Р 042 02-2015-01 2016 г басылым



бет13/35
Дата06.07.2018
өлшемі0,91 Mb.
#47611
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

Әдебиеттер:

1. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001


Практикалық сабақ 7 – Жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері

Сабақтың мақсаты: Мұнай және өңдеу өнімдерін термодеструкциялық процестерінің механизмін, химизмін меңгеру

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәріс сабағында қамтылмаған мәселелерді қарастыру, ақпарат алмасу, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Термиялық деструкция процестерінің ерекшеліктері қандай?

2. Термиялық крекинг қандай температурада жүреді?

3. Пиролиз кезінде қандай өнімдер түзіледі?



Әдістемелік нұсқау: Алдын ала«Жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің термодеструкциялық өзгерістері» бөлімі бойынша оқулықтар мен есеп жинақтарынан мұқият қарап шығыңыз. Практикалық сабаққа арналғанжурналға мұнайөнімдерін термодеструкциялық процестерінің механизмін, химизмін конспектілеу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:

1. Термиялық крекинг. Термиялық крекинг процесінде көмірсутектер айналуының механизмі

2. Пиролиз

2.1 Пиролиз шикізаты

2.2 Пиролиз өнімдері

2.3 Пиролиз процесінің химизмі

Практикалық сабақ жоспары

1. Мұнайдыңкерингісі мен пиролизініңнегізінтеориялықталдау

2. Тесттіксұрақтарғажауап беру:

1. Жоғары температураның әсерімен жүретін процестер ... деп аталады

А. термиялық

B. температуралық

C. термохимиялық

D. каталитикалық

E. химиялық

2. Термиялық крекинг – бұл:

А. ауасыз қыздыру процесі

В. Тотықтырғыштар қатысында мұнай шикізатын өңдеудің термиялық процесі

С. Жоғары молекулалық қосылыстардың төмен молекулаларға айналуы және термиялық деструкция процесі

D. катализатор қатысында мұнайды термиялық өңдеу процесі

Е. сутек қатысында мұнайды өңдеу процесі

3. Қазандық отынның тұтқырлығын төмендету мақсатында мұнай шикізатын термиялық өндеу процесі қалай аталады

А. крекинг

В. висбрекинг

С. пиролиз

D. кокстеу

Е. газдандыру

4. Жоғары бағалы олефинді көмірсутектерді алуға негізделген, 750-9000С температурада жүретін термиялық крекингтінқатан түрі - бұл:

A.каталитикалықкрекинг

B. пиролиз

C.висбрекинг

D. кокстеу

E. жартылай кокстеу

5. Пиролизді ... газдарының мөлшерін алу үшін қолданады

А. қаныққан көмірсутектер - метан

В. Қанықпаған көмірсутектер – этилен және пропиленнің

С. Ароматты көмірсутектер - бензолдың

D.сутегі және метанның

Е. метан және этанның

6. Пиролиздің негізгі өнімдері

А. метан

В. арендер

С. күйе

D. сутек



Е. қанықпаған көмірсутектер

7. Пиролиз процесінің негізгі параметрлері:

А. температура

В. Жанасу уақыты

С. Шикізат буының парциалды қысымы

D.А, В, С жауаптары дұрыс

Е. дұрыс жауабы жоқ

8. Пиролиз процесін іс жүзінде асыру үшін қолданылатын қондырғы:

А. адиабаттыреактор

В. Құбыр пештері

С. Ректификациялық мұнара

D.газфракциялаушы қондырғы

Е. фракциялаушыадсорбер

9. Пиролиздік пештердің реакциялық аймағында шикізаттың болу уақыты:

А. 0,02 - 0,05 сек.

В. 0,01 – 0,1 сек.

С. 0,1 – 10 сек.

D.2 – 5 сек.

Е. 10 – 15 сек.

10. Термиялық крекинг реакциясы өнімдерінің түзілуі және көмірсутектік тізбектің үзілу орны неге тәуелді:

А. қысымға

В. температураға

С. Жанасу уақытына

D.тек А және В жауаптары

Е. жоғарыда айтылғандар

Әдебиеттер:

1 Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы: Бастау, 2007. 166-184 б.

2 Ы.Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов. Химиялық технология негіздері. Алматы. 2011. 93-99 б.

3 Каменева А.И. Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых. –М.: Химия, 1990. 149-161 б.


Практикалық сабақ 8 - Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу

Сабақтың мақсаты: Мұнай және мұнай өнімдерінің тұтқырлығын есептеу

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай өңдеуінде тұтқырлықтың қандай түрлерін ажыратады?

2. Динамикалық тұтқырлық нені сипаттайды?

3. Шартты тұтқырлық дегеніміз не?



Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай өңдеуінде тұтқырлықтың қандай түрлерін ажыратады?

2. Динамикалық тұтқырлық нені сипаттайды?

3. Шартты тұтқырлық дегеніміз не?



Әдістемелік нұсқау: Алдын ала «Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу» бөлімі бойынша оқулықтар мен есепжинақтарынан мұқият қарап шығыңыз.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдаужолымен бақылау:

1. Тұтқырлық

Практикалық сабақ жоспары

1. Төменде келтірілген міндеттердің шешім тəртібімен тексеру

2. Есептерді шығару. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001. Есептер1.44-1.54

Есепті шығару мысалдары (С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001)

Мысал 1. 100 жəне 50°С-тағы май фракциясының шартты тұтқырлығы сəйкесінше 2,6 жəне 20°ВУ тең. 70°С-тағы шартты тұтқырлықты анықтаңыз.

Шешуі. Белгісіз тұтқырлықты табу үшін номограмманы қолданайық (10 қосымша). Номограмманың координата торында екі нүктені белгілейміз

100°С, 2,6°ВУ жəне 20°С, 20°ВУ. Табылған А жəне В нүктелер арқылы түзу жүргіземіз. С нүктесін белгілейміз, ол 70°С сәйкес келетін тік түзу мен қиылысы. С нүктесін ординатор проекция лап 70°С температурада шартты тұтқырлық мәнін анықтаймыз: ВУ70=7,1.

Мысал 2. 100°С-тағы мотор майының тұтқырлығы 10,5 мм2/сұрайды, ал 50°С – 59 мм2/с. Май тұтқырлығының индексін анықтау.

Шешу. Тұтқырлық пен температураның Ордината осерінде50=10,5 мм2/с жəне t=100°С сəйкес келетін нүктелірді белгілейміз, олар арқылы түзу жүргіземіз. Екінші түзуді басқа екі нүкте арқылы жүргіземіз: 50=59 мм2/с жəне t=50°С. Екі түзудің қиылысқан жеріндегі нүкте 100 деп белгіленген қисықта жатады. Сəйкесінше май тұтқырлығының индексі 100 тең (ИВ=100).



Мысал 3. Қоспа А (50=12,5 мм2/с) жəне В (50=60 мм2/с) компоненттерінен құралған. Табу керек: а) А компонентінің 40% жəне В компонентінің 60% тұратын қоспаның тұтқырлығын (көлем бойынша); б)кинетикалық тұтқырлығын 50= 39 мм2/с болатын А жəне В компоненттер қоспасының қатынасын.

Шешуі. Номограмманың (12 қосымша ) координата остерінде, 100% А компоненті мен 100% В компонентіне сәйкес келетін тұтқырлық мəндері 12,5 жəне 60 мм2болатын m жəне n нүктелерін түзу сызықпен қосамыз.mn түзуі қоспаның компоненттердің қатынастарының тəуелділігінің тұтқырлығын сипаттайды. Бірінші сұраққа жауап беру үшін (40% А жəне 60% В) қоспасына сəйкес келетін абцисса осіндегі нүктеден mn түзуіне дейінгі перпендикуляр жүргіземіз. Қиылысқан нүктенің ординатасы кинематикалық тұтқырлықтың мəнін береді50=29,5 мм2/с (номограммада – тұтас сызық). Келесі сұраққа жауапты келесі тәсілмен аламыз. Ордината осында кинематикалық тұтқырлығы50=39 мм2/с болатын нүктені анықтаймыз жəне mn түзуі арқылыоны абцисса осіне проекциялаймыз. Компоненттердің қатынасын аламыз А – 25% жəне В – 75% (пунктирді сызық).



Әдебиеттер:

1. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001



Практикалық сабақ 9 – Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасы

Сабақтың мақсаты: Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасын меңгеру

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дәріс сабағында қамтылмаған мәселелерді қарастыру, ақпарат алмасу, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Кокс маңызы неде?

2. Кокстеу процесі қандай температурада жүреді?

3. Кокстеу процесінде қандай өнімдер қосымша түзіледі?



Әдістемелік нұсқау: Алдын ала «Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасы» бөлімі бойынша оқулықтар мен есеп жинақтарынан мұқият қарап шығыңыз. Практикалық сабаққа арналған журналға кокс пайда процесінің механизмі мен кинетикасы конспектілеу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Кокстың пайда болуының механизмі

  2. Кокс пайда болуының кинетикасы

  3. Қыздырып қатайту процесіндегі кокстың құрылысы

  4. Мұнай өңдеу процесіндегі кокстың пайда болуы

  5. ҚЖҚ өңдеу процесіндегі кокстың пайда болуы

Практикалық сабақ жоспары

1. Кокс пайда болуының механизмі мен кинетикасын теориялық талдау

2. Тестік сұрақтарға жауап беру:

1. Қуысты заттар, органикалық массасында 95-97 % көміртегі бар, жылу көзі, шихта компоненті:

А. кокс

В. жартылай кокс

С. антацид

D. көмір


Е. ағаш көмірі

2. Қатты жаңармайды кокстеу кезінде түзілетін өнімнің негізгі массалық үлесін қай зат құрайды

A. кокс

B. коксгазы



C. тас көмір шайыры

D. шайыр асты суы

E. шикі бензол

3. Ауа өткізбей 900-1100 0С дейін қыздыру жолымен коксты алу процесі қалай аталады:

A. кокстеу

B. жартылай кокстеу

C. брикеттеу

D. пластификациялау

E. айдау

4. Термиялық процесте кокстің түзілуі келесі сатыларынан өтеді:

A. арендер → шайырлар → асфальтендер → кокс

B. шайырлар → арендер → асфальтендер → кокс

C. асфальтендер → арендер → шайырлар → кокс

D. арендер → кокс

E. шайырлар → асфальтендер → кокс

5. Крекинг кезіндегі кокс түзілуінің шикізатын атаңыз:

A. Ароматты көмірсутектер

B. Нафтенді көмірсутектер

C. Парафинді көмірсутектер

D. Олефинді көмірсутектер

E. Гетероатомды көмірсутектер

6. Кокстеу процесі қандай аппараттарда жүргізіледі:

A . Домендіпеш

B. Кокстікпеш

C. Контакт аппаратында

D. Мұржалы пеш

E. Газогенератор

7. Кокстік пеші реакторлардың қандай жіктелінуіне жатады?

A. Үздіксіз тәртібінде жұмыс істейтін реактор

B. Үздікті тәртібінде жұмыс істейтін реактор

C. Идеалды араластыру реактор

D. Адиабаттыреактор

E. Жоғары қысымды реактор

8. Каталитикалық крекинг процесінде қысымды жоғарлатқан кезінде кокстің түзілуі:

A. Жоғарылайды

B. Өзгермейді

C. Азаяды

D. 4 кПа қысымына дейін ұлғаяды, ал әрі қарай жоғарылатсақ азаяды

E. 6 кПа қысымына дейін азаяды, ал әрі қарай жоғарылатсақ ұлғаяды

9. Коксті негізгі тұтынушы ретінде қандай өндіріс желісі болып табылады:

A. Түсті металлургия

B. Карбамид өндірісі

C. Полимерлі заттардың өндірісі

D. Резина өндірісі

E. Химиялық талшықтардың өндірісі

10. Мұнай шикізатын өңдеудің химиялық процестеріне жатады:

A. Сольвенттідеасфальттау

B. Сусыздандыру және тұзсыздандыру

C. Кристалдау арқылы депарафиндеу

D. Кокстеу

E. дұрыс жауабы жоқ

Әдебиеттер:

1 Глущенок И.М. Теоретическиеосновытехнологиигорючихископаемых. –М.: металлургия, 1990. С. 142-198.

2 Х.А. Суербаев, Г.М. Абызбекова. Мұнай өңдеу және мұнай химиясындағы бос радикалдық процестер. – Алматы. 2004. 32-39б.

3 Каменева А.И. Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых. –М.: Химия, 1990. 245-252 б.


Практикалық сабақ 10 - Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу

Сабақтың мақсаты: Мұнай өнімдерінің жылулық қасиеттерін есептеу

Сабақтың міндеті: тақырыптың мазмұнын ашу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұнай фракцияларының энтальпиясын қандай формула арқылы есептейді?

2. Булану жылуы нені сипаттайды?

3. Жылусыйымдылықтың қандай түрлері бар?



Әдістемелік нұсқау: Алдын ала «Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін есептеу» бөлімі бойынша оқулықтар мен есеп жинақтарынан мұқият қарап шығыңыз.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Жылусыйымдылық

  2. Булану жылуы

  3. Энтальпия

Практикалық сабақ жоспары

1. Төменде келтірілген міндеттердің шешім тəртібімен тексеру



2. Есептерді шығару. С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001. Есептер 1.55-1.70.

Есепті шығару мысалдары (С.И. Хорошко, А.Н. Хорошко. Сборник задач по химии и технологии нефти и газа. Новополоцк. 2001)

Мысал 1. Температурасы 90°С -тан 130°С интервалындағы, тығыздығы

болатын, мұнай фракциясының орташа жылусыйымдылығын анықтау.

Шешу. Тығыздықты есептейміз



Орташа жылусыйымдылығын (1.13)формуласынан табамыз:



сср=1,444+0,00371105(2,1-0,8157)=1,97 кДж/(кгК).

Мысал 2. 100°С температурадағы сұйық бензин () жəне оның буларының жылу сыйымдылығын анықтау.

Шешуі. Сұйық фазаның жылусыйымдылығын (1.12) формуласынан табамыз:



Булардың жылусыйымдылығын (1.14) формуласынан анықтаймыз:





Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет