Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда


-тарау. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ПУНКТУАЦИЯЛЫҚ ИКЕМДІЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ



бет17/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

2-тарау. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ПУНКТУАЦИЯЛЫҚ ИКЕМДІЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Пунктуациялық қателердің түрлері және оларды түзету жолдары.
Жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланыстыру тұтастығы. Ол әрекеттер тілдік және ой амалдарына байланысты орындалады. Қазақ тілі әдістемесінде жаттығулар жүйесін түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай жіктей келе, Н.Ж.Құрманова жаттығуларды негізінен «тілдік» және сөйлеу жаттығулары деп топтастырады және жаттығулардың қазіргі кезде 30 шақты түрі бар деп көрсетеді

М.Жусупов тілдің көп қызметті қасиетін меңгертуді, танытуды ұстаным етіп ала отырыпе, жаттығулардың 2 типін, 5 түрін көрсетеді [ 25 ]. Мысалы: теориялық білімді игеруге арналған жаттығу түрлері: а) тілдік жүйені игертуге бағытталған жаттығулар; ә) тілдік материалды талдауға, үйретуге бағытталған жаттығулар; б) қатысымдық біліктерін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар. Демек, жаттығуларды топтастыруда жалпы және жеке ұстанымдарды басшылыққа алу оқыту мен оқыту мазмұнын байланыстыруда, білім мен біліктілікті біріктіруде маңызды болып табылады. Сондай-ақ тыныс белгіні үйрету синтаксистік білім, біліктілікке орай жүргізіледі.

Ғалым С.Рахметова атап көрсеткен тіл дамыту жұмыстарының үш бағыты (сөздік жұмысы, сөз тіркесі және сөйлемнен жұмыс, байланыстырып сөйлеу жұмысы) грамматика сабақтарында жеке-жеке де, бір-бірімен байланыстырыла да жүргізіледі. Демек, синтаксистік материалдарын меңгертуде орындалатын сөйлеу (мақсатына қарай), диалогтық, монологтық (оқу материалы табиғатына қарай), ауызекі сөйлеу тілі, жазбаша тіл жаттығуларын (сөйлеу формасына қарай) тіл дамыту жаттығулары деп қарастыру қажеттігі туындайды [26].

Оқушыларды оқытуда дамыта оқыту логикасы басшылыққа алынғандықтан, синтаксис тақырыптарының мазмұны оқу-ізденімдік тапсырмаларды орындатуорындау логикасы арқылы ғана ашылады, яғни теориялық білім мазмұны оқушының санасына өзінің білімі түрінде қалыптаса алады.



Синтаксис материалдарын меңгертуде орындалатын оқу әрекеттерін жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы анықтайтын болсақ, онда орындалуы тиіс жаттығулардың білімдік және тәрбиелік, дамытушылық мазмұнының сапасына қойылатын талаптар да жоғары болмақ. Сол себептен, оқушыларға синтаксисті меңгертуге арналған жаттығулар жүйесінің сызбасын келтірейік.



1-сурет - Мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытуға арналған жаттығулардың деңгейлік ерекшеліктері.

Дамыта оқытуда жаттығудың орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:



  1. оқушы өзі танып-білуі тиіс болып отырған таным нысанынбасқалардан айқын ажырата алады;

  2. оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным нысанының сыртқы

белгілерімен саналы түрде танысады;

  1. оқушы нақты қандай зандылықты «ашуы» керектігін оқу міндетіретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет