Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда


Бастауыш сынып тәжірибесінде пунктуациялық қатенің үш түрі кездеседі



бет16/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Бастауыш сынып тәжірибесінде пунктуациялық қатенің үш түрі кездеседі:

1) тыныс белгісін қоймай кету;

2) тыныс белгісін артық қою;

3) тыныс белгісінің қайсысын қоюды білмеу;



Оның себептері:

- пунктуациялық нормасын білмеу;

- мағыналық бөлшектің белгілерін білмеу;

- сөйлемге синтаксистік талдау жасай алмау;

- тыныс белгісінің қызметін білмеу; т.б. [2]

Тыныс белгісінен кеткен қатені есепке алу. Оқушының дәптері тексеріліп, қате кеткен жердің асты сызылады, дәптердің шетіне белгісі қойылады. Оны не мұғалім түзетеді (егер өтілмеген ережеге байланысты болса), немесе, оқушы өзі ізденіп түзетеді. Тыныс белгісінен жіберілген қатені есепке алу мұғалімнің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жалпы сыныпқа тән қателерді бір бөлек, жеке оқушының қатесін бір бөлек тізеді.

Пунктуациялық қатемен жұмысты мұғалім алдын-ала жоспарлайды. Ол мынандай элементтерде тұруы мүмкін: дәптерді тексеру, есепке алу қағазын толтыру сабақ жоспарын жасау. Сабақтың мақсаты – тексерілген жұмыстың (бақылау диктанты, тіл дамыту жұмысы, т.б.) сипатына байланысты болады. Осыған орай пунктуациялық қатемен жұмысты жүргізу әдістемесінің 3 түрі болады:

1) жаттығу орындаудан кеткен қателермен жұмыс;

2) бақылау диктантынан кеткен қателермен жұмыс;

3) мазмұндама, шығарма жұмыстарынан кеткен қателермен жұмыс.

Сонымен, қорыта айтқанда, пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері, тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Олай болса, әрбір тыныс белгісі – сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш. [24]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет