Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы
Әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға болатынын өзі шешеді. маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адекватты әдістерін таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларын (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі тиіс. Олардың кейбіреулері әдістемелік нұсқаулықтың әдеби көздері тізімінде ұсынылған, онда әр түрлі мамандарға арналған оқу-әдістемелік әдебиет көрсетілген
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік
педагогикалық жұмыстардың жетістіктері.
Соңғы жылдары мүгедек балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі және бірегейі-зерттеушілер, оқытушылар және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға тоқайластыру. Белгілі бір топ
өкілдерін әлеуметтік ортаға бейімдей алмау, яғни оларды қоғамның толыққанды мүшелігіне икемдей алмау – олардың жан-жақты мүмкіншіліктерін шектеуге
әкеліп соғады. Демек, мұның өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір
түрі. Мәселен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
түрлерінің жетіспеушілігі немесе олардың жетілмеуі жарымжан балалар мен
олардың отбасына айтарлықтай қиындық туғызады. Педагогтар мен
дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс
жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы.
Білім беру мекемелерінде психологиялық-медициналық-педагогикалық Консилиумның іс әрекетін ұйымдастыру
Психологиялық-медициналық-педагогикалық Консилиум–білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің қатысушыларының іс әрекетін ұйымдастыру түрі. Оқушыларды, нақты топ балаларын (б/б, сынып,
құрылымдық бөлімшелерді) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау және жасақтау.
Әкімшіліктің, негізгі педагогтардың, білім беру мекемесін сүйемелдеу мамандарының пәнаралық командасының, ата-аналардың мүмкіндігі шектелген балаларды білім беру процесіне кіріктіруде жекешелендірілген білім беру
маршрутының бірлескен нақты іс әрекетінің жүйесі деп түсінуге болады. Жекешеленділірген білім беру жоспары (жекешелендірілген білім беру бағдарламасы)–нақты бір кезеңге бекітілген білім беру мекемесінің
директорымен және ата-аналармен қол қойылған құжат. Тәжірибеден мысал келтіруге болады: педагогтардың пікірі бойынша мүмкіндігі шектелген жалпы білім беру бағдарламасын толық меңгере алмайды. Оған дефектолог логопед мамандарының, бейімделген дидактикалық материалдардың, тьютор маманының көмегі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |