлық жаттығулар екі тарауға жинақталған:

1. Бақылампаздық сенситивтілігін дамытуға бағытталған жаттығулар.

2. Адамдар мен топтар қарым- қатынасын, жағдайын, сапасын, қасиетін түсіну қабілеттілігін дамытуға бағытталған жаттығулар.
БАҚЫЛАМПАЗДЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауға енген психологиялық жаттығулар адамның және топтың толық сондай-ақ тәптіштелген образын алуға мүмкіндік беретін басқа адамдардан көрінетін алуан белгілерді сезіну және жадында сақтау мүмкіндіктерін дамытады. Мұндай мүмкіндіктердің болмауы немесе шектетілуі адамға көп жағдайда фрагменттер, сөздер мен экспресиялар, бөлшектер арқылы байқалатын қарым-қатынас жасау барысында басқа адамдардың бойынан нақты көрністер бермейді. Адамдармен жұмыс істейтін мамандар үшін (сенситивтік машықтығы соларға арналған) ең маңыздысы «сенсорлық қабылдаудан» «сезімді әсерленушіні» ажырата білу қабілеттілігі негізгі ерекшелігі болатын жеке тұлға аралық бақылау жүргізе алуы, яғни аталмыш адамға қатысты сенің естігенің мен көргеніңді ойлағаның мен сезгеніңнен ажырата алу. Бақылампаздық машықтығының негізінде екі ұстаным қалануы керек: 1) сенсорлық- перцептивтік жүйені дамыту; 2) бақылау барысында бақыланатынды әсерленуден ажырата білу қабілеттілігін дамыту.

Бұл тараудың жаттығулары бақылампаздық сенситивтілігінің адамның вербальды, вербальды емес және проксемикалық (кеңістіктік-уақыттылы) көрінулеріне қатынасын және өзекті қарым-қатынастық жағдайдағы топты жаттықтыруға мүмкіндік береді. Бір топ жаттығулар қандайда бір сенсорлық каналды: көру, есту, тактилді сезімталдықты және т.б. дамытуға бағытталған.

Қатынастың вербальды емес қырларына қатысты бақылампаздықты жаттықтыру үшін сыртқы келбетің, бет қимылы мен қол қимылының, тұрысының көздің микроэкспресиясындағы вегативтік өзгерістердің, айтылған сөздің паралингвистикалық қосымшаларының ерекшеліктерін жазып отыруын талап ету арқылы орындалатын тапсырмалар қолданылады.

Басқа адамның мінез-құлқының вербальдық қырына көңіл бөлуге бағытталған жаттығулар мазмұнды, оны өзгерісін есте сақтаумен, ойдың, идеяның «авторлығын» анықтаумен, пікірлер мен дәйектемелердің құрылым ерекшеліктерімен байланысты тапсырмалар енген.

Адамдардың өзара әрекетінің кеңістіктік - уақыттық сипаттамасына сезімталдықты дамытуға өзара әрекетің арақашықтығын, кеңістікте орналасуын, қозғалуын, қозғалыс ритмін жазып алуды талап ететін тапсырмалар ұсынылады.

Бақылампаздық сенситивтілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар қатысушыларды теориялық сенситивтілікті дамытуға септігін тигізетін мәселелермен байланысты, теориялық пікірлермен, дәйектермен, тұжырымдамалары мен жіктелулермен таныстыру барысында өткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет