Жұмыс түрлері:
- ақпараттық материалдармен және бағдарламалық қамтамасыз етуімен танысу;
- лауазымның сараптамасы мен кәсібиграмманы құру;
- оқытушыдан жекелік қорытындысын алуымен және алынған нәтижелерді талқылауымен тереңдетілген диагностика мен экспресс-диагностика әдістемелерімен өз-өзін тестілеу;
- ІІО-ның қызметкерлерінің дайын нәтижелерінің сараптамасы бойынша жаттығу, қорытындыларды жазу және оларды оқытушымен талқылау;
- психологиялық кәсіби жарамдылығын бағалау, кадрларды іріктеу мен орналастыру бойынша жаттығу.
Осы бағдарламаны оқытудың екі түрі бар: күндізгі және on-line мен off-line семинар режимі бойынша қашықтықтан оқыту түрі.
Күндізгі оқыту сабағы 32 академиялық сағатқа қарастырылған. Топта 10 адамнан аспаса сабақтар нәтижелі және сапалы өткізіледі.
On-line (off-line) семинарлар алдын ала шарттасу бойынша өткізіледі.
On-line (off-line) семинарлар түрлері: тәжірибелік жұмыстың мысалдарын қарастыру шағын-дәріс, веб-презентациялар, жазба тапсырмаларды орындау және талқылау.
Қашықтықтан оқыту шарттары:
- оқушының үйінде немесе жұмыс орнында интернетке қол жетімді веб камера мен компьютер болуы және электрондық почта болуы;
- компьютерде пайдаланушы деңгейінде тәжірибесі болуы қажет.
Дистанциондық оқытудың артықшылығы:
- жұмыстан және үйден қол үзбей оқу;
- оқушыларға Қостанай қ. тұруына және көлікке шығын шықпауы;
- ыңғайлы және икемді сабақ кестесі, жеке және топтық оқыту мүмкіндігі;
-жаңа ақпараттық технологияны меңгіруі, қазіргі замандағы оқу материалдарды және әдістемелерді қолдануы, білімді және дағдыларды меңгірудің әрдайым бақылауы, кеңес беру жеделдігі, оқытушымен қарқынды қатынаста болудан оқыту сапасы мен нәтижелілігінің өсуі;
- электрондық түрде оқу материалдарының толық жиында сақталуы.
Сайтта бағдарламаның толық нұсқауы (көшіру үшін).
Тыңдаушылар тәжірибелік сабақта бөлініс қызметкерлерімен тренингті ұйымдастыру мен өткізу, бақылау топтағы қызметкерлерді психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар бойынша білімге, шеберлік пен дағдыға ие болды, одан басқа диагностикалық әдістемені өткізу үшін бланктардан, қолдану үшін нұсқаулықтардан тұратын таратылатын материалдар алды.
Психологтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу кезінде Психологиялық жұмыс орталығы мен психология және педагогика кафедрасы бірігіп «ІІО-ның психологтарын дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге Қостанай облысы ІІД АДӘК эсперт-психологы С.А.Царенко шақырылды. ІІО-ның психологтарының тәжірибелік қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және кәсіби даму мен тұлғалық өсуінің мәселелері бойынша сұрақтары қарастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша ішкі істер органдарының тәжірибелік психологтарына әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
1. Психолог тұлғасына ұсынылатын талаптардың ішінен келесі сипаттамаларды бөліп көрсетуге болады: психолог жалпы жоғары қабілеттерге ие болуы, зерек, ақылды, бостан ойлайтын, тереңнен ойлайтын сарапшы, тәжірибелі болу керек. Психолог әлеуметті белсенді, адамдармен жұмыс жасауды ұнату, әлеуметке тану (құптау), адамдарға қайрымдылықпен қарау, белсенді топтарды тез құрайтын, жоғары дамыған байланыс құзыреттілікке ие болуы қажет. Сондай «тамаша» психолог неше түрлі субъектілермен өзара іріктеу сұрақтарына құзыретті, жеке мүддені топтық мүдделерге бағындыратын, ар-намысты, адал, борыш пен жауапкершілік сезімі бар, күшті, қайратты болуы тиіс. Ол батыл, тәжірибелік сұрақтарды тез шешеді. Осы талаптар үлгі болып қарастырылады, жалпы бағдар болып саналады.
2. Психологтарға жекелік және кәсіби ұсынылатын талаптар:
- жекелік өсуімен тұрақты жұмыс жасау, кәсіби деңгейін көтеру;
- жағдайда ептеп бағдар болу, төзімділік, креативті, жауапты, адал, таза болу;
- жоспарларды ширақ құру, оларды жұмыста жүйесінде ұстау;
- өз эмоцияларын басқару, позитивті икемдеу, жеке мәселеге қарамай өз жұмысына тілектестікпен адал қарау;
- қорда мәселені шешу үшін бірнеше әдістер болуы тиіс, сонымен қатар әр түрлі сұрақтарға және әрқайсы жас санаттары бойынша жұмыс тәжірибесі болу;
- барлық жүйенің жетілмегеніне қарамай әсерлі жұмыс жасау;
- айналадағылар психолог жұмысының ерекшелігін түсінетіндей, өз жұмысын ұйымдастыру;
- қалыптасқан жағдайды әділ бағалау, жетекшілерге үрдісті түсіндіру үшін өзінде сынау ойлануды дамыту;
- өзге психологтармен қызмет жасау, біліммен, әсерлермен алмасу, одан басқа өзін жөнге салу мен жетілдіру;
- «бейтараптықты сақтау» - барлығына дұрыс шешім табу;
- жаңаны ашу, көңіл көтеру;
- өз білімін тұрақты көтеру.
3. Ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған тренингтерге ұсынылған талаптар:
- психологиялық босатуды өткізу;
- шаршатуды шешу;
- одан әрі жұмысты жалғастыру үшін рухын көтеретін психологиялық икемдеуді жасау;
- жүйке жұқарудан жеңіп шығуға тұрақты оңтайландыратын қондырғы;
- біле тұра қайратты тырысу негізінде өз жүйелігінің біле тұрмайтын механизмдерді өндіру.
4. ІІО-ның қызметкерлерінің кәсіби қызметінің қауіпсіздік белгілері болып табылады:
- қызметкердің жұмысқа жоғары қабілеті (ұжымның барлығы);
- жақсы деңсаулық;
- ұжымда мүшелермен қанағаттану;
- ұжымда дені сау психологиялық климаттың болуы;
- жұмысқа оңды икемделу;
- қалыптасқан қимыл жасайтын билік.
Сонымен, психологтың міндеті – білімге тартатын, жаңаға, кәсіби және тұлғаның өсуіне мүмкіндік туғызатын, қызметкердің қанша ұзақ болса да жағдайын қолдау.
5. Психолог жұмысы кәсіби өзгерістерді алдын алу жұмысы қайтадан қызметке алынғанның қауіпсіздік сезімі жағдайынан басталады. Осы қауіпсіздік болашақта қызметкерден өз-өзін беру, әлеуетін ашып мекеменің жұмысына тиімді салым жасайды.
Жаңа келген қызметкерлер жаңа жағдайға тап болып, мәселе шешу кезінде жүйкесі тозуды сенбеушілікті сезеді. Тұлғаның әр өзгерісі жүйке тозу астарынан шығады. Жүйкенің тозуы қауіп-қатер болып қабылданады. Тұлғаның өзгерісі жүйке тозу фонында құндылық шкаласының бұзылуына, оңды емес қозғамдамасының пайда болуы, жұмыспен қанағаттанбауынан көрінеді.
Қауіпсіздік жағдайын жасауы басқа бөлімдермен және қызметтермен әрекеттесумен, бөлініс жетекшісімен, барлық ұжымның көмегімен лайықты. Кәсіби өзгерістің алдын алу жұмысы ұйымдастырылып, 3 кезеңде өткізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |