ҚР «Білім туралы» Заңы Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ііі қРЗ

Дата03.11.2019
өлшемі62,03 Kb.
#51073
Байланысты:
білім туралы заң

ҚР «Білім туралы» Заңы

Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.

ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.

Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

ҚР «Білім туралы» Заңы

Ол республикадағы жетілдірілген  жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі  іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы  білім берудің мазмұны ашылады.

Білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар,  қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.

Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.

Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі – педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі  туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған.

Заңда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан,  осылай болуы орынды да.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңы  мынадай міндеттерді шешуге:

ҚР-ның «Білім туралы» Заңы  мынадай міндеттерді шешуге:

1)әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);

2)педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;

3)сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

4)басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:

- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;

- оқыту технологиясын жетілдіру;

- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.

Заңның жаңа тағы бір үлкен ерекшелігі – Білім беру құрылымының халықара лық білім сыныптамасы стандарттарына сәйкестендірілуі. Яғни, нақтырақ айтқанда, сөз болып отырған заңда Білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы Халықаралық білім сыныптамасы стандарттарының  (ХБСС–1997) білім беру бағдарламалары сыныптамасының өлшемдеріне сәйкестендірілді.

Бұрынғы заңда – 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң  – 7  деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізілді) тұрады.

Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, арнайыландырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.

Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен»   қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың  жаңа  тәсілдері енгізіледі.

Атап айтуды қажет ететін тағы бір жаңалық – заңнамалық  деңгейде 12 жылдық орта бі лімге көшу қаматамасыз етілді.  2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол:

-   бастауыш білім – 4 жыл, 1- 4-сыныптар аралығы;

-   негізгі орта білім – 6 жыл, 5 -10-сыныптар аралығы;

-   жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12-сыныптар аралығы.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет