Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж



Pdf көрінісі
бет87/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері 
Сабақтағы жоспарлы іс-әрекет 
Ресурстар 
Сабақтың басы 
Келесі нысандарға қандай ортақ қасиет тән: Іле, 
Сырдария, Ертіс, Каспий, Арал, Жайық? 
Физикалық картаны пайдаланып, оқушылар түрлі 
жауаптар береді: 
- Барлығы ішкі суларға жатады. 
-Қазақстанның ішкі сулары. 
- Бұл су нысандары бірнеше мемлекеттің аумағында 
орналасқан. 
Бұл тізімге қандай су нысандарын қосуға болады? 
Қазақстан су ресурстарын қандай мемлекеттермен 
бірлесіп пайдаланады? 
Осы мемлекеттердің дамуында су ресурстарының 
маңыздылығы қандай? Осы мемлекеттерде су 
ресурстарын пайдалану жолдарын айтыңдар: 
- оқушылар бір минут бойы жеке жұмыс істейді; 
- жұпқа бөлінеді; 


90 
- топқа бөлінеді. 
Нәтижесінде әр топ су ресурстарын пайдалану 
жолдарын ұсынады, ортақ кластер жасалады, одан әрі 
оқушылар кластерді оқулық параграфындағы 
ақпараттармен толтырады. 
Сабақтың ортасы 
1- тапсырма. 
Қазақстанның су ресурстарының картасын 
зерделеңдер және төмендегідей су нысандарын 
анықтаңдар:
- елді гидроэнергетикалық ресурстармен, шикізатпен, 
азық-түлікпен қамтамасыз ететін; 
- жағалауын бойлай елді мекендер шоғырланған; 
- ел қорғанысында табиғи тосқауыл рөлін ойнай алатын; 
- мемлекеттің дамуында стратегиялық желі рөлін 
орындайтын; 
- ол арқылы және оны бойлай маңызды көлік жолдары 
өтетін; 
- Дүниежүзілік мұхитқа және теңіз коммуникациясының 
дүниежүзілік жүйесіне шығуды қамтамасыз ете алатын. 
«Қазақстанның су ресурстарының жағдайы тек өзімізге, 
еліміздің тұрғындарына байланысты» деген 
тұжырыммен келісесің бе? Өз жауабыңды дәлелде. 
2-тапсырма
. Су бассейндерінің картасын пайдаланып, 
анықтаңдар:
- Қазақстанның қандай су бассейндері суды 
трансшегаралық өзендерден алады? 
- Қандай су бассейнінің суы Қазақстан аумағында 
түзіліп, басқа мемлекеттің аумағында ағып өтеді? 
- Қазақстанның трансшегаралық өзендерінің тізімін 
жасаңдар. 
- Қазақстанның қай облыстарының әкімдері 
трансшегаралық суларды бірлесе пайдалану бойынша 
көршілес елдермен тығыз қатынаста жұмыс істеуі тиіс? 
- Трансшегаралық су ресурстарының үлесі бойынша 
диаграмма түрінде Қазақстанның өзен бассейндерінің 
рейтингісін жасаңдар. Ақпарат оқулық мәтінінде 
берілген. 
3-тапсырма. 
1992 жылы 17 наурызда Хельсинкиде 
(Финляндия) жасалған Трансшегаралық ағын сулар мен 
халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі 
конвенцияны оқыңдар және осы конвенцияға қатысушы 
елдердің атқаруы тиіс іс-шараларын анықтаңдар. Бұл іс-
шараларды орындамаған жағдайда қандай мәселелер 
туындауы мүмкін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет