Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет77/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

8. Әлеуметтік ақыл-ой өрісі (Social Intelligence) Бұл міндетті қасиет емес. Көп жағдайда суретшілер мен жазушылардың бойында бұл қасиет болмайды. Ал екінші жағынан, мысалы интервью алушының бойында бұл қасиет болуы қажет, өйткені оның қызметі күрделірек: ол мұқият тыңдаумен қатар, бір мезетте зерттеуі тиіс, ашық әңгімеге тарта отырып, салмақты ой иесі ретінде көрінуі керек, достық қарым- қатынаста бола тұра, шыдамдылықты сақтап, өз-өзін ұстай білуімен бір мезетте әңгімені жандандырып отыруы қажет-және осының барлығымен қоса, жалықтырып алмауы керек. Мінез - құлықтың мұндай тепе-теңдігі адамдармен қарым-қатынаста үйлесімділікті қалыптастыратын әртүрлі қасиеттердің жоғары деңгейде дамығанын қажет етеді. Жайлы және өтімді сөйлеу және іс- әрекет жасау үшін басқа адамның ықтимал жауабы қандай болатындығын болжай білу керек. Сондықтанда әлеуметтік ақыл-ой өрісі жылдам, автоматты түрде адамдар туралы ой қорытынды айта білу қабілетімен байланысты, бұған қоса әлеуметтік ақыл-ой өрісі түсініктермен әрекет жасаудан бұрын мінез-құлықпен байланысты» (11).

Сенситивтік мазмұны жағынан В.А. Лабунская қолданған қарым-қатынас барысында қалыптасатын және адамның психикалық жай-күйін, оның адамға өз әсерін болжай алу қабілеті мен қасиеттерінің тепе- тең көрінуін қамтамасыз ететін әлеуметтік- перцептивтік қабілеті түсінігімен жақын (12).

Автордың пікірі бойынша, бұл қабілет күрделі құрылымды, қабілеттердің тобын бейнелейді.

Лабунская жеке тұлғаның әлеуметтік- перцептивтік қабілеті мен оның басқа адамның мінез-құлқын болжай білу және оған өзінің әсерін алдын-ала болжай алу қабілетін жатқызуға болатын функциональдық қырын шектейді. (Біздің көзқарасымызша тәжірибелі алынған критикалық жастың әлеуметтік-перцептивтік қабілеттері деңгейінің көтерілуі назар аударуға турарлық. Бұл -18-22 және 28-32 жаста. 23 –тен 27 жасқа дейін жеке тұлғаның әлеуметтік-перцептивтік дамуы деңгейінің тұрақтануы байқалады).

Ол әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер деп жеке тұлғаның сапа мен қасиеттерін тепе- тең түсіне алу және басқа адамдардың қарым-қатынасын бағалай алу қабілеті деп санайды. Бұл қабілеттердің даму деңгейі басқа қабілеттердің даму деңгейін және олардың арасындағы функциональдық байланысты анықтайды.

Сол себептен, сенситивтік: а) бейнелеу мен түсіністікті, б) адамның, топтың әлеуметтік- психологияляқ мінездемесін жүйелеу мен жадында сақтау және олардың мінез-құлқы мен іс- әрекетін болжалауды қамтамсыз ететін қабілет ретінде қарауға болады. Сенситивтіктің дамуы адам мен оның құрылымын түсіну процесі және әлеуметтік- перцептивтік процестер ағымының жеке ерекшеліктерінің маңыздылығын талап ететін проблемалық жағдайларға қосылу жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сонымен, біз сенситивтік тренинг мәселесіне жеттік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет